ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Халыққа көмек" жоба аясында

Бүгінде «Nur Otan» партиясының Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясы атынан сайланған Наурызым аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге кірісіп кеткеніне де 1 айға жақын уақыт өтті. Депутаттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі «Nur Otan» партиясы Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау және олардың мәселелерін шешу болып табылады.

«Халыққа көмек» жобасы аясында және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды компьютерлік техникамен толық қамту мақсатында Науырзым аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының төрағасы Роллан Қанатұлы Нұрбаев Қарамеңді ауылының тұрғыны, көп балалы ана Айнұр Батиханқызына компьютерлік техника түрлерінің бірі-нэтбукты балаларының қашықтықтан онлайн оқыту процесінде пайдалануы үшін табыстады.

Сегодня прошло уже около 1 месяца, как депутаты Наурзумского районного маслихата VII созыва от партии «Nur Otan» приступили к своей работе. Одним из основных направлений деятельности депутатов является прием граждан и решение их вопросов в общественной приемной Наурзумского районного филиала партии «Nur Otan».

В рамках проекта «Халыққа көмек» и в целях полного охвата детей из социально-уязвимых слоев населения компьютерной техникой депутат Наурзумского районного маслихата, председатель фракции партии «Nur Otan» Нурбаев Роллан Канатович вручил жительнице села Караменды, многодетной матери Айнур Батиханкызы, один из видов компьютерной техники нэтбук для использования ее детьми в процессе дистанционного онлайн-обучения.