Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Су басқан өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай толық бақылауда тұр

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.Мамандар бұл тұрғыда жағдайдың қалыпты екенін айтады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударылған. Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді.«Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызме…

0
0
305

Прокурорлар су тасқынына қатысты тергеу жүргізе бастады

Прокуратура органдары су тасқынына байланысты тергеу жүргізуге кірісіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Фото: gov.kzПрокурорлар нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да нысандардың қирау себептерін анықтамақ."Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады", - делінген қадағалаушы органның хабарламасында.Қазір прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастаған. Олардың жергілікті жерлердегі жерлердегі әріптестері құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету…

0
0
284

Бюджет қаражаты жымқырылды

Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.Атап айтқанда, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.Тағы бір жағдайда, «Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 75,2 млн теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.Қабылданған шар…

0
0
359

Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен боксшыға берілетін сыйақы мөлшері айтылды

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды.Бұл жәй ауызашардағы фотоСондай-ақ, жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:🔹1-орын: 220 000 $🔹2-орын: 120 000 $🔹3-орын: 70 000 $🔹4-орын: 30 000 $🔹5-орын: 10 000 $Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы…

0
0
364

Алматыдағы мектепте бюджет қаржысы жымқырылған

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасындағылар хабарлады.

2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

0
0
630

Қытайда соталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылды ма?

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желіде тараған Қытайда есірткі тасымалдады деген айыппен сотталға Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны туралы ақпаратқа сіікеме берді.Фото: FacebookБүгін ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдері ресми өкілден: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?», - деп сұраған еді.Айбек Смадияров ол ақпараттың жалған екендігін атап өтті.«Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ол расталмаған. Сіз Tik Tok-тағы ақпаратты айтып тұрған шығарсыз. Онда неше түрлі мәлімет жарияланада береді», - деді ол.Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбай…

0
0
220

Наурыз айында мемлекеттік шекарада 1500-ден астам заң бұзушы ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылғы наурыз айындағы іс-қимыл нәтижелерін жария етті.ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы наурызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:- шекара кеңістігінде 1 574 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:- 25 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;- 37 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.Мемлекеттік шекара арқылы 1 059 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:- 57 факті – есірткі заттары;- 21 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана ату, 5 дана зақым келтіру және 4 дана суық қаруы, 44 дана оқ-дәрі);- 40 факті – діни әдебиет 3092 дана);- 223 факті – жалпы сомасы 110 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (47 тоннадан астам);- халық т…

0
0
228

Бишімбаев: «Ол біреудің көңілдесі болғанын мойындады. Аты – Райымбек»

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Онда экс-шенеуніктен жауап алынды.   «Ол маған бір кездері сол адамның көңілдесі болғанын мойындады. Мен ол адамды танимын. Әрине, мен бұған есеңгіреп қалдым. Ол әйелімнен 20 жастан аса үлкен. Төрт баласы бар», – деді Бишімбаев.  Сол сәтте төрайымдық етуші судья бөтен біреудің жеке мәліметтерін жариялаудың зардаптары болатынын ескертті.«Мен оның атын ғана айтамын – Райымбек. Бұл адамды танимын. Бір кездері жолыққанбыз. Мен әйелімді жамандағым келмейді. Бірақ болмаған айыпты тағудың қажеті жоқ», – деді сотталушы.Зардап шегуші тараптың өкілі судьядан Нүкенованың күйеуге шыққанға дейінгі мәліметтерін қарастырмауды сұрады.Бірақ Бишімбаев тоқтай қойға…

0
0
280

Прокурорлар Алматыны техногендік апат қаупінен сақтап қалды

Прокурорлар Алматыда техногендік сипаттағы ықтимал қауіптің алдын алды. Алматы көлік прокуратурасы жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде, автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер учаскесін беру кезінде елеулі бұзушылықтарды анықтады.Атап айтқанда, уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, астынан кәріз құбырлары өтетін тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан бөлінбейтін жер телімін мегаполистің автобус паркіне жанармай құю үшін берген.Осылайша, жауапты лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жол берген.Көлік прокуратурасы араласқаннан кейін кінәлі лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы жер учаскесін Алматы қаласы әкімдігінің балансына…

0
0
323