Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Зеренді ауданына қарасты Викторовка ауылының тұрғыны із түссіз жоғалған ұлын іздестіруге жәрдем

Зеренді ауданына қарасты Викторовка ауылының тұрғыны із түссіз жоғалған ұлын іздестіруге жәрдем беру туралы өтініш білдірді. Өтініш иесінің айтуынша құқық қорғау органдары бұл істі бақылауға алмай, істі созбаққа салып қойған. «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы, облыстық прокуратура мен облыстық Полиция департаменті бірлесіп өтініш иесінің мәселесі бақылауға алынды.Прокуратура жоғалған азаматқа қатысты іздестіру ісін зерделей келе, өтініш берушінің дәлелдерін ескере отырып, жекелеген жедел-іздестіру іс-шараларын қайта бастау қажеттігін анықтады. Осыған байланысты іздестіру ісі шеңберінде Зеренді полиция бөліміне қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы нұсқау берілді. Қазіргі уақытта іздестіру ісі шеңберінде із түссіз жоғалған азаматтың орналасқан жерін анықтау бойынша қаж…

0
0
199

Науырзым аудандық "Nur Otan" фракциясының отырысы

2021 жылдың 15 ақпан күні Науырзым аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының мәжіліс залында филиал төрағасы, аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы Карбозовтың қатысуымен Науырзым аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына Науырзым аудандық мәслихат хатшысы Г.Е. Әбенова, Науырзым ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Исмаилов және Науырзым ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.А. Абдикенов қатысты. Фракция отырысының күн тәртібінде қаралған мәселе: Науырзым ауданында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың «Жол картасын» талқылау және қабылдау.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Науырзым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сұлтанов Болат Жағыпарұлы хабарлама жасады. Отырыс барысында Науырзым ауд…

0
0
216

Жылумен жабдықтау және басқа да тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша азаматтар қоғамдық

Жылумен жабдықтау және басқа да тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша азаматтар қоғамдық қабылдаудың жедел желісіне көптеп жүгінеді. Мәселен, Көкшетау қаласы, 8 Наурыз көшесі, 82-үйде тұратын зейнеткер Светлана Васильевна Лукина қоғамдық қабылдауға жедел желі бойынша өтініш білдірді. Өтініш иесінің айтуынша, пәтерде жылу жоқ, ПИК-тің қызметкерлері телефон қоңыраулары мен өтініштеріне жауап бермейді. Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, бұл мәселе оң шешімін тапты. Сол күні аталған үйге қызмет көрсететін ПИК-тер пәтердегі ақауларды жойып, пәтердегі жылу қалпына келді.Сонымдай ақ, қоғамдық қабылдаудың жедел желісіне хабарласқан Зеренді ауданының Доломитово кентінің тұрғыны к…

0
0
198

Партияның қоғамдық қабылдауы арқылы Қарлығаш Жәкенова Ақмола облыстық Әділет департаментінің

Партияның қоғамдық қабылдауы арқылы Қарлығаш Жәкенова Ақмола облыстық Әділет департаментінің басшысына жүгінді. Өтініш иесінен бұрынғы келіні ұлынан алимент өндіруді талап етіп отырғандығы белгілі болды. Алайда өтініш иесінің айтуынша кәмелетке толмаған үш баланың барлығы әкесімен және әжесімен бірге тұрады.

Әділет департаментінің басшысы мәселенінің мән жайымен танысу үшін Зеренді ауданының Викторовка ауылына барып, отбасының мәселесін шешті. «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы мен облыстық Әділет департаменті бұл сұрақты жіті бақылауына алды.

