Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ертең тағы дүрлігіп жүрмеңіздер: Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты

2024 жылдың 3-6 маусымы аралығында жаңа оқу кезеңінің басталуына орай Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі.

undefined

Жылда осындай кезде жолда көптеген әскери техниканың кетіп бара жатқан видеосына қарап, жұрттың дүрлігіп кететіні бар. Қорғаныс министрлігі соның алдын алу үшін ресми хабарлама таратып отыр.

"Осыған (жаттығуға - ред.) байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

0
0
591

Осы тақырып бойынша

Ертең тағы дүрлігіп жүрмеңіздер: Қорғаныс министрлігі... - Yvision.kz