ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдау

"Nur Otan" партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Көкшетау қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданындағы №15/6 үйдің 16 және 17 пәтерлері тұрғындарынан тұрғын үйді пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді жоюға көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Бұл мәселе партияның қоғамдық қаыблдауының араласуымен Көкшетау қаласы әкімінің аппаратымен бірлесіп шешілді. Мердігер мекеме "Эксперт Арсенал" ЖШС аталған кемшіліктерді жойды. Сондай ақ, 17 пәтер тұрғыны А. Ж.Жакенова шатырда ақау бар екендігін айтып, пәтерлерде ылғал пайда болғандығын жеткізді. Бұл жауапты мердігерлік ұйым "Эксперт Арсенал" ЖШС шатыр жұмыстарында жөндеп берді. Анықталған ақаулар жойылып, бүгінгі күні тұрғын үй қалпына келтірілді.