Жамбылды қорғаған «Қызыл жолбарыс» жайлы аңыз

Аңызға толы қазақ даласының хикметтерінің ішінде әйгілі Сүйінбай мен Жамбылды қорғаған «Тұран қызыл жолбарысы» туралы аңыз ел жадында сақталып қалған. Жыр алыбы Жамбыл топты ортаға түсіп жырлағанда, «Қызыл жолбарысы» жанына келіп жантайған сәтте, ақынның көкірек көзі ашыла түседі екен. Дәл осы аңыздың желісін белгілі суретші Тоққожа Қожағұлов мазмұнды картинаға айналдырды. Бағдарламада «Қызыл жолбарыс» аңызы мен суретшінің картинасы туралы сөз етеді.
