Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері

Өткені бай, бүгіні берік Қазақ радиосы қай-қай кезде болмасын әрқашан жетіліп, дамуға деген ынта-ниетімен, сапалы жобаларымен және, ең бастысы, кәсіби мамандарымен мақтана алатын. Бұл қасиет жоғалмақ емес. Ұжымымыздың қос бірдей журналисті қол жеткізіп отырған жетістік – осының дәлелі. Қуана-қуана өздеріңізбен бөлісеміз.

Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Нұр Сұңқар» республикалық байқауында Қазақ радиосының Таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі Құралай Жұмахан «Үздік радио журналист» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі  Жеңістің 70 жылдығына орай  журналистер арасында ұйымдастырған  республикалық «Мәңгі есімізде» шығармашылық байқауында Қазақ радиосының редакторы Мәдина Махамбетқызы «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.

Бұл тамаша екі жаңалықтың 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында белгілі болуы қуанымызды еселей түсті.

Жеңіс биігінен көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен абырой тілейміз!

0
0
1110

Осы тақырып бойынша

Қазақ радиосы қызметкерлерінің жетістіктері - Yvision.kz