Жылумен жабдықтау және басқа да тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша азаматтар қоғамдық
Жылумен жабдықтау және басқа да тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша азаматтар қоғамдық қабылдаудың жедел желісіне көптеп жүгінеді. Мәселен, Көкшетау қаласы, 8 Наурыз көшесі, 82-үйде тұратын зейнеткер Светлана Васильевна Лукина қоғамдық қабылдауға жедел желі бойынша өтініш білдірді. Өтініш иесінің айтуынша, пәтерде жылу жоқ, ПИК-тің қызметкерлері телефон қоңыраулары мен өтініштеріне жауап бермейді. Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, бұл мәселе оң шешімін тапты. Сол күні аталған үйге қызмет көрсететін ПИК-тер пәтердегі ақауларды жойып, пәтердегі жылу қалпына келді.
Сонымдай ақ, қоғамдық қабылдаудың жедел желісіне хабарласқан Зеренді ауданының Доломитово кентінің тұрғыны кәрізге қатысты қалыптасқан жағдайға шағыммен қоңырау шалды. Қатты аязға байланысты кәріз жүйесі қатып, тұрғындарға ыңғайсыздық тудыруда. Қоғамдық қабылдау жедел түрде осы проблеманы жою бойынша шаралар қабылдап, мәселенің оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта ақаулар жойылды.