Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Отандық би мектебінің бүгінгі халі

Байдәулет Сазабеков би өнерін алғаш әскер қатарында қызмет етіп жүргенде үйренеді. Отан алдында әскери борышын өтеп жүрген жас жігіт сол кезден бастап өнер жолын таңдады. Байдәулет Сазабеков - бүгінде еліміздің білдей «Айша бибі» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, балетмейстер.
ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерінің шығармашылық жолы қалай бастау алды? Және оған не түрткі болды? Бұл сұрақтардың жауабын «Жеті муза» бағдарламасында биші ағамыздың өз аузынан еститін боласыздар!

0
0
825

Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?

Үйіңіздегі көк жәшіктен аптасына неше рет кино көресіз? Әйтеуір отандық телеарналардың біреуіндегі ұнағанын қарайсыз ғой. Сол фильмдердің дубляжы көңіліңізден шыға ма? Жалпы дубляжы, дыбысталуы туралы білетініңіз бар ма? Телеарналар өздері көрсететін фильмнің түпнұсқасын сатып алып, қазақ, не орыс тіліне аударады. Арнайы дистрибьюторлық компанияларға алдын ала тапсырыс беріледі де, салыстырмалы түрде рейтингі жоғары, халыққа қызық болады-ау деген киноларды таңдайды. Мысалы, аптасына 2 фильм көрсетілу керек болса, шамамен, жылына 104 фильм сатып алады. Ол фильмдерді жыл бойына 2-ақ рет көрсетуге рұқсат бар. Тіпті, Хоббит сияқты жаңа, эксклюзив фильмдерді алғаш боп қай канал сатып алады, 2 жыл ішінде сол арнадан ғана көрсетіледі. Бұл — көрсетілімге эксклюзивті құқық деп аталады. «Ал, өзіміз…

0
1
2102

Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің хас шебері

«Батальон басшылығы мен солдаттар Қазақстаннан келген әртістер бригадасының өнеріне, әсіресе Шара Жиенқұлованың шеберлігі мен дарынына тәнті болғанын айтып, ризашылығын білдіреді», - деп жазған батальондық комиссар Рабинович өз хатында.

Сахнадағы алғашқы қадамынан бастап-ақ ел ықыласына ерекше бөленген би патшайымы Шара Жиенқұловаға дәл осындай жүздеген, тіпті мыңдаған хаттар ағылып келіп жататын. Бірі өнеріне риза, тәнті болғанын жазса, ал енді біреулері ғашықтық сезімдерін жеткізуге асығатын. «Тағдырлы хаттар» бағдарламасы.

0
0
3762

Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі

Қазақтың классик жазушысы Б.Соқпақбаевтың кез-келген туындысын оқыған адам шынайы сурет пен баланың аңғал мінезімен өрілген ауқымды тақырыптың астарына жолығады. Шебер суреткердің әйгілі шығармаларының қатарында «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны бөлек. Бағдарлама саны жазушының осы бір ғажайып туындысына арналады.

0
0
1510

«Ұлттық өнім» ұлттық арнада

Қазақстандағы инновациялық жобалардың аяқ алысы «Ұлттық өнім» бағдарламасының негізгі тақырыбына айналады. Елбасының бастамасымен 2010 жылдан бері елімізде «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы жүзеге асуда. Осы аралықта 500-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылып, жаңа тауар түрлерін өндіруде. Іске қосылған кәсіпорындардың барлығы заманауи технологиямен жабдықталған. Сәйкесінше, бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттарға сай келетін тауар өндіруде. Аталған бағдарламада осы зауыт, фабрикалардың өндірістік технологиясы кеңінен сөз болады. «Ұлттық өнім» атты ақпараттық-танымдық бағдарламада Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ашылған зауыттар мен жаңа жобалар, инновациялар мен олрады инвестициялау жайлы баяндалады. Бағдарлама әр сейсенбі күні сағат 17:00-де, ал қайталамасы сәрсенбі к…

0
0
1061

Зергерлік бұйымдарды жасау өнері

Қазақтың зергерлік өнерінің қайнары қола дәуірінен, сақ, үйсін, ғұн және түрік кезеңдерінен бастау алады. Зергерлік бұйымдардың синоптикалық құрылымының негізінде ескі замандардағы магикалық діни негіз жатыр.

