«Сенбілік кездесуде» — ақын Ұлықбек Есдәулет
Қазақтың белгілі ақыны Ұлықбек Есдәулет бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Сенбелік кездесу» бағдарламасында қонақта болды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында жақындары мен жора-жолдастары арасында өрбіген сұхбатты жоба мұрағатынан көруге болады. Поэзиясында елі мен жерінің тағдырына алаңдаған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің оқырман жанын тебірентер, көкірегіне сәулесін себер жырлары жетерлік. Ақын өлеңдері өмір туралы толғаныстарға толы. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары оның өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, ерекше сарында жазылған. Ұлықбек Есдәулеттің «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Қара пима», «Ынтық зар», «Әбi…

