Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы

Бүгін Аягөз аудандық әкішілігінің кіші залында «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе "Аягөз ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын бекіту туралы" болды.

Саяси кеңес Бюросының отырысын ашып жүргізген партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі С.Ысқақовпартияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы жобасында тұрғындарды алаңдатқан мәселелер қамтылғанын атап өтті.

«Nur Otan» партиясының Аягөз ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты облыстың сайлауалды бағдарламасында өңірді дамытудың 7 басым бағыты қарастырылды. Олар: экономикалық тұрақты аймақ, жайлы аймақ, әлеуметтік бағытталған аймақ, жастарға арналған аймақ, мәдениеті мен тарихы бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ. Жалпы алдағы перспективада өңір экономикасын дамытуда негізгі екпін өңдеу өнеркәсібі, көлік пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешен мен туризмге, тау-кен өнеркәсібіне берілетін болады.

1
0
339

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы - Yvision.kz