Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақтың тұңғыштары

Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасында қоғамның әр саласындағы тұңғыштар туралы әңгіме қозғады.

"Әрбір салада өз тұңғыштары болады. Олардың есімдері тарихта алтын әріптермен жазылып қалады. Бұл әлемде қалыптасқан үрдіс. Ал бізде қалай? Біз өз тұңғыштарымызды білеміз бе?"

Жүргізуші Бейсен Құранбек

Бағдарламада тұңғыш киноға түскен қазақ актері Қойлыбай Қарсақбаев жайлы баяндалды. Ол орыстың «I Петр» фильмінде араб Абдрахманның рөлін сомдады. Мансабы жалғаса берер еді, алайда бұл жас жігіт I I дүниежүзілік соғыс басталғанда майданға шақырылып қаза тапты.

Студияға қазақ актеріміздің немересі шаұырылып, естеліктер айтты.

Келесі кейіпкер – қазақтың алғаш темір тұларды мінген көлік жүргізушісі – Тасболат Ақышев. Ол 1935 жылы Мәскеу қаласында көлік жүргізуді игереді.

Заманауи және қазіргі жастар танитын тұңғыштардың бірі – Құралай Нұрқаділова болды. Ол, бәріңіз білесіздер, тұңғыш қазақстандық дизайнер.

Оның айтуынша, осы табысқа жету үшін, Құралай жастайынан, дәлірек айтқанда, 15 жасынан бастап жұмыс істеді. Оған жүргізуші сенбегенде, Құралай:

«Әкем әрқашан отбасыдағы әрбір адам өз табысына, мансабына өзі жетеді, деп айтатын».

Сонымен қатар, дизайнер боламын деген жастарға ол «табыстың 10% - талант, ал 90% - жұмысқа тәуелді» деген кеңес береді.

Қазақтың тұңғыштары аз емес, бүгінгі бағдарламада олардың кейбіреуін ғана сөз еттік.

0
0
1177

Осы тақырып бойынша

Қазақтың тұңғыштары - Yvision.kz