Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Маңғыстау облыстық стоматология орталығының қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды

Оның айтуынша, бұрын мұндай жүйелер өнеркәсіпте ғана қолданылған. Ал бүгінде стоматология мен медицинада кеңінен қолданылып келеді. Стоматологияда CAD CAM жүйесін қолданудың артықшылықтары туралы ақпаратты кеңінен түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, жүйе күрделілік деңгейі әртүрлі тістердің көлемді 3D үлгілерін жасауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.CAD жүйесі инлейлерді, онлейлерді, тәждерді, көпірлерді оңай модельдейді. CAD CAM жүйелерінің CNC машиналары тістердің үлгі диапазонының автоматты кітапханасының арқасында автоматтандырылған модельдеуді жүзеге асырады. Бір сеанста 16 тіске дейін модельдеуге болады. Бұл жүйеге 1 адам қызмет көрсете алады. 5 есе жылдам емдеу, протездеу қамтамасыз етеді. CAM CNC жүйесінің операторының жоғары біліктілігін және үлкен тәжірибесін талап етпейді және…

1
0
263

"Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы" атты республикалық конференция өтті

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында "Атамекен" тарихи-мәдени орталығында, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен "Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы" атты республикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция Елбасының өмірі және 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы, оны дамытудағы ерен еңбегі мен сарабдал саясатына тікелей куә болатын құнды жәдігерлерден тұратын «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арқылы Тұңғыш Президенттің дара жолын, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресін, көпшілікке насихаттау және дәріптеуге бағытталған. Конференцияда отандық ғалымдар тәуелсіздік алған жылдардан бергі 30 жыл көлеміндегі мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайлы және мәдени…

0
0
188

Зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы "Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау" мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мұқановтың тапсырмасы бойынша "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалы мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында ауданымыздағы «Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар арналған арнайы мектеп интернаты» КММ зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында интернаттың асханасының және жалпы тазалығын, жатын орындарды, жамылғы жабдықтарын, сабақ оқу орындарын, жылу жүйесін тексеріп, талапқа сай, ешқандай ахаулар жоқтығын көріп қайтты.

0
0
159

Білім және ғылымды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылды.Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:1. Аудандық жол картасының 2025 жылға дейінгі аудандағы мектептердің құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.2. Аудан мектептерінің 67,5%-дейін химия, биология, жаңа ұрпақ физикасы және ақпараттық технологиялар кабинеттерімен жабдықтау. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларына көмек көрсету (мектеп оқушылары үшін: кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім,…

0
0
146

Жастарды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің үшінші отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің үшінші отырысы өтті.«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын және 2025 жылға дейінгі жастарды қолдауға бағытталған «Жастар – Отанға!» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылды.Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:1. «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігі мен сапасы туралы;2. Кәсіпкерлікке баулитын «Бастау бизнес» жобасының ауданда жүзеге асыруы туралы.Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлек…

0
0
250

"Жақсылық Жасаудан Жалықпа" атты қайырымдылық шарасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін "Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында Жәнібек ауылындағы "Батыс" бастауыш партия ұйымының мүшелері ауданның қосымша білім беру мекемелері "Жақсылық Жасаудан Жалықпа" атты қайырымдылық шарасын аудан мекемелеріне, "Саян+" супермаркетіне барып өткізді. Аталған шараға туризм мен саз мектебінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама дайындады, ал мектептен тыс жұмыстар орталығы қол өнер бұйымдарын тиімді бағамен сатты. Қайырымдылық шарадан түскен 59445 теңге қаржыны науқас бүлдіршін Асқар Фатиманың есепшотына аударды.

0
0
235

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жәнібек ауылының Қ.Мусин көшесіндегі автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Жайық Сити» ЖШС болып анықталған, техникалық қадағалаушысы «Строй Эксперт» акционерлік компаниясы белгіленген. Келісім шарт бойынша жұмыстар 2021-2022 жыл…

0
0
118

Партиялық бақылау комиссиясы

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жәнібек ауылындағы «Канат» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты. Танысу барысында мекеме басшысы Т.Амиргалиев техниканың жағдайымен, қысқа дайындығы жөнінде қысқаша баяндап берді. Мекемеде 2 трактор К-700, 1 трактор Т-150, 2 автогрейдер, 1 кешенді-жол және 1 патрульдік машиналары пайдаланылады. Қыс мезгілінде жолға шашатын инертті материал дайындап қойған. Мекеме басшысы қысқыға толықтай дайын екенін атап айтты.

0
0
143

«Бастауыш-партия негізі» айлығы негізінде

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін «Бастауыш-партия негізі» айлығы негізінде, бұқаралық спортпен айналысуды дәріптеу мақсатында ауылымыздағы М.Б.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, облыстық қол күресінің жеңімпазы Д.Б.Рахатовтың қатысуымен «Чемпионмен жаттығу» атты таңғы көпшілік жаттығу өткізілді.

0
0
141

Жақсылық жасаудан жалықпа

«Қайрымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген жақсы сөз бар. Осындай мақсатпен 16 қараша күні «Онтүстік-шығыс» бастауыш партиясының ұйымдастыруымен «Бастауыш - партия негізі» айлығының аясында Асқар Фатима мен Астафьев Никитаға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге колледж студенттері дайындап әкелген нан-тоқаш өнімдері саттыққа шығарылды. Жәрмеңкеден ақшалай 5 000 теңге қаражат жиналды. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат науқас бүлдіршіндердің арнайы есепшоттарына тең бөлініп аударылады.

0
0
175