Сапалы жол - сапалы өмір кепілі: Қазақстандағы жол мәселесі.
Талай жылдан бері әлек болып, айтылып та, жазылып та келе жатқан тақырып жол апаты бүгінде өршіп тұр. Жыл сайын қыруар қаражат жол жөндеуіне бөлініп тұрған мен бірақ,нәтижеге келгенде салынған жолдардың сапасына халықтың көңілі толмайды. Алысты жақындатып, адамды діттеген жеріне тез жеткізетін тегіс түзу жолдардың болғанын қаламайтын жан жоқ шығар. Алайда барлығы біз ойлағандай соншалық күрделі ме?!
Жол сапасы халықтың тұрмыс деңгейіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етіп қоймай, елдің әлеуметтік-саяси жай-күйінде де маңызды рөл атқарады. Көлік жолдары кеңейген сайын мемлекеттің өркендеуінің, халықтың әл-ауқатының жаңа көкжиектері, зор мүмкіндіктері ашыла түспек. Былай қарағанда барлығы айдан анық болып көрінеді. «Ал іске асыруға келгенде неге тұралап қаламыз?» деген заңды сауал туындайды.
Жақында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитінде еліміздің жағдайын нақтылап, толық санақ есеп бойынша көрсеткен болатын. “Жаһандык індет мұндай қызметтi қашықтан жүргізуге болатынын көрсетті.Қазақстанда ақылды қала жүйесi енгiзiлiп , бірқатар жоба табысты жүзеге асырылуда . Соның арқасында жол - көлік оқиғалары мен апат салдарынан болатын өлім-жітім 60 пайызға азайды”- деген еді бір сөзіңде елбасы.
Әрине елде карантин орнап, дәрігерлер аурудың алдын алғанша қара халық өз баспаналарында отбасыларының қасында болды. Көшелер тым тырыс болып, көліктер қақтығысы азайуы заңдылық еді. Алайда елбасы айтып өткен көрсеткіш саны қазіргі жағдайларға қарап үлкен күмән тудырады. Мамандардың айтуынша, автожолдардың даму қарқыны елдің экономикалық өсу серпініне сәйкес болуға тиіс. Бұл заңдылық әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Ал біздің қазіргі жағдайымызға көз жүгіртіп қарасақ: 2020 жылғы автомобиль жолдарының сапасы бойынша рейтингте Қазақстан 141 елдің ішінде 93-ші орынға орналасыпты.Ал еліміздің жолдары мен көшелері туралы ақпараты беретін “qamqor.gov.kz” сайты бойынша 2021 жылдың бір қаңтар айының өзіңде 10912 адам жол апатына ұшыраған.
Жағдайдың басты себептерінің бірі елімізде әлі күнге дейін жарық пен тегіс жері жоқ аудандардың болуы.Апат кесірінен көбіне 19-29 жас аралығындағы жастар қаза табады. Бұған қоса, жол апаты кесірінен мүгедек халге де ұшырап жатқандар да көп. Денсаулық сақтау жүйесіне кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі де – осы.
Біздің еліміз жыл сайын жол апаттары салдарынан 9 миллиард долларға шығынданады. Аймақаралық инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестицияларды пайдаланушы мемлекет екендігімізді ескерсек, бұл ойлантарлық мәселе.Онымен қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жол қауіпсіздігі бойынша 52 мемлекетте жүргізген зерттеуіне сүйенсек, Қазақстан жол апатынан қаза табу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Жол сапасының төмендігі – елдегі адам өлімінің ең басты себептерінің біріне айналып отыр.Мамандардың есептеуі бойынша, Қазақстан тас жолдарының 17 пайызы халықаралық стандарттарға сай емес. Тас жолдардың тек 3 пайызы ғана жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Соңғы он жылда Қазақстанда тіркелген көліктердің саны екі есеге көбейгенін назарға алатын болсақ, бұған да бас ауыртуымыз керек. Сондай-ақ, халқының 40-45 пайызы ауылдық жерде тұратын Қазақстан үшін мектепке, ауруханаға және жұмысқа баратын жолдың қауіпсіздігі аса маңызды рөл атқарады.Инфрақұрылымды дұрыс жобалап қана қоймай, жүргізушінің жолдағы тәртібін жақсартып, қоғамдағы көлік жүргізу мәдениетін өзгерткенде ғана жолдар қауіпсіз бола түседі. Қазақстанның ішкі істер министрлігі жол полициясы комитетінің дерегіне сүйенсек, «жол апатының 90 пайызына көлік жүргізушілер кінәлі» деген пікірде.
Ал комитеттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Бейсенқұлов Қазақстандада тіркелген жол-көлік оқиғасының басты себебі жас буынның жол ережесін сақтамауында деген ойда.
“Бұрындары жол жүру ережесін арнайы курстарда үйрететін. Өзім де сонда бір жыл оқыдым. Қазір ол жоқ. Жүргізуші куәлігін көпшілігі сатып алып жатыр. Бұған қатысты қаншама қылмыстар ашылды”-деп пікір білдірді.
Сарапшылар тас жолдардағы апат ықтималдығы мен жолдың бір километрінде көліктердің қақтығысу ықтималдығын анықтап, негізгі себеп ретінде – басып озу кезіндегі қателіктер мен жылдамдықты шамадан тыс арттыру дерегін алға тартады. Алайда жол апатының себеп-салдарын зерттеуші мамандар көбіне жүргізушінің қателіктеріне көп мән береді де, жол сапасының төмендігі сияқты факторларды елемей жатады. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, бұл жердегі мәселе де екі түрлі ойлануды талап етеді.
Қорыта келе әрине, жол апаттарының алдын алуға болады. Ол үшін ең алдымен жолдардың сапасын жақсарту керек. Өйткені, жол сапасының апат статистикасына тікелей әсер ететіндігі дәлелденген. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың жалғыз шешімі – жол құрылысы секілді өте маңызды әрі қымбат жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру үлесін 80%-ға дейін жеткізу керек. Дамыған мемлекеттер 1960 жылдардан бері жолдардың сапасын көтеру арқылы апат санын айтарлықтай азайтқан. Демек, бұдан шығатын қорытынды – жол сапасын жақсарту арқылы елдегі өлім-жітім көрсеткішін анағұрлым азайтуға болады деген сөз. Ал, демографиялық өсімнің ел экономикасына айтарлықтай әсер ететіндігін айтпасақ та болжай беріңіз.
