Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын талқылау

Елдіктің жеті тұғыры» - ел ертеңінің бағдары! Елбасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын талқылау бойынша , Жетісу аудандық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшелері мен қалалық Мәслихат депутаты Ә.Құрманбек пен А.Базбащаева «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық бастауыш партия ұйымы «Жетісу-Өркен №101» мектеп-гимназиясының ұжымымен онлайн жиын өткізді. Жиын барысында А.Базбащаева «Елдіктің жеті тұғырында» айтылған, «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» этникалық әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы екендігіне тоқтала отырып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, татулық пен сыйластықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетінің маңыздылығын атап өтті. Сөз кезегінде мәслихат депутаты Ә.Құрманбек қазір елімізде жастардың өзін-өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндіктерінің мол екенін, прагматизм принциптері, бәсекеге қабілетті болудың кепілі екенін жас мамандарға түсіндірді.

1
0
167

Осы тақырып бойынша

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын талқылау - Yvision.kz