Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әкімдік құрылысшылардың жалақысын қайтаруға көмектесті

Бұған дейін Алматыдағы шаңғы трамплинін салдым деген құрылысшы Әбдіразақ Байболатов «әкімдік жұмысшылардың жалақысын 11 жылдан бері бермей келеді деп мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, жалақыға деп бөлінген қаражатты шенділер мен құрылыс компаниясының басшылары өзара бөлісіп алған-мыс. Алайда, трамплин кешенін салған мердігер компанияның басшысы Ерлан Сариев бұл мәліметтің жала екенін айтып, видеоүндеу жариялады.

Сариевтің пікірінше, құрылыс жұмыстарын негізгі мердігермен бірге қосалқы компаниялар да жүргізген. Әбдіразақ Байболатов сол қосалқы компаниялардың бірінде жұмыс істеген екен. Ал, оның жалақыны әкімдік бермей отыр деген сөзі – барып тұрған жала дейді компания басшысы.

«Әкімдік ақша қарыз деп айту үшін алдымен сенің келісімшартың болуы керек. Ол келісімшарт қазынашылық мекемесінде тіркеуде тұру керек. Әкімдікпен жұмыс істегеннен кейін ақшаның бәрі қазынашылық мекемесіарқылы өткізіледі. Әкімдік тікелей ақшаны компанияға аудара алмайды. Сосын, істеген жұмысыңа форма жабасың, есеп бересің, мұны бүкіл жұмысшылар білуі керек. №2 форма деген бар, сонымен есеп тапсырасың. Сосын, салыстыру актісі деген бар. Сол қағаздар арқылы сотқа беріп, жеңуі керек. Мен оларға қағаздарыңды дайындаңдар, сотқа береміз дегенде, бірде-бір қағаз шығарып бере алмады. Барының өзі жалған құжаттар. Мен өзім көмектесіп, жұмысшылардың алдындағы қарызды түгел жауып бердім», - дейді «Дан Строй» АҚ басшысы Ерлан Саиров.

Оның сөзінше, әкімдік жалақысын ала алмай жүрген жұмысшыларға жалақы беруге көмектескен екен.

«Әбдіразақ Байболатов сұхбатында Бауыржан Байбек және Сұлтанбек Мәкежанов бөлінген ақшаның бәрін қалтасына басты деп жала жауып отыр. Бұл өтірік, бұл азаматтар менің туысым емес, жақыным емес, бірақ бұлар ешкімнің ақысын қалтасына басқан жоқ, керісінше жалақысын ала алмай жүрген жұмысшыларға көмектесті», - дейді ол.

Айта кетейік, «Сұңқар» трамплині 2011 жылы қысқы Азия ойындары қарсаңында Алматыда салынған болатын. Кешен екі бөліктен тұрады: біріншісі – халықаралық жарыстар үшін, екіншісі – оқу-жаттығу жиындары үшін. Нысанның құрылыс жұмысы 2008 жылы басталып, 2010 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген.

2013 жылдың 9 мамырында кешеннің екіншігі кезегі пайдалануға берілді. Онда жаттығу жасауға арналған екі трамплин мен бір спорттық трамплин бар. кешеннің жалпы аумағы 15 137 шаршы метр.

Халықаралық шаңғы трамплині кешенінің құрылысына барлығы 38,2 млрд теңге жұмсалған. Онда қысқы спорттың үш түрімен: шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы және шаңғы жарысымен айналысуға болады.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Әкімдік құрылысшылардың жалақысын қайтаруға көмектесті - Yvision.kz