Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Астанада Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

Елордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды.

Осы жағдайға дәлел болатын фотосуреттер t.me/secretwithsecret-те жарияланды.

«Астанадағы Қорғаныс университетінде Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды. Елбасыдан арылу жалғасуда», - деп жазылған аталған Telegram-арнада.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында 2020 жылы тұңғыш президенттің 80 жасына орай ашылған еді. Енді оның алып тасталғаны әлеуметтік желіде мәлім болды.

Аталған университеттегілер ескерткіштің шынымен тұғырынан түскенін, оның қазір қоймада жатқанын айтты.

0
0
1842

Маңғыстау облысында аққулардың қырылуына Rixos отелінің қатысы бар ма?

Экология және табиғи ресурастар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіндегі басқарманың бұрынғы басшысы, қазір аңшылардың «Табиғат» республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуына қатысты мәлімдеме жасады.Бұл үшін ол Facebook-тегі жеке парақшасына видео салған. Онда экс-шенеуніктің өзі сөйлеп отыр.Айтуар Туғанбеков 2020 жылы Rixos отелімен Қаракөлге су ағызып жіберу туралы келісімге қол қоймай қойғанын айтады.«Былай болуы керек-тұғын: Rixos суды Каспий теңізінен алады. Сол суды жұмысына пайдаланады. Олардың өздерінің бір сүзгілері бар. Суды сол арқылы өткізеді. Ал сосын оны бір жерге төгу керек қой. Олар шайынды суды жолдың арғы бетіндегі Қаракөлге төгейік деді. Әлгі келісімнің жобасында ол үшін әлдебір «супер» с…

0
0
186

Алматыда жер сілкінсе не болады?

Зілзаланың бетін әрі қылсын, әрине. Бірақ соңғы кездері Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген әңгіме жиілеп кетті.Фото: egemen.kzТөтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді."Бұл мәселеге қатысты сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - MСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай қирауы 7 балдан басталады. Сондықтан, Алматыда жер жағдайын ескере отырып, жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады", - дейді ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.Маманның айтуынша, 7 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті е…

0
0
212

Осы айда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

2024 жылдың қаңтар айындаға Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге 136 мың адам өтініш білдірген. Осы ҰБТ 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдаған.«ҰБТ барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойын…

0
0
255

Павлодарда құлап жатқан 52 миллион теңгенің шыршасы жұрттың ашуына тиді

Павлодар тұрғындары құлап жатқан шыршаның суретін әлеуметтік желіден көріп ашуланған. Айтқандай, бұл – қаланың осы жаңа жыл алдында жаңартылған басты шыршасы.

Оның білдей 52 миллион теңгеге жасалғаны да жұрттың ашуын тудырған еді. Ақырында оны қатты жел құлатып тынды. Әйтеуір, Құдай сақтап, одан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал қала әкімдігіндегілер бұл жағдайды жауапсыз қалдырған жоқ. Яғни әдеттегідей уәж дайын.

«Шырша түнде жинап алынып, қоймаға қойылды. Ал фотода оның бөліктерінің қойма алдына түсіріліп жатқаны көрсетілген. Әшекейлерге келсек, олардың бүлінген-бүлінбегенін тексереміз. Қалпына келтірілген соң олар да қоймаға қойылады», – дейді олар.

0
0
204

Миллион доллар бопсалаған! БҚО полициясы күдіктіні ұстады

Батыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан 1 000 000 АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды.

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдерінің айтуынша, күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алып жатқанда қолға түскен.

Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 миллион теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының (Қорқытып алу) 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

0
0
204

«Аяғына дейін айқасамыз. Кері шегіну жоқ»

Салтанат Нүкенованың туыстары оның өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевтың сотын ашық жүргізуді талап етпек. Бұл туралы КТК телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында марқұмның ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді.Ол сот барысына журналистер қатысса оның әділ өтетітініне сенімді.«Менің білуімше, оның (Бишімбаевтың) айналасында әлі күнге дейін билікке тікелей қатысы бар адамдар көп болды. Журналистер қатысса, сот ашық өтуі тиіс. Яғни бір нәрсені жасырып қалуға, сөзден іркілуге немесе әділетсіз шешім шығаруға мүмкіндік болмайды», – деді Айтбек Амангелді.Қазір ол Салтанаттың өліміне қатысты жалғыз жәбірленуші болып отыр. Айтбектің айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін өз-өздеріне келе алмай қалған әке-шешесі сот отырыстарына қатысып, қанды оқиғаның жәй-жапсарын біліп отыруға қауқарсыз. Марқұмның ағасы…

0
0
299

Биыл ҰБТ өткізу тәртібі өзгере ме?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook-тегі жеке парақшасына биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетіні туралы жазба жариялады.Коллаж: egemen.kz«Құрметті болашақ студенттер! Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді», - деп жазды Саясат Нұрбек.Министрдің айтуынша, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданған.«Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қ…

0
0
168

Еліміздегі министрліктің Telegram-арнасына министрді орнынан алу туралы петиция шыққан

Қызық жағдай болып тұр. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына министрді отставкаға жіберу туралы петиция шығып кеткен. Ведомстводағылар мұны техникалық қате деп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ведомствоның Telegram-арнасында министр Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция бар материалға сілтеме қалай жарияланып кеткенін түсіндірді.

Олардың айтуынша, бұл материал ведомствоның Telegram-арнасына қателікпен шығып кеткен.

"Бұл жазба осы петицияны теріске шығару мақсатындағы материалды жариялау кезінде интернет дұрыс істемеуіне байланысты жарияланды. Петицияның мазмұны шындыққа жанаспайтындықтан, азаматтарды жалған ақпаратқа сендіретіндіктен, ведомствоның баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындады", - деп ақталуда министрлік мамандары.

0
0
183

Қазақстан азаматтарының банк шоттарында қанша қаржы бар екені айтылды

Ұлттық банк қазақстандықтардың банктердегі есеп-шотында қанша ақша бар екенін айтып берді.Фото: kgd.gov.kzҰлттық банк Tengrinews.kz-ның ресми сауалына берген жауабында 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, теңгелік депозиттер - шоттар мен резиденттердің салымдары 24,2 триллион теңге, оның ішінде ағымдағы шоттарда - 6 триллион теңге, өзге шоттарда - 18,2 триллион теңге болғанын хабарлады.Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы – шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық төлемі мен ақша аударымы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,5 пайызға өсіп, 796,9 триллион теңге болған. Сондай-ақ, 2021 жылмен салыстырғанда - 29,3 пайыз, 779,5 триллион.Жеке тұлғалардың төлемдеріне келетін болсақ, қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсу үрдісі 2023…

0
0
164