Мазмұнға өту
Шынықсаң, шымыр боларсың
28 жазбалар3 тіркелуші

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Чехияның Прага және Острава қалаларында бастау алған хоккейден әлем чемпионатының бүгін екінші күні. Осы күні Қазақстан мен Франция құрамалары арасында матч өтіп, біздің хоккейшілер 3:1 есебімен жеңіске жетті.Қарсыластарымыз 2-минутта-ақ есеп ашып үлгерді. Шайба соққан – Энцо Кантагалло. Бірақ содан кейінгі 1 минутта біздікілер де есеп теңестірді. Бұл үшін Роман Старченкоға рахмет айту керек.8-минутта Максим Мұхаметов гол соғып, алға шықтық. Одан кейін командаларға сәл үзіліс берілді.Екінші кезеңде қазақстандық хоккейші Кирилл Савицкий үшінші шайбаны салды.Ал үшінші кезеңде 3:1 есебі сол күйі өзгермеді. Осылайша, Қазақстан хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.Ертең (сағат 15:20) Қазақстан Словакиямен ойнайды. Біздің хоккейшілердің одан кейінгі ойын кесте…

0
0
495

2 жылдан аса уақыт бұрын жарақат алған Зарина содан бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті.
undefined
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.
Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

t.me/RRaketkasi

0
0
441

Арғы күні хоккейден Әлем чемпионаты басталады

Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек.  Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде  Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2 есебімен жеңіске жетті. Гол соққандар – Никита Михайлис, Аркадий Шестаков және Роман Старченко.  Енді Қазақстан командасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сайысқа түседі.Ұлттық құрама тізімі мынадай:Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехо…

0
0
470

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жекке кіммен және қашан шығатыны айтылды  

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жекке қайда, қашан және кіммен шығатыны айтылуда.

undefined

Фото: smi24.kz

Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында биыл 13 шілдеде Top Rank бокс кешінде сайысқа түседі.

Boxingscene.com бұл жекпе-жекте Әлімханның қарсыласы доминикандық Карлос Адамес болуы мүмкін деп отыр. Өйткені бұл екеуі соңғы күндері әлеуметтік желіде сөзсайысқа түсіп жатыр.

0
0
278

Бүгін Ташкентте көркем гимнастикадан Азия біріншілігі басталады

Құрлық додасында Қазақстаннан жалпы есебі 8 спортшы бақ сынайды.
undefined
Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан сынға түседі.
Айта кетелік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық квота ойнатылады.
Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.

https://t.me/olympickz

0
0
364

Елена Юлияны жеңді

Бүгін Мадридтегі (Испания) WTA1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші қыздар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-бірімен ойнады.
undefined

Фото: © Clive Brunskill / Staf / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Бұл қазақстандық дерби 4:6, 6:7 (4), 7:5 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Үшінші шешуші сетте Юлия 5:2 есебімен алда болып еншісінде екі матчбол болған.

Осылайша, Елена Рыбакина аталған турнирдің жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, кеше Рыбакина мен Путинцева матчында кім жеңетініне қатысты сарапшылар болжамы туралы жазғанбыз.

0
0
475

Рыбакина мен Путинцева матчы: кім жеңеді?

Ертең Мадридтегі (Испания) WTA-1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық екі теннисші бір-бірімен ойнайтыны белгілі. Олар – әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина мен 50-ракеткасы Юлия Путинцева.Sportskeeda.com сайты олардың арасындағы матчтың нәтижесі қалай болуы мүмкін екеніне қатысты болжам жасады.«Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-бірімен жекпе-жекке керемет қарқынмен келейін деп тұр. Мадридте Рыбакина тамаша ойын көрсетумен болды. Ол әлі бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Лена теннис добын әдемі соға білді. Ойын барысын артқы линиядан сәтті бақылай алды. Ол доп қабылдауды да жақсы игеріп, өз бетінше брейктер жасады.  Путинцева да жоғары деңгейде еді. Ол төртінші раундта турнирдің алғашқы сетінде жеңіліп қалды. Ал үш сетте қайсарлық танытып, басымдықпен жеңіске жетті.Бұл енді екі м…

0
0
452

Рыбакина Мадридтегі теннис турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі (Испания) WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

undefined

Екінші кезеңде отандасымыз италиялық Лючия Бронцеттиді (46) екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Рыбакина үшінші айналымда Марта Костюк (Украина) пен Маяр Шериф (Мысыр) жұбының жеңімпазымен сынға түседі.

0
0
480

Тұлымды қыз Елена Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

undefined

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші және жалпы мансап жолындағы сегізінші турнирде жеңіске жетті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 АҚШ доллары. Сонымен қатар жеңімпазға Porsche автокөлігі тарту етілді.

Біз бұрынырақ мамандардың Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыста қазақстандық теннисші жеңеді деп болжап отырғанын жазғанбыз.

0
0
443