ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көкшетау қаласында кембағал жандар қоғамдық көлікте тегін жүру үшін партияға өтініш білдірді.

Есту қабілеті және көру қабілетінен айрылған мүгедектерді біріктіретін қоғамдастық жетекшілері бірнеше жылдан бері Көкшетау қалалық әкімдігінің есігін тоздырып, қалалық мәслихат пен қала әкімінің қаулысына енген 15 категорияға өзгерту енгізуді сұрауда.📷Бүгінгі күні Көкшетау қаласы әкімінің 2019 жылғы қаулысына сәйкес қоғамдық көлікте белгіленген 15 категория бойынша ғана азаматтар тегін жүруге құқылы. Алайда бұл категориялардың ішіне есту қабілеті және көзі нашар көретін 2 топ мүгедектігі бар азаматтар енбеген. Тек жәрдемақымен ғана жан бағып отырған жандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру көп көмек болар еді дейді мүгедектердің шағымын жеткізген қоғамдастық жетекшілері.📷Партия филиалына жиналған Ақмола облыстық қазақ соқырлар қоғамының өкілдері көру қабілетінен айрылған 2 топтағы мүгедектер қала ішінде қоғамдық көліктерде ақысыз жүру туралы өтініштерін қарастыруды сұраса, ал облыстық саңыраулар қауымдастығы есту қабілетінен айрылған мүгедектігі бар барлық азаматтарды қоғамдық автобуста тегін жүргізуді сұрады. Көмек сұрап отырған кембағал жандардың саны 200 ден асады.📷«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов мәселенің мән жайын тыңдап, автобус паркінің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы орган өкілдеріне алдағы бір апта ішінде 200-ден астам көру және есту қабілетінен айрылған мүгедек жандардың қала автобустарында тегін жүруін заң нормаларына қайшы келмейтіндей етіп шешіп, мүгедек азаматарға көмек көрсетуді тапсырды.