ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Науырзым аудандық "Nur Otan" фракциясының отырысы

2021 жылдың 15 ақпан күні Науырзым аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының мәжіліс залында филиал төрағасы, аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы Карбозовтың қатысуымен Науырзым аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына Науырзым аудандық мәслихат хатшысы Г.Е. Әбенова, Науырзым ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Исмаилов және Науырзым ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.А. Абдикенов қатысты. Фракция отырысының күн тәртібінде қаралған мәселе: Науырзым ауданында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың «Жол картасын» талқылау және қабылдау.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Науырзым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сұлтанов Болат Жағыпарұлы хабарлама жасады. Отырыс барысында Науырзым ауданын дамыту жұмыстары бойынша жасалған «Жол картасы» талқыланып, филиалдың Саяси кеңесте бекітілуі жөнінде ұсынылды. Филиал төрағасы Т.Т. Карбозов депутаттық фракция мүшелеріне «Жол картасын» орындау жөнінде бірқатар тапсырмалар мен міндеттемелер жүктеді.

Фракция отырысы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра өткізілді.