Қайырымдылық мен үшін – міндет
Қайырымдылықпен мектеп кезден айналысып келемін. Университеттегі оқуды аяқтағаннан кейін «Құрмет» қайырымдылық қорының белсенді волонтері болдым. Бұл қор жалғыз басты қарттарға көмектесетін. Тұрмыстық техника әкеліп, үйлерін тазартып, қажетті дәрілер мен азық-түлік заттарын апаратынбыз. Қайырымдылық астарын ұйымдастырып, оларды концерттер мен операға шақыратынбыз.Кейіннен бұл қор жабылып қалды. Бірақ, жұбайыммен әлі күнге дейін қиын жағдайдағы адамдарға көмек көрсетіп келеміз. Сонымен қоса, адамдарда керенаулықты алдын алу мақсатында әрдайым отбасылардың жағдайына қараймыз. Киімдермен қатар, азық-түлікпен де көмектесіп тұрамыз. Қаржылай тек адамдардың еміне немесе кітаптар мен басқа да заттарды сатып алу үшін медреселерге көмектесеміз.Есімде, бір кездері көп балалы отбасылар балаларына шы…