0
0
185

Ақмола облысы бойынша «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтард

Ақмола облысы бойынша «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдаудың біріңғай күні өтті. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы асяында өткен қоғамдық қабылдауға ZOOM форматында облыстың әр түпірінен денсаулығында ақауы бар азаматтар өтініш білдірді. Өтініш иелерінің сұрақтарына облыстық басқарамалардың өкілдері жауап беріп, заң нормалары шеңберінде түсініктеме берді.Бұл күні партияның қоғамдық қабылдауына хабарласқан азаматтардың дені дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету, санаторлы-курорттық ем алу, медициналық порталдың жұмысына байланысты шағымдарын жеткізсе, атаулы әлеуметтік көмек алу, жәрдемақы тағайындау, мүгедектік санатын алу мәселелерін айтты.Әр өтініш жауапсыз қалмады. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының Ақмола о…

0
0
203

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Көкшетау қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданындағы №15/6 үйдің 16 және 17 пәтерлері тұрғындарынан тұрғын үйді пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді жоюға көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Бұл мәселе партияның қоғамдық қаыблдауының араласуымен Көкшетау қаласы әкімінің аппаратымен бірлесіп шешілді. Мердігер мекеме "Эксперт Арсенал" ЖШС аталған кемшіліктерді жойды. Сондай ақ, 17 пәтер тұрғыны А. Ж.Жакенова шатырда ақау бар екендігін айтып, пәтерлерде ылғал пайда болғандығын жеткізді. Бұл жауапты мердігерлік ұйым "Эксперт Арсенал" ЖШС шатыр жұмыстарында жөндеп берді. Анықталған ақаулар жойылып, бүгінгі күні тұрғын үй қалпына келтірілді.

0
0
142

Қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жалғасуда !

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы қабылдау өткізіп, келіп түскен сұрақтарға заң нормалары шеңберінде жауап берді.

Көкшетау қаласындағы Жоғарғы техникалық колледжінің студенті Арлан Қақабаев студенттерге арналған жатақхананың құрылысы жөнінде мәселе көтерді. Бүгінгі күні колледж жанындағы студенттер жатақханасының құрылысы басталып кеткен. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында құрылысы басталған жатақхана 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Халық қалаулысына келіп түскен сұрақтардың ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мәселесі бойынша, тұрғын үй, уақытша баспана алу мәселелері де болды.

0
0
163

Көкшетау қаласында кембағал жандар қоғамдық көлікте тегін жүру үшін партияға өтініш білдірді.

Есту қабілеті және көру қабілетінен айрылған мүгедектерді біріктіретін қоғамдастық жетекшілері бірнеше жылдан бері Көкшетау қалалық әкімдігінің есігін тоздырып, қалалық мәслихат пен қала әкімінің қаулысына енген 15 категорияға өзгерту енгізуді сұрауда.📷Бүгінгі күні Көкшетау қаласы әкімінің 2019 жылғы қаулысына сәйкес қоғамдық көлікте белгіленген 15 категория бойынша ғана азаматтар тегін жүруге құқылы. Алайда бұл категориялардың ішіне есту қабілеті және көзі нашар көретін 2 топ мүгедектігі бар азаматтар енбеген. Тек жәрдемақымен ғана жан бағып отырған жандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру көп көмек болар еді дейді мүгедектердің шағымын жеткізген қоғамдастық жетекшілері.📷Партия филиалына жиналған Ақмола облыстық қазақ соқырлар қоғамының өкілдері көру қабілетінен айрылған 2 топтағы мүгед…

0
0
265

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы

Бүгін Аягөз аудандық әкішілігінің кіші залында «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе "Аягөз ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын бекіту туралы" болды. Саяси кеңес Бюросының отырысын ашып жүргізген партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі С.Ысқақовпартияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы жобасында тұрғындарды алаңдатқан мәселелер қамтылғанын атап өтті.«Nur Otan» партиясының Аягөз ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты облыстың сайлауалды бағдарламасында өңірд…

1
0
344

"Халыққа көмек" жоба аясында

Бүгінде «Nur Otan» партиясының Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясы атынан сайланған Наурызым аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге кірісіп кеткеніне де 1 айға жақын уақыт өтті. Депутаттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі «Nur Otan» партиясы Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау және олардың мәселелерін шешу болып табылады.«Халыққа көмек» жобасы аясында және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды компьютерлік техникамен толық қамту мақсатында Науырзым аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының төрағасы Роллан Қанатұлы Нұрбаев Қарамеңді ауылының тұрғыны, көп балалы ана Айнұр Батиханқызына компьютерлік техника түрлерінің бі…

0
0
211