Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

600 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Сәтемір хан

Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі.Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: Құдай-Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа - екеш құмырсқа да тынбай жұмыс істеп жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. Тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен, деп ойынын тастап, қалаға барды.Қалада бір зор білімді, оқым…

0
0
945

Қарға мен құрт

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп:

— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді.

Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді.

—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт.

Қарға тағы «уһ!» деді.

— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді.

Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді.

0
0
736

Жұмыссыздық бойынша төлем кімге тиесіл және оны қалай алуға болады?

Қазақстанда жұмыссыздар деп танылған тұлғаларға жұмысынан айрылу төлемдері тағайындалады. Егер сіз жұмысыңызды жоғалтып алсаңыз және осы төлем түріне үміткер болғыңыз келсе, Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде дереу тіркелуіңіз керек.Төлемнің осы түрін алу мерзімі 1 айдан 4 айға дейін. Қызметкерлерді қысқарту, ұйымды тарату немесе өндіріс көлемін қысқарту үшін жұмыстан босату жағдайында төлем кезеңі 6 айға дейін көбейтіледі.Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін тағайындау, есептеу (айқындау), қайта есептеу ережелері мен оларды жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.Төлемді алу үшін қайда бару керек- жұмы…

0
0
1811

Қазақстаннан білікті мамандар кетуде

2017 жылы елден 37,7 мың адам кеткен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% -ға көп, ол кезде елден30,1 мың адам кеткен еді. Көптеген қазақстандықтар ТМД елдеріне кеткен - 33,7 мың, басқа елдерге - 4 мың адам.Қазақстаннан кеткен білікті мамандардың үлесі 54% -ды немесе 20,4 мың адамды құрады, бұл кәсіби мамандардың кетуі 17,4 мың адамды құраған 2015 жылға қарағанда 17% -ға артық.Қазақстанға 16,1 мың адам ғана (ТМД-дан 11,6 мың адам, басқа елдерден 4,5 мың) келген, бұл 2015 жылға қарағанда 3,5 пайызға аз (16,7 мың адам).Сонде елге келген адамдар мен кеткен адамдар айырмашылығы 21,6 мың адамды құрады, 2015 жылы - 13,4 мың адамды құрады.Елге келген білікті кадрлар 2017 жылы 5,8 мың адамға жетті, бұл 2015 жылға қарағанда 15% -ға аз. Олардың үлесі Қазақстанға келушілердің жалпы санының 36%, 2015…

0
0
449

Елбасы жаңа қазақ әліпбиін бекітті

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Ақпарат көзі

0
0
743

Маған сені уәде еткен. Эльчин Сафарли. Дәйек сөздер

***Ең үлкен бақытсыздық - өткеніңде бақытты болу.***Көмек күту қарыз алғанмен тең. Өзің жасаған оңайырақ.***"Сенің" адамдарың сен қанша жыласаң да, қаншалықты айқайласаң да, тіпті жоқ болып кетсең де, әрдайым сенімен бірге қалады. Олар жәй ғана бар, олар саған есікті қуана ашады, қол ұшын береді, бутербродымен бөліседі.***Өміріміздің белгілі бір кезеңінде осы кезеңге қажетті белгілі бір адамдарды жолықтырамыз. Таңқаларлық тартылыс күші, өзара тиімді құтқару. Белгілі бір уақытты бірге өткізіп, одан кейін міндетті түрде айырылысамыз. Себебі әр қайсысымызға ары қарай жүру керек, тағдырