Медицина қызметкерлері арасындағы «SENIMCUP – 2021» турнирі өз мәресіне жетті.
Нәтижесінде үшінші орын үшін өткен жарыста облыстық жедел жәрдем станциясы мен Бейнеу орталық аудандық ауруханасы командалары кездесіп, жедел жәрдем стансасының командасы жүлдеге ілінді.

Ақтық финалда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы және Жаңаөзен қаласының медициналық мекемелерінен құралған дәрігерлер командасы кездесті. Тартысты өткен кездесудің негізгі уақыты тең аяқталғанына қарамастан, пенальти сериясында облыстық аурухананың командасы суырылып алға шықты.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар барлық қатысушы командалар кубоктар, мүсіншелер, дипломдар және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ұйымдастыру комитеті турнирдің үздік ойыншылардың есімдерін де атады. Сонымен, турнирдің "үздік ойыншысы" болып облыстық көпбейінді ауруханасы командасының ойыншысы Қобланов Сәкен Ұзақбайұлы, "үздік қақпашы" болып "103" командасының ойыншысы Аршеев Амангелді Құттымұратұлы, турнирдің "үздік бомбардирі" болып Жаңаөзен қалалық командасының ойыншысы Сәуірбаев Марат танылды.

«Белсенді ойыншы» деп танылғаны үшін бағалы жүлде Бейнеу орталық аудандық ауруханасы командасының ойыншысы Нұрлан Шахабаевқа бұйырды. Сонымен қатар, барлық командалар денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Сәкен Мырзақұлов пен облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың алғыс хаттарына ие болды.

Турнирдің барлық жүлдегерлері жалпы сомасы 525 000 теңге ақшалай сертификаттарға ие болды. «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы барлық қатысушыларға турнирге белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіреді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және келесі жарыстарда күтеді.

