«Таңшолпан»: «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасында кезекке тұру
«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасының көптеген жас отбасыларға қуаныш сыйлағаны даусыз. Дегенмен, баспана алған күннің өзінде оған заңды түрде иелік ету үшін, қайда барып қандай құжат өткізуіміз керек?
Таңшолпан бағдарламасының әріптесі сол сұрақтарға жауап іздеп, мамандар сөзіне құлақ түрді. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегіне тұру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келді.
Біріншіден, өтініш беруші өзінің қай категорияда құжат тапсыратының айтуы керек. Мысалы, мемлекеттік қызметкер және некеге тұрған тұлға ретінде.
Бұл жағдайда қажет болатын құжаттар: өтініш берушінің жеке куәлігі, жолдасының жеке куәлігі, олардың неке қию куәліктері және жұмыс орындағы кадр бөлімінен анықтама қажет.

Кез келген қызмет алушылар өзінің санаптарына байланысты қызмет түрін келіп алуға болады. Санаттарды бөліп айтатын болсақ: мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік саладағы қызметкерлерге, әскер қызметкерлеріне және әлеуметтік қорғалатын топтарға қызмет көрсетіледі.
«Құжаттар бумаларын тасудың қазіргі кезде еш қажеті жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтары заманауи технологиялардың арқасында, тек жеке куәлік пен отбасын дәлелдейтін неке қию туралы куәліктерін талап етеді.»
Жанболат Аханов, ХҚКО қызметшісі
Өтініш жайлы жауапты күнтізбелік 30 күн ішінде алуға болады.
