Мазмұнға өту

Жаңа

Ел алдындағы есебінде жеткен жетістіктермен қатар, қордаланған мəселелерді де бүкпесіз баяндады.

Облыс әкімі Ғали Нəжімеденұлы ел алдындағы есебінде жеткен жетістіктермен қатар, қордаланған мəселелерді де бүкпесіз баяндады. Қашанғыдай қарапайым қалпын сақтап, сан алуан сұрақты сүзгіден өткізем деп əуре болмастан жасандылықсыз жауап қатты. Жайық жұртшылығын қуантқан жағымды жаңалық та аз айтылған жоқ. Аймақ басшысының барлық істе ашықтық пен жариялылықты құп көретіні, қоғам көзқарасын құрметтейтіні қуантады. Келер күндері де облыс əкімінің өңірді өркендету жолындағы бастамалары берекелі һəм баянды болғай!

#БҚОəкімініңесебі #Ақжайықөңірі #жетістік

0
0
133

Облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға жол мәселесі бойынша қала тұрғыны жолықты. Қала тұрғыны үй маңында жаяу жүргіншілерге арналған жол мен тротуардың жоқтығы мәселесін көтерді. Өтінішін жауапты органдарға жолданып, заңнамалық тұрғыда кеңестер берілді.Сонымен қатар онлайн қабылдауда жұмыссыз жалғыз басты ана көмек сұрады. Ананы негізгі мазалайтын мәселе – жұмыссыздық. Тұрғынға жұмыссыздық мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік ұйымдарға жолығып, кеңес алуға ұсыныс берілді және 4 жасар баласын мемлекеттік бала-бақшаға орналастыру үшін қалалық білім беру бөліміне өтініші жолданды. Үйге кезекке тұрып,…

0
0
169

Аудан әкімінің қоғамдық қабылдауы өтті.

Бүгін Ақжайық аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында бекітілген қабылдау кестесіне сай, аудан әкімі - Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетовтың қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері - тұрғын үй, жұмыс мәселесі бойынша болды. Барлық сұрақтар бойынша Қалияр Айтмұхамбетов заң аясында түсінік беріп, Чапаев ауылдық округінің әкімі Нұртаза Нәбиденовке және Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбек Замеровке тұрғындардың сұрақтары бойынша жұмыстануға тапсырма берілді.

0
0
202

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы

Сарыарқа орта мектебінің Кайынбаев Максат жетекшілік ететін Еріктілер ұйымы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында жалғызбасты зейнеткер Смагулова Рятимаға ауласындағы қарды күреп, көмек көрсетті.

1
0
194