Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Балапан» телеарнасы «Еріншектер елі» телехикаясын қайта көрсетеді

Көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Еріншектер елі» телехикаясы ертеңнен бастап «Балапан» телеарнасынан қайта көрсетіледі.

Хикаяда Стефани мен Спортакустың басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады.

Стефани Еріншектер еліне қонаққа келеді. Ондағы балалар футбол немесе баскетбол сынды спорт түрімен таныс емес. Олар күні бойы компьютер ойындарын ойнайды.

Стефани досы Спортакуспен бірге балаларға спорттық ойындарды үйрете бастайды. Осылайша Еріншектер еліндегі тұрғындар спортпен айналыса бастайды. Мұндағы ең жалқау адам - Кесірбек Робби. Ол алдау арқылы барлық баланы үйлеріне кіргізіп, компьютер ойнауға мәжбірлейді.

Кесірбек Еріншектер елінің қайтадан бұрынғы қалпына келуін армандайды. Бұл оның қолынан келе ме? «Еріншектер елі» телехикаясынан көріңдер. Телехикая ертеңнен бастап сағат 07:35-те эфирге шығады.

 

0
0
3486

Осы тақырып бойынша

«Балапан» телеарнасы «Еріншектер елі» телехикаясын қайта көрсетеді - Yvision.kz