Мерекелерімен құттықтады
Мерекелерімен құттықтадыБүгін «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев өңірдегі бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.- Журналистика өте күрделі және маңызды сала. Сіздер халық пен биліктің арасында алтын көпір орнататын кәсіби мамансыздар. Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, қағидаттылығы, жеделдігі мен бейтараптылығы, адамдарға көмекке келуге дайын болуы дәл осындай тамаша қасиеттер біздің қоғамымызды одан әрі дамытуда. Кәсіби мереке күні сізді партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жолында қолдау көрсетіп, іске асырылуын объективті жариялап жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Өз кәсібіңізге адалдық танытып жүргенңізге ризашылығымызды білдіре отырып, ақпарат майданында маңызды жаңалық…
