Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Таңшолпан»: «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасында кезекке тұру

«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасының көптеген жас отбасыларға қуаныш сыйлағаны даусыз. Дегенмен, баспана алған күннің өзінде оған заңды түрде иелік ету үшін, қайда барып қандай құжат өткізуіміз керек? Таңшолпан бағдарламасының әріптесі сол сұрақтарға жауап іздеп, мамандар сөзіне құлақ түрді. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегіне тұру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келді. Біріншіден, өтініш беруші өзінің қай категорияда құжат тапсыратының айтуы керек. Мысалы, мемлекеттік қызметкер және некеге тұрған тұлға ретінде. Бұл жағдайда қажет болатын құжаттар: өтініш берушінің жеке куәлігі, жолдасының жеке куәлігі, олардың неке қию куәліктері және жұмыс орындағы кадр бөлімінен анықтама қажет. Кез келген қызмет алушылар өзінің санаптарына байланысты қызмет түр…

0
0
615

Қыдырәлі Болманов, продюсер: «Кез-келген жоба немесе бизнестегі басты мақсатым – ұлтыма пайда келтірер дүние жасау»

Қазақ эстрадасының әншісі, қазақ продюсерлігінің алғашқы қарлығашы – Қыдырәлі Болманов бағдарлама қонағы болып отыр. Ең алғашқы жобасы – өзі өнер көрсеткен «АБК» триосы. Және халықаралық сахналарды бағындырған ең сәтті дүниесі – «Ұлытау» этно-рок тобы. Әнші бүгінде өмірдегі әрі өнердегі серігі Қарақатпен бірге дуэт құрып, ел алдына шығып жүр. Сонымен қатар жас дарындарды баулитын мектептері де бар.

0
0
841

Оптика әлеміндегі ғылыми ашылымдар

Бұрынғы кезде сәуленің табиғаты, қасиеті мен құбылыстарын зерттеген ғалымдар оны адамның көз жанарымен байланыстырып, неге «Оптика әлемі» деп атады?

Көздің көру қасиеттері мен оның құрылысы қандай? Бүгінде адамның 30-40 пайызы түрлі себептермен көзілдірік тағады. Неліктен адамның көзі күрт нашарлап, көру қасиеті төмендей бастайды? Алғаш оптикалық жабдықтардың пайда болуына мүмкіндік туғызған ең бірінші және маңызды құрал ретінде линзаның ерекшелігі неде? Бұл сұрақтардың жауабын «Медицинада төңкеріс жасаған ашылымдар» бағдарламасы іздеп көреді.

0
0
1075

Сұлтанахмет мешіті — Ислам сәулет өнерінің бірегей жауһары

Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешіті – тарихи құндылығымен қоса, ерекше үлгісімен әлемді өзіне қаратқан ғажайып құрылыстардың бірі. Оны «Көк мешіт» деп те атайды. 17 жыл бойы салынған әйгілі мешіттің тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері «Ғажайып туынды» бағдарламасынан тамашалаңыздар!

0
0
2358

Төлен Әбдік. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі

Қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің «Тозақ оттары жымыңдайды» повесін талқылауға әнші,сазгер Нұрлан Еспанов, «Алматы ақшамы» газетінің журналисті, әдебиет сыншысы Ардақ Нұрғали және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінен құралған «Көкжиек» әдеби клубының мүшелері қатысып отыр.

