Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Қазаққа қымбат есім» деректі фильмін көруді ұсынамыз

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов туралы «Қазаққа қымбат есім» атты деректі фильмді бүгін 18:50-де назарларыңызға ұсынатын боламыз. Әскери қайраткер, армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов 1924 жылдың 25 мамырында Ақмола облысы Еңбек ауылында дүниеге келген. 2013 24 қыркүйегінде Алматыда дүниеден өтті. Сағадат Қожахметұлы армия генералы емес, география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған екен. Бұл пәндерге деген ықыласы да ерекше ауған. Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп беретін. Сол кезде ол картаны көрсеткіш таяқшамен емес, Еуропаны жаудан азат ете отырып, барлық қала мен даланы өзі жүріп өтетінін, кейіннен жас мемлекет үкіметінің мүшесі ретінде б…

0
0
1446

Бас жүлде – біздікі!

Орал өңірінің тұрғындарына арналған тамаша жаңалығымыз бар, құрметті оқырмандар! Батыс Қазақстан облысының қазақ драма театры қойған «Троя арулары» атты туынды Қырымда өткен XVII «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінде жеңіспен оралды. Ұзақ уақыт бойы өткізіліп келе жатқан бұл байқауға әр жылдары ТДМ, Еуропа мемлекеттерінің түрлі театрлары қатысып, бақ сынап жүр. Театр ұжымын жеңіс тұғырына шығарған «Троя аруларын» Орал сахнасында тараздық белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов биыл сахналаған болатын. Ақжайық көрермендердің көңіліне жол тапқан қойылым Қырым жерінде де жылы қабылданды. Фестивалге аты әлемге мәшһүр 8 театр ұжымы қатысып, бақ сынады. Қырым жерінде Алаштың атын асқақтатып, абыройын асырған БҚО қазақ драма театр…

0
0
247

Samsung жүк көліктерін басып озу кезіндегі қауіпсіздігін мәселесіне өз шешімін ұсынды

Жаңа технология дамып, түрлі гаджеттер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған тұста, олардың қаншалықты пайдалы һәм қауіпсіз екені маңызды рөлге ие болып отыр. «Бүгін жексенбі» бағдарламасының бүгінгі санында біз осындай бірнеше құралға тоқталып, олардың сіз бен бізге бере алатын пайдасы жайлы сөз қозғаған болатынбыз. Солардың бірі – Samsung компаниясының жаңалығы жайлы осы жерде әңгімелеп беруді ниет еттік. Көлік жүргізушілер, әсіресе, қалааралық жолмен алыс сапарға шыққандар үлкен жүк көліктерін айналып өту, басып озудың қиындау екенін жақсы біледі. Алып фураның артында тасбақаша ілбіп отыру, әрине, кім-кімнің де көңіліне жақпайды, алайда қарсы бетке шығып, алдына түсемін деу – қатерлі. Статистикаға сөз берсек: барлық жол-көлік апаттарының 80%-ы дәл осы басып озуды дұрыс жүзе…

0
0
392

«Байқоңыр» мен «Қорқыт» кешені – Қызылорданың бренді

Бұл нысандар сондай-ақ, халықаралық EXPO-2017 көрмесінде Қазақстанның айтулы да айшықты орны ретінде паш етілмек. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт» кешені – Қызылорданың бренді. Бұл нысандар сондай-ақ, халықаралық EXPO-2017 көрмесінде Қазақстанның айтулы да айшықты орны ретінде паш етілмек. Бүгінде аталған объектілердің тартымдылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. «Аймақта 13 туристік фирма қызметі жолға қойылған», дейді облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Телман Сүлейменов. Бүгінде бүйірдегі Байқоңыр брендін Қазақстанның әлемде теңдесі жоқ әрекет алаңына айналдыруда жаңа идея, нақты жоспарлар жүзеге асуда. Өңірдің туристік мүмкіндіктерін алға адымдату мақсатында 4 инвестициялық форум, «Қызылорда-Қорқыата-Байқоңыр» бағытында ақпараттық-танымдық тур ұйымдасты…

0
0
1000

Ұлттық арнада көкпардан Әбілхан Дауылбаев атындағы республикалық турнирді тамашалаңыз

Ұлттық ойынымыз «Көкпарды» Ұлттық арнадан бүгін сағат 00:55-те көріңіз.

«Көкпар» бағдарламасының бүгінгі көрсетілімінде Кеңес одағының ІХ дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев атындағы республикалық турнирдің кезекті ойындарын тамашалай аласыз. Аталмыш турнир Шымкент қаласында ұйымдастырылған.

Өткен ойында Оңтүстік Қазақастан облысы құрамасының «Құлагер» командасы мен Маңғыстау облысының «Адай ата» құрамасы кездесіп, 6:4 есебімен «Құлагер» командасы жеңіске жеткен.

