Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Нұрлан имам экс-шенеунік ісіне қатысты ойын айтты (видео)

Халыққа жағымды уағыздарымен жағып жүрген Нұрлан имам Байжігітұлы қазір әйелін өлтірді деген айыппен соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

undefined

Оның осы тұрғыда сөйлеп тұрған видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

"Әйел кінәлі болса да, қыз кінәлі болса да, оларға ешқашан қол көтермейді. Бұл - біздің қарындасымыз. Бұл - біздің болашақ жарымыз Бұл - біздің мемлекетіміздің ірі тұлғасы. Бұл - болашақ аналар. Сондықтан қызға ешкім қол көтермесін. Қол кермек түгілі, үстінен теуіп, төбесінен секіріп жатқан адам бұл адам ба? Адам емес ол. Оны еш нәрсе ақтамайды. Егер әйел адамың сөзі ұнамаса, шық та кетіп қал. Заң бар бізде. Ажырасып кет, білмеймін, сотқа бер", - дейді Нұрлан имам бейнежазбада.

0
0
322

Көкшетауда баланы ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу мәселесі талқыланды

Көкшетауда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.Фотолар: Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайты «Bolashak SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында өткен бұл іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырған.Конференцияда аталған өңірде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер сөз болды. Бұл жоба білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған.Іс-шараның міндеттері – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесін дамыту және арттыру және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ұлттық тәрбие мен о…

0
0
698

Алматыда ҚазҰПУ ғимаратының заңсыз алынған бөлігі қайтарылды

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін иеліктен заңсыз айыру дерегін анықтады.Фото: kaznpu.kz1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан.Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған.Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - «Ескі қақпа» орналасқан.Кейіннен оқу корпусының ғимаратында «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі жасалған.Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мү…

0
0
228

Елімізде алты облыстағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына қатысы соңғы ақпаратты жеткізді.

2024 жылдың 9 сәуіріндегі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, СҚО) республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолдарында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмылдырылған.

https://t.me/qazavtojol

0
0
230

СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға 3000-ға жуық адам жұмылдырылған

Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді.Үкімет басшысы Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, қарғын суды өткізу үшін автожолдарда жол төсемін аршу жұмыстары 6 рет жүргізілді. Баламалы бағыт қарастырылып, белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылған. Су тасқыны кезеңі басталғалы бері елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 440…

0
0
340

СҚО-да алдын ала эвакуациялау жүргізілді

Солүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Николаевка, Бірлік ауылдарында және Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылында Есіл өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
ТЖД және ЖАО күштері арқылы шамамен 40 адам және 15-ке жуық техника 105-ке жуық адамды, оның ішінде 37 баланы алдын ала эвакуациялап, туыстары мен эвакопунктке орналастырылды. Ал 57 ауыл шауашылығы жануары қауіпсіз жерге айдалды.

0
0
328

Атырау облысында білім беру мекемелері қашықтан оқытуға көшеді

Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді. 

undefined

Көрнекі фото: egemen.kz

Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта білім беретін 204 мектеп, 24 колледж, 334 балабақша бар. 

«Мектептердің 204-і мемлекеттік, ал, 20-сы жекеменшіктің иелігімен ашылған. Төтенше жағдай жариялануына байланысты 8 сәуірден бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшеді. Өңірдегі колледждерде де сабақ онлайн форматта өтеді. Ал балабақшалар қашықтан жұмыс істейді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

kaz.inform.kz

0
0
325

Қазақ ертең шығынын қайтарамын деп шырылдайтын болды

undefined

Шудың көкесі су тасқыны біткеннен кейін басталады. Біздің қазақ тірнектеп тапқанын үйіне жапсырады. Ішіп-жемей, көрмей қалуға бар, бірақ жарқыраған жиһаз, люстраның қымбатын алады, жиған-тергенін ремонтқа жұмсайды. Соңында бәрін су шайып кетті. Ол қалай өтеледі, қалай есептеледі?

Және ауылдағы ағайын қора түгілі үйін де рәсімдемей жүре береді. Оны қалай дәлелдейді?

Өткенде жылқы қырылғанда әкімдік пен халықтың есебі екітүрлі болды ғой. Себебі қарапайым жұрт сақтандыру түгілі қорадағы малын чиптеп, түгендеп жүрмейді.

Ертең шығын өтелерде, қанша тауығы, қанша малы бар екенін қалай анықтайды?

Халық қазір ашынып тұр. Өтемақы төлеу, құрылыс, көмек беру бәрі әділетті болуы керек. Бір жолын таппаса айқайдың көкесі сонда болады.

Гүлбану Әниятқызының жазбасы

0
0
306

Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 7 сәуірде Алматы уақытымен 13-46 сағ.жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 460 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5
MPV магнитудасы 5.3
Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09° Тереңдігі 20 шақырым.(МЅК-64 шкаласы бойынша) Алматыда 2 балл сезілді.

https://t.me/qr_tjm

0
0
272

Бектенов Құлсарыға барып, өңірдегі жағдайды тікұшақпен бақылады

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы қазіргі жағдайды тексерді. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты. Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су б…

0
0
329