Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Бастауыш-партия негізі" айлығы аясында "Борсы" БПҰ ұйымдастырған "Чемпионмен жаттығу"

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Батыс Қазақстан облысы бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өткізіліп жатқан "Бастауыш-партия негізі" айлығы аясында "Борсы" БПҰ ұйымдастырған "Чемпионмен жаттығу" атты көпшілік жаттығу шарасы өткізілді. Шараға партия мүшелері мен ауыл жастары белсенді қатынасты. Шараның басты мақсаты – қалың жұртшылық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортпен айналасуға баулу.

#бастауышпартиянегізі2021 #первичкаосновапартии2021 #чемпионменжаттығу

"Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін "Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында Борсы ауылындағы "Борсы" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Жақсылық Жасаудан Жалықпа" атты шарасы ауылдың мәдениет үйінде «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарадан түскен қаражат науқас Асқар Фатиманың арнайы есепшотына аударылады.

#жақсылықжасауданжалықпа

#бастауышпартиянегізі2021

#первичкаосновапартии2021

@sma_fatima_uralsk

0
0
444

Сапалы жол - сапалы өмір кепілі: Қазақстандағы жол мәселесі.

Талай жылдан бері әлек болып, айтылып та, жазылып та келе жатқан тақырып жол апаты бүгінде өршіп тұр. Жыл сайын қыруар қаражат жол жөндеуіне бөлініп тұрған мен бірақ,нәтижеге келгенде салынған жолдардың сапасына халықтың көңілі толмайды. Алысты жақындатып, адамды діттеген жеріне тез жеткізетін тегіс түзу жолдардың болғанын қаламайтын жан жоқ шығар. Алайда барлығы біз ойлағандай соншалық күрделі ме?!Жол сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етіп қоймай, елдің әлеуметтік-саяси жай-күйінде де маңызды рөл атқарады. Көлік жолдары кеңейген сайын мемлекеттің өркендеуінің, халықтың әл-ауқатының жаңа көкжиектері, зор мүмкіндіктері ашыла түспек. Былай қарағанда барлығы айдан анық болып көрінеді. «Ал іске асыруға келгенде неге тұралап қаламыз?» деген заңды сауал туындай…

0
0
303

«Тәуелсіздік тағылымы»

«Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздікке қол жеткізу тарихына талдау жасап, біздің Егемендік жылдарындағы жетістіктерімізге тоқталды.

Әрине, Тәуелсіздік оңай жолмен келмегені мәлім. Дегенмен, мемлекетіміз құрылған күннен бастап отыз жылға жуық елімізге жетекшілік жасаған Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырып, дамуына бағытталған сарабдал саясаты қазақстандықтардың қолдауы және қажырлы еңбегі арқасында табысты іске асырылып, соның нәтижесінде экономикалық жетістіктер негізінде ел азаматтарының әл-ауқаты арта түсті. Басты жетістігіміз – халық бірлігі мен ел тыныштығы, тұтастық пен тұрақтылық.

0
0
129

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын талқылау

Елдіктің жеті тұғыры» - ел ертеңінің бағдары! Елбасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын талқылау бойынша , Жетісу аудандық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшелері мен қалалық Мәслихат депутаты Ә.Құрманбек пен А.Базбащаева «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық бастауыш партия ұйымы «Жетісу-Өркен №101» мектеп-гимназиясының ұжымымен онлайн жиын өткізді. Жиын барысында А.Базбащаева «Елдіктің жеті тұғырында» айтылған, «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» этникалық әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы екендігіне тоқтала отырып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, татулық пен сыйластықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетінің маң…

1
0
167

Медицина қызметкерлері арасындағы «SENIMCUP – 2021» турнирі өз мәресіне жетті.

Нәтижесінде үшінші орын үшін өткен жарыста облыстық жедел жәрдем станциясы мен Бейнеу орталық аудандық ауруханасы командалары кездесіп, жедел жәрдем стансасының командасы жүлдеге ілінді.Ақтық финалда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы және Жаңаөзен қаласының медициналық мекемелерінен құралған дәрігерлер командасы кездесті. Тартысты өткен кездесудің негізгі уақыты тең аяқталғанына қарамастан, пенальти сериясында облыстық аурухананың командасы суырылып алға шықты.Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар барлық қатысушы командалар кубоктар, мүсіншелер, дипломдар және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ұйымдастыру комитеті турнирдің үздік ойыншылардың есімдерін де атады. Сонымен, турнирдің "үздік ойыншысы" болып облыстық көпбейінді ауруханасы командасының ойыншысы Қобл…

0
0
159

Медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан турнирдің бірінші күні өтті.

«Маңғыстау арена» спорт кешенінде «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына орай дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыстың медицина қызметкерлері арасында ұйымдастырылған шағын футбол турнирінің бірінші күні өтті.Іс – шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Асылбек Дюсенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғ.Алтураев және «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзакулов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Шағын футбол турнирінде облыстың медицина ұйымдарынан құралған 18 футбол құрамасы ж…

0
0
223

Ақын – елдің ардағы

Биыл жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, белгілі ақын Ақылбек Қожаұлы Шаяхметовтың 70 жылдық мерейтойы.Аталған айтулы күнге орай, кітапханада «Ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеш өтті. Кештің құрметті қонағы мерейтой иесі Ақылбек Шаяхмет болды. Іс-шараға Қостанай қаласының №10 орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында «Нұр әуен» студиясының қатысушылары күй орындады, Байгенжин Ержан «Құсни Қорлан» әнін нақышына келтіріп орындады. Сондай-ақ, оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ақ…

1
0
167

Шеберлік сыныптары: Фото жақтау

Фото жақтау - бұл бөлменің декорының бастапқы элементі. Ерекше немесе жарқын фото жиектемелер бөлме интерьерінің тұтас бейнесін құру кезінде қызықты акценттер бола алады. Сондай-ақ, фото-рамкасы сонымен қатар есте қаларлық және маңызды отбасылық фотосуреттермен қосымша қорғаныс беретін аксессуар.

0
0
203

Әкімдік құрылысшылардың жалақысын қайтаруға көмектесті

Бұған дейін Алматыдағы шаңғы трамплинін салдым деген құрылысшы Әбдіразақ Байболатов «әкімдік жұмысшылардың жалақысын 11 жылдан бері бермей келеді деп мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, жалақыға деп бөлінген қаражатты шенділер мен құрылыс компаниясының басшылары өзара бөлісіп алған-мыс. Алайда, трамплин кешенін салған мердігер компанияның басшысы Ерлан Сариев бұл мәліметтің жала екенін айтып, видеоүндеу жариялады.Сариевтің пікірінше, құрылыс жұмыстарын негізгі мердігермен бірге қосалқы компаниялар да жүргізген. Әбдіразақ Байболатов сол қосалқы компаниялардың бірінде жұмыс істеген екен. Ал, оның жалақыны әкімдік бермей отыр деген сөзі – барып тұрған жала дейді компания басшысы.«Әкімдік ақша қарыз деп айту үшін алдымен сенің келісімшартың болуы керек. Ол келісімшарт қазынашылық мекемесінде ті…

0
0
215