Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Алматыда экс-полицей наразылық ретінде электр бағанасына шығып алды

Алматыда бұрынғы тәртіп сақшысы ерекше наразылық акциясын өткізді.

undefined

Фотоколлаж: t.me/ladakz

Ер адам жеті жыл бұрын құқық қорғау органындағы қызметінен кетірілгеніне наразылық ретінде электр бағанасына шығып алды. Соған дейін ол Ішкі істер министрінің атына бейнеүндеу жазған.

Бұрынғы тәртіп сақшысының сөзіне қарағанда, оны жеті жыл бұрын жұмыстан заңсыз шығарып жіберіпті. Ол кезде бұл азамат әкімшілік практика бөлімі бастығының орынбасары болып істеген. Тұрғындардан жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлегені жөніндегі түбіртек қабылдап отырған. Содан бір ши шыққанға ұстайды. Бірақ бейнеүндеу жазған азамат ол жерде өзінің кінәсі жоқтығын айтады.

0
0
302

Астанада автобустың түнгі бағыттары ашылмақ

Бұл жазғы уақытқа байланысты болып отыр.

undefined

Астанада жаздың басталуына орай қаланы одан әрі ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі № 201, 202, 203 бағыттарды іске қосу жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады. Түнгі бағыттар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі туралы толық ақпаратты іске қосуға жақын жариялаймыз", - деп жазылған елорда әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

0
0
601

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.
undefined
Фото: gov.kz

1992 жылдың осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері - ту мен елтаңба бекітілді. Сол жылдың 11 желтоқсанында әнұранымыз қабылданып, ол 2006 жылы өзгерді.

Ал 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілген.

0
0
1120

Енді Sergek бейнекамералары құрылыс барысын да бақылайтын болды

Бұл, әсіресе, қазір су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмысын жеделдету үшін қажет болып тұр. Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Sergek Group компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен серіктестікте тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты.Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауды мүмкін етіп, сондай-ақ азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыс…

0
0
322

Өскеменде «Жер-2024» республикалық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр

3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан.  Бүгін жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылды. Сондай-ақ адам көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізілді.                Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсаты…

0
0
328

Ертең тағы дүрлігіп жүрмеңіздер: Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты

2024 жылдың 3-6 маусымы аралығында жаңа оқу кезеңінің басталуына орай Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі.Жылда осындай кезде жолда көптеген әскери техниканың кетіп бара жатқан видеосына қарап, жұрттың дүрлігіп кететіні бар. Қорғаныс министрлігі соның алдын алу үшін ресми хабарлама таратып отыр. "Осыған (жаттығуға - ред.) байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқар…

0
0
623

«Папам мамамды ұрып тастаған». Маңғыстаулық жігіт әкесінің үстінен арыз жазды

Маңғыстау облысында жігіт анасын ұрғаны үшін әкесінің үстінен полицияға арыз жазды.Оның Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің алдына келіп тұрған видеосы Instagram-ның abdulla_kz_kz парақшасында жарияланды. Шешесі таяқ жеген кезде басқа жақта жүрген жігіт әлгі жағдай үшін ауылына келген.«Алматыдан ұшып келдім. Папам мамамды ұрып тастаған екен. Ол ішіп алып, анамды түн ортасында қуалап жүріп сабап, мүгедек болуға дейін апарған. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала кезімде мені де аямай ұрып, психологиялық соққы жасады. Енді жасы елуге келсе де анамды ұруын доғарар емес», – дейді ол.Оқиға сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні болыпты. Жігіттің айтуынша, таңертең әкесін тәртіп сақшылары ұстап әкеткенімен, екі сағаттан кейін жібере салған. Сосын ол арыз жазу үшін полицияға барыпты.Жігіт әкесіне лайықты…

0
0
717

Президент бүгінгі айтулы күнге орай жазба жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.
undefined

"Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз.
Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр.
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз", – деп жазды Президент.


t.me/aqorda_resmi

0
0
652

Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

undefined

Фото: t.me/qazaqstantv

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Бұл дата 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілген.

Жаппай қуғын-сүргін кезінде елімізде 100 мыңнан аса адам қудалауға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесіліпті. Көбіне ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтарымыз, яғни зиялы қауым өкілдері атылды.

Айта кетейік, Қазақстанда 1993 жылғы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды.

0
0
579

Қаржы министрлігі польшалық компанияға қатысты халықаралық конвенцияны бұзған

Қаржы министрлігі шетелдік компаниямен «татуласу» рәсімін кешіктірген.Бизнесті қорғау - прокуратура органдарының міндеттерінің бірі.Алматы қаласы соттарының поляк компаниясының («Exalo Drilling» АҚ) салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талабын қарауы шеңберінде Қаржы министрлігінің халықаралық конвенцияны бұзғаны анықталды.Мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамады және 600 млн теңгеден астам корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеді.Польшаның Қаржы министрлігі даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсімін бірнеше рет бастауға тырысқаны белгілі болды.Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген.Алайда, қаржы министрлігі сот дау…

0
0
480