Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Әйел «билеген» көлік

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұсынатын «Әйел бақыты» бағдарламасының бүгін санында көлік тізгіндеген нәзік жандылар төңірегінде әңгіме өрбіді. Бүгінгі күні автокөлік рөліне отырған әйелдер қатары көбейді. Темір тұлпардың асқан байлық, шырқау жетістік емес, жүріп-тұру құралы, қажетті механизмге айналғаны түрлі бағада және деңгейде ұсынылатыны осы бір тенденцияға жол ашып отырған секілді. Қазіргі таңда көлік тізгіндеген әйелдердің қатары көбейген. Қыз-келіншектердің көшеде емес, көлікте кетіп бара жатқаны қызығарлықтай. Себебі, заманауи болу – бүгінгінің басты талабы. Бірақ, әйелдер мінген көліктер апатқа жиі ұшырап жатады. Қазақстанда көлік мінген келіншектер бір айда 14 баланы қағып, үшеуін мерт еткен. Суық статистика. Оның себебі неде? Мамандар әйелдердің жол ережесіне бағынбай, қалаған…

0
0
393

«Қазақстан» арнасы «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің финалын тікелей эфирде көрсетеді

4 шілдеде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулері өтеді. Жарыс нәтижесінде қазақ турнирдің 2015 жылғы жеңімпазы анықталады. Дүбірлі доданы «KAZsport» телеарнасы 4 шілде күні 12:50-ден бастап барлық белдесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жарыстың финалдық кездесулері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 17:45-те тікелей эфирде көрсетіледі. Финалда іріктеуден өткен 32 спортшы мен 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» бақ сынайды. Жарыстың жеңімпазы 150 мың АҚШ долларын, автокөлік, чемпиондық белбеу мен алтын «Тайтұяқ» иеленеді. «Қазақстан Барысы-2015» турниріне қатысатын палуандар тізімі: Ақмола облысы: Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов Ақтөбе облсы…

0
0
502

«Шебердің қолы ортақ»

Қазақтың кілем тоқу өнерін қайта жаңғыртып жүрген жандар бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Айтуға оңай» бағдарламасында қонақта болды. Заман жаңарған сайын өткен күндердің еншісінде қалып жатқан дәстүр мен ұлттық өнеріміз аз емес. Соның бірі – кілем тоқу, киіз басу. Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Кілем тоқуда қойдың, түйенің жүндері, ешкінің қылы, өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады. Кілем қазақ халқы тұрмысында айрықша маңызға ие. Дәстүр бойынша өз алдына отау тіккен жас отбасыларға да ең бірінші киіз басып, текемет тоқып берілуі тегін емес. Алайда, осы күнгі қала тұрмақ, ауыл баласының өзіне бұл өнер өте таңсық. Бастарына күндік…

0
0
1825

Дархан Қыдырәлі: Түркі әлемі Ғылым академиялары одағын құрудағы мақсат – түркі халықтарының ғылымын, білімін қолдау

Халықаралық Түркі академиясы Түркі әлемі Ғылым академиялары одағын құруға бастамашы болып отыр. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және Қырғыз Ресубликасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Абдыганы Эркебаев бүгін «Таңшолпан» таңғы бағдарламасында қонақта болды. Одақтың құрылудағы мақсатына тоқталған Дархан Қыдырәлі: «Елбасының бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясының негізгі миссиясы – жалпы түркі халықтарының тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеу, өзге елдердің ғылымына жәрдем беру, кадрлар даярлау, біріккен шаралар өткізу», - деді. Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері академиялар одағын құру туралы ұсынысты қолдаған. Әзірге Түркі кеңесіне Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Әзірбайжан се…

0
0
367

«Балапан» телеарнасы «Еріншектер елі» телехикаясын қайта көрсетеді

Көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Еріншектер елі» телехикаясы ертеңнен бастап «Балапан» телеарнасынан қайта көрсетіледі. Хикаяда Стефани мен Спортакустың басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады. Стефани Еріншектер еліне қонаққа келеді. Ондағы балалар футбол немесе баскетбол сынды спорт түрімен таныс емес. Олар күні бойы компьютер ойындарын ойнайды. Стефани досы Спортакуспен бірге балаларға спорттық ойындарды үйрете бастайды. Осылайша Еріншектер еліндегі тұрғындар спортпен айналыса бастайды. Мұндағы ең жалқау адам - Кесірбек Робби. Ол алдау арқылы барлық баланы үйлеріне кіргізіп, компьютер ойнауға мәжбірлейді. Кесірбек Еріншектер елінің қайтадан бұрынғы қалпына келуін армандайды. Бұл оның қолынан келе ме? «Еріншектер елі» телехикаясынан көріңдер. Телехикая ертеңнен бастап сағат 07:35-…