0
0
321

Ұлттық арнада — «Махаббат ережелері» комедиясы

Режиссер Стивен Робменнің туындысын 23:15-те көріңіз.


Майкл мен Келли бір жыл бірге тұрған соң заңды түрде некелеспек болады. Шағын ғана той жасағылары келеді. Алайда, қыздың анасы бұған келіспейді. Құрбыларының кеңесіне жүгіне отырып, ол қазіргі заманда тойдың қалай өтетінін және бақытты отбасының ережелері туралы айтып беруді жоспарлайды.

Джозеф Лоуренс, Мэгги Лосон, Адам МакДональд басты кейіпкерлерін сомдаған  «Махаббат ережелері» комедиясын бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
317

Қарағанды облыстық жедел-жәрдем қызметінің автопаркі жаңа көліктермен толықты

Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында жедел-жәрдем қызметінің автопаркі 13 реанемобильдік және 24 санитарлық көліктермен толықты. Жаңа авто бригада дәрігерлері Қарағанды ғана емес, Теміртау, Жезқазған, Балқаш пен Шахтинск қалалары тұрғындарының да денсаулығының жақсы болуына қызмет етеді. Облыстық жедел-жәрдем қызметінің автопаркі 37 көлікпен толықты. Олардың 13-і реанемобильдік және 24 і санитарлық көлік. Бұл техникаларды алу үшін бюджеттен 125 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жаңа «Жедел жәрдем» бірегей құрылғылармен жабдықталған. Мына реанимобиль орталық медициналық жедел-жәрдем станциясына жіберіледі. Бұл аймағымыздағы эбола, МЕРС секілді жұқпалы вирустық ауруларын анықтай алатын бірегей капсула.Яғни нағыз герметикалық құрылғы. Жиырма сегіз көлік облыс орталығында қалатын…

0
0
293

«Білгірлер бәйгесі». 16 топ үздік шықты

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен шығатын «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды бағдарламасының екінші айналымға шыққан 16 тобы белгілі болды. Рахман Омар жүргізетін бұл жобаға тапқыр, көңілді, тату отбасылар қатысып, бағы мен бабын ортаға салған болатын. «Білгірлер бәйгесі» зияткерлік шоуы басталғалы бері бірнеше топ сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Олар тек білімдерін ғана емес, тапқырлық пен талант жағынан қандай деңгейде екендіктерін көрсетіп, жұрт алдына шықты. Айта кетейік, хабарға еліміздің әр аймағынан 30 әулет қатысты. Барлық топ арасында 15 іріктеу ойыны өтіп, жеңімпаз 15 топ екінші айналымға жолдама алды. Ал, жеңілген 15 топтың ішінен ұпай саны ең жоғары топ іріктеліп алынады. Сонымен, екінші айналымда 16 топ сегіз ойын өткізеді. Жеңімпаз 8 топқа ширек финалға жолдама бер…

0
0
1346

Петропавлда Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті

Петропавл қаласында Қазақстан полициясы күніне, сондай-ақ, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 90 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Ерік Сұлтанов, олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов қатысты. Салтанатты шара аясында үздік деп танылған тәртіп сақшылары марапаттауларға ие болды, сондай-ақ, бірнеше құқық қорғау қызметкері кезекті қызметтік шендерін алды. Сонымен қатар, бұл күні күш құрылымдары арасында өткізілген жазғы спартакиаданың жеңімпаздары жарияланды. Салтанатты шараға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жиналғандарды Қазақстан полициясы күнімен және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 90 жылдығымен құттықтап, тәртіп сақтау саласын…

0
0
286

Арқалықта жасалған: Сұранысқа ие сапалы өнім

Бүгінгі күні Қостанай өңіріндегі шағын қалалардың жағдайы түзеліп, шырайланып, халықтың жағдайы артып келеді. Оған мемлекет тарапынан көрсетіліп отырылған қолдау мен жергілікті тұрғындардың ел болашағына бей-жай қарамай, Республика экономикасын дамытуға үлес қосып отырғандары дәлел. Шағын және орта бизнеске бюджеттен бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланып, «Арқалықта жасалған» деген жазуы бар өнімдер шығаратын кәсіпкер азаматтар аймақтың ажарын кіргізіп, еңсесін көтеруде үлкен рөл атқарып отыр. Мәселен, Арқалықтың тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың мол мүмкіндігін тиімді пайдаланып, отандық өнімнің үлесін арттыруда. Родина аулының тұрғыны Санжар Шаубай тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, шағын цех ашты. Бүгінде оның сапалы өнімдері сұранысқа ие. Санжар Шаубай өз жеке кәсібін ашуды көпте…

0
0
326