Уақыт өте келе, көптеген магикалық-мағыналы ұғымдар белгісі өзгеріп, жас мөлшерін, мүліктің және жергілікті иеліктің айырмашылықтарын көрсететін белгілерге айналды. Оларды әдемілікк және келбеттің салтанатын арттыруға пайдаланыла бастады. Бағдарламада қазақтардың зергерлік өнер ерекшелігі туралы баяндалады.

0
0
1743

Ұлы қолбасшы Әмір Темір тұсындағы тарихи шаһарлар

Әлемнің әміршісі деген асқақ атқа ие болған Әмір Темір хақында ұлы далада талай-талай аңыздар қалған. Өз уақытында 27 мемлекетті уысында ұстаған әміршінің даңқы жаһангерлігімен қоса, Орталық Азиядағы атақты қалалардың салынуымен де әйгілене түсті. Оның тарихқа қалдырған тәбәрігі ретінде қай шаһаларды айтады?

Әмір Темірдің әйгілі жорықтары мен ғажап қалалардың тарихына үңіліп, тың мәліметтерді «Ғажайып туынды» бағдарламасында ашайық!

0
0
1479

«Шетелдегі қазақ балалары»

Жанар Байсемізова: "Мұхит асқан балалардың шырылына бір сәт құлақ түріп көрдік пе?" Бұл ақпараттық-сараптамалық бағдарлама шет мемлекеттерге кеткен қазақ балалар өмірінің бір бөлшегін көрсетеді. Хабарда осы балалардың өмір сүру ортасы, тағдырлалы, тұрмыс деңгейі жан-жақты баяндалады. Деректік-танымдық «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының басты мақсаты – бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен олардың туған жері арасындағы байланыс орнату мен қарым-қатынасты үзбеу. "Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан шығуының да өзіндік мәні бар. Ешбір арнада баламасы жоқ және еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынған, қазақ халқы үшін маңызды жоба «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызының тікелей қолдауымен, басшыл…

0
0
1567

7 арнаның визажисті: «Боянған әйел мұрнын кере жүреді» @tv7_kz

Ибрагимова Айгүл Тохташқызы, визажист — Сіз қазір 7 арнада визажист боп қызмет атқарасыз. Әу бастан осы саланы көздеген ба едіңіз? — Мен әу баста шаштараз едім. Шаш қиюды 11 жаста бастадым деп айта алмаймын, бірақ, осы жасымда алғаш рет шаш қиғанмын. Інімді түрсишең далаға отырғызып қойып, шашын алғанымнан басталған. Үйде дәу қара қайшы болатын, онымен мата да, жіп те кеседі, мен сонымен шаш қиятынмын. Солай-солай үйдегі анамның, әкемнің, інілерімнің бастарын «жаңартып» тұратын болдым. Кейін есейгенде шашатараздың оқуын оқимын дедім, үйдегілер жібергісі келмеді. «Ой, не бар, ешқашан өспейсің, бір креслоны айналып тұра бересің ба, керек емес,» — деп, мені бұғалтырдың оқуына жібергісі келді. Ал, менің ол оқуға барғым келмеді. Неге екенін, әйтеуір тартпады. Халықпен араласқан, сөйлескен ұнай…

2
1
1303

Анатомиядан хирургияға дейін

Бағдарламада адамзат тарихындағы жасалған елеулі жаңалықтың ашылуы туралы баяндалады. Бұл ашылым, қазіргі заманғы адам баласы үшін таңсық нәрсеге айналған. Ал, бағзы уақыттағылар үшін күпірлік ретінде саналған адам ағзасын ғылым дәрежесінде зерттеп, бүгінгі ота жасау әдістерінің үрдістері жайлы болмақ.

0
0
251