Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Аялаған Астана» байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Байқау 4-6 шілде аралығында Астанада өтеді. 4-6 шілде аралығында Астанада  өтетін «Аялаған Астана-2015» жас поп-орындаушылардың Ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қатысушылары финалдың бірінші күнінде жеке ән шырқаса, екінші күнінде жұлдызбен дуэт орындайды. Ал, байқаудың үшінші күнінде оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән айтады. Сайыста балалардың дарынын бағалау қазақстандық  және шетелдік әншілерден құралған қазылар алқасына жүктеледі.  Ал, финалист SMS дауыс беру арқылы анықталады. Жеңімпазға 1 миллион теңге ақшалай сыйақы  беріледі. «Аялаған Астана-2015» байқауының финалын 4, 5, 6 шілде күндері сағат 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіздер.

 

0
0
433

Осы тақырып бойынша

«Аялаған Астана» байқауының финалын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - Yvision.kz