«Қазақтелеком» қоғамдық орындарда өзінің Wi-Fi нүктелері арқылы Интернетке қатынауға трафик шектеулерін алады
Бүгіннен бастап iDNet және Megaline тарифтік жоспарын пайдаланушылар iDPort жеке кабинеті арқылы қоғамдық орындарда ұйымдастырылған «Қазақтелеком» АҚ барлық Wi-Fi нүктелеріне лимитсіз қатынауды алатын болады. Компания абоненті емес тұтынушыларға epay банк карталарымен электрондық төлем жүйесі арқылы жазылу және төлеу мүмкіндігі берілді.
«Қазақтелеком» АҚ абоненттері үшін Интернет желісіне қатынау Wi-Fi жабатын аймақтарда кез келген сымсыз құрылғылар арқылы қолданыстағы Megaline/iDNet аккаунтын пайдалану мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Интернет желісіне 8 Мбит/с дейінгі ең жоғары жылдамдықпен трафик шектеуінсіз «Қазақтелеком» АҚ Wi-Fi нүктелері арқылы тек туған қалаңда емес, енді Қазақстанның кез келген елді мекендерінен қатынауға болады.

Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан басқа Wi-Fi қатынау нүктелері Арқалықта, Бурабайда, Зыряновскіде, Риддерде, Рудныйда, Сараньда, Семейде, Степногорск және Щучинскіде ұйымдастырылған. Республика аймақтарында Интернет-кафе, әуежайларда, парктерде СОО, қонақ үйлер мен т.б. қоғамдық орындарда «Қазақтелеком» АҚ барлығы Интернет желісіне қатынаудың 700 нүктені ұйымдастырды.