0
0
1622

«Қазақтелеком» қоғамдық орындарда өзінің Wi-Fi нүктелері арқылы Интернетке қатынауға трафик шектеулерін алады

Бүгіннен бастап iDNet және Megaline тарифтік жоспарын пайдаланушылар iDPort жеке кабинеті арқылы қоғамдық орындарда ұйымдастырылған «Қазақтелеком» АҚ барлық Wi-Fi нүктелеріне лимитсіз қатынауды алатын болады. Компания абоненті емес тұтынушыларға epay банк карталарымен электрондық төлем жүйесі арқылы жазылу және төлеу мүмкіндігі берілді. «Қазақтелеком» АҚ абоненттері үшін Интернет желісіне қатынау Wi-Fi жабатын аймақтарда кез келген сымсыз құрылғылар арқылы қолданыстағы Megaline/iDNet аккаунтын пайдалану мүмкіндігімен жүзеге асырылады. Интернет желісіне 8 Мбит/с дейінгі ең жоғары жылдамдықпен трафик шектеуінсіз «Қазақтелеком» АҚ Wi-Fi нүктелері арқылы тек туған қалаңда емес, енді Қазақстанның кез келген елді мекендерінен қатынауға болады. Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан ба…

0
0
471

Қазақтың тұңғыштары

Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасында қоғамның әр саласындағы тұңғыштар туралы әңгіме қозғады. "Әрбір салада өз тұңғыштары болады. Олардың есімдері тарихта алтын әріптермен жазылып қалады. Бұл әлемде қалыптасқан үрдіс. Ал бізде қалай? Біз өз тұңғыштарымызды білеміз бе?" Жүргізуші Бейсен Құранбек Бағдарламада тұңғыш киноға түскен қазақ актері Қойлыбай Қарсақбаев жайлы баяндалды. Ол орыстың «I Петр» фильмінде араб Абдрахманның рөлін сомдады. Мансабы жалғаса берер еді, алайда бұл жас жігіт I I дүниежүзілік соғыс басталғанда майданға шақырылып қаза тапты. Студияға қазақ актеріміздің немересі шаұырылып, естеліктер айтты. Келесі кейіпкер – қазақтың алғаш темір тұларды мінген көлік жүргізушісі – Тасболат Ақышев. Ол 1935 жылы Мәскеу қаласында көлік жүргізуді игереді. Заманауи және қазіргі жастар…

0
0
1182

Талантты күйші Тұрар Әліпбаймен жүздесу

Тұрар Әліпбайды күй өнеріне тәрбиелеген де, алғаш жол сілтеген де әкесі болған. Бүгінде ол – Астананың мәдениетінің дамуына үлес қосып келе жатқан өнер иесі. Күйші қазіргі күй өнерінің алған бағыты, жастардың оған ықыласы жайында ойымен бөліспек. Бағдарламада талантты күйші Тұрар Әліпбай өз шығармашылығы және өмірбаянымен бөліспек.

0
0
837

Жамбылды қорғаған «Қызыл жолбарыс» жайлы аңыз

Аңызға толы қазақ даласының хикметтерінің ішінде әйгілі Сүйінбай мен Жамбылды қорғаған «Тұран қызыл жолбарысы» туралы аңыз ел жадында сақталып қалған. Жыр алыбы Жамбыл топты ортаға түсіп жырлағанда, «Қызыл жолбарысы» жанына келіп жантайған сәтте, ақынның көкірек көзі ашыла түседі екен. Дәл осы аңыздың желісін белгілі суретші Тоққожа Қожағұлов мазмұнды картинаға айналдырды. Бағдарламада «Қызыл жолбарыс» аңызы мен суретшінің картинасы туралы сөз етеді.

0
0
5573

Орталық Қазақстанның көрікті мекені — Шыршыт Қырған

1756 жылы қазақтың кең даласына көз алартқан Қытай әскері Арқа жеріне ентелей енді. 3 ғасырға жуық бойы жоңғар әскерімен арпалысып, әбден титықтаған қазақ жасақтары жауға қарсы қайта атқа қонады. Абылай хан бастаған ер жүрек жігіттер осы ұрыста қайсарлығымен, ерлігімен көзге түсіп, Қытайдың 1000 сан қолын ойсырата жеңді. Міне, бағдарлама ұжымы содан бері батыр бабаларымыздың көзсіз ерлігін паш ететін Шыршыт Қырған елді-мекеніне жол тартпақ.

0
0
2587