50 мыңдық петиция утилалымды алып тастауға ықпал ете ала ма?
Белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде осыған қатысты ойын жариялады.Фотоколлаж: Azattyq RuhyСу жаңа SANTA FE-ге сынып жүргенімді білесіздер. Қалтамда көк тиын болмаса да өткенде салонға бардым. Миллионерлер сияқты маңғаздана кіріп, менеджердің алдына жайғастым. Ақырын ғана аузымды жыбырлатып, паңдау образбен прайс сұрадым.SANTAFE-нің ең арзаны 19 млн, қымбаты 27 млнға жетер-жетпес екен. Тым қамбат, бұл соманы қалтам көтермейтінін іштей біліп тұрсам да сыр білдірмеді-ей сабазың! “Толық комплектациясы бар ма? Қолма-қол ақшаға аламын” деп қойып қалдым. Менеджер жігіт жүзіме бір қарады да: "Кешірерсіз, қазір дайын көлік жоқ. Жаңа модель болғасын Кореядан келіп жатыр. Әлі кіргізіп үлгермедік" деді. "Сонда бұл Қазақстандікі емес пе?" деп дауысымды көтере сөйледім. "Жоқ, SANTA FE Коре…