0
0
3497

Айдарлы ауылы бие байлап, қымыз саудасын қыздырып отыр

Кейінгі жылдары Германия Олимпиадаға баратын оғландарын қымызбен баптайды деседі. Бие сүтінен түрлі дәрумендер жасап, спортшыларын дайындайды. Ал, Бельгия саумалдан шоколад әзірлеп, балмұздақ құйып, балаларын тәттіден ажыратыпты. Ғалымдар айтады, бие сүті мен ана сүтінің құрамы өте ұқсас. Еуропалықтардың ерекше мән беріп отырғаны сол. Яғни, осы күні сиыр сүті қосылатын балмұздақ, йогурт секілді дәмділердің бәрін бие сүтінен де жасауға болады. Ал, бізде қалай? Ұлттық сусын өндірісінің кешенді бағдарламасы әлі күнге жоқ. Сондықтан, бабалар ішкен бал қымыз басқа сусындармен бәсекеге түсе алмай отыр. Әлі күнге кей қандастарымыз ауруға ем, сауға қуат беретін шұбат пен қымыздан гөрі көпіршіген сыраға үйірсек. Дегенмен, жақсы қымыз болса, іздеп жүріп ішетіндер де баршылық. Әйтеуір қуантатыны - қ…

0
0
2597

«Аялаған Астана» байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Байқау 4-6 шілде аралығында Астанада өтеді. 4-6 шілде аралығында Астанада  өтетін «Аялаған Астана-2015» жас поп-орындаушылардың Ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қатысушылары финалдың бірінші күнінде жеке ән шырқаса, екінші күнінде жұлдызбен дуэт орындайды. Ал, байқаудың үшінші күнінде оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән айтады. Сайыста балалардың дарынын бағалау қазақстандық  және шетелдік әншілерден құралған қазылар алқасына жүктеледі.  Ал, финалист SMS дауыс беру арқылы анықталады. Жеңімпазға 1 миллион теңге ақшалай сыйақы  беріледі. «Аялаған Астана-2015» байқауының финалын 4, 5, 6 шілде күндері сағат 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіздер.

0
0
437

«Абылайдың қара жолы» туралы не білесіз?

Алаш жұртының басын қосқан, ойға барып, ойдағымен, қырға барып, қырдағымен тіл табысып, елді жеткіземін, жетілдіремін деп жан алысып, жан беріске хан Абылайды білмейтін қазақ жоқ-ау, сірә. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі туралы баршаға белгілі жайттармен қатар «Абылайдың қара жолы» деген де түсінік бар. Ол туралы не білеміз? Не білдіреді? «Apta.kz» бағдарламасының 28 маусым күнгі бөлімінде осы тақырып зерттеліп, көтерілген-ді. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы. Кемел тұлғаларға кенде емеспіз, солардың соқталысы – Абылай хан. Абылай – Керей мен Жәнібектен бергі «Қазақ хандығы» деген байтақ жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Алмағайып аласапыран заманда биік тұлға парасаты мен саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Тарихта «Абылайдың…

0
0
1729

Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері

Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ниетімен, сапалы жобаларымен және, ең бастысы, кәсіби мамандарымен мақтана алатын. Бұл қасиет жоғалмақ емес. Ұжымымыздың қос бірдей журналисті қол жеткізіп отырған жетістік – осының дәлелі. Қуана-қуана өздеріңізбен бөлісеміз. Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Нұр Сұңқар» республикалық байқауында Қазақ радиосының Таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі Құралай Жұмахан «Үздік радио журналист» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі Жеңістің 70 жылдығына орай журналистер арасында ұйымдастырған республикалық «Мәңгі есімізде» шығармашылық байқауында Қазақ радиосының редакторы Мәдина Махамбетқызы «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама» ат…

0
0
1115

Мұхит асқан балалардың тағдыры

«Қазақ жетімін жылатпаған ел» десек те, шетте жүрген кішкентай балаларымыз бар. Оларды басқа мемлекет азаматтары асырап алған. Бұл жолы «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы АҚШ-тың Чикаго қаласындағы қазақ бүлдіршіндерінің бүгінгі өмірі туралы көрсетті. Хабарды бағдарламаның мұрағатынан көре аласыздар. Туған жерінен жырақта өсіп келе жатса да, бала жүрегі Отанын аңсайды. «Қазақстанға барамын. Анам 12-13 жасқа толғанда алып барамын деп сөз берді...», - дейді шетел асқан қазақ бүлдіршіндерінің бірі. Ал, ондағы ата-ана бауырына басқан баласының: «Осындағы қазақ жастарымен көбірек араласқанын қалаймын...». Баласын жетімдер үйіне өткізерде ешбір дерек қалдырмаған жандардың бірі – Мәдинаның анасы. Мәдинаны асырап алған шетелдік ана баланың ата-анасы, туыстары т…

0
0
476