ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жалғасуда !

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы қабылдау өткізіп, келіп түскен сұрақтарға заң нормалары шеңберінде жауап берді.

Көкшетау қаласындағы Жоғарғы техникалық колледжінің студенті Арлан Қақабаев студенттерге арналған жатақхананың құрылысы жөнінде мәселе көтерді. Бүгінгі күні колледж жанындағы студенттер жатақханасының құрылысы басталып кеткен. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында құрылысы басталған жатақхана 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Халық қалаулысына келіп түскен сұрақтардың ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мәселесі бойынша, тұрғын үй, уақытша баспана алу мәселелері де болды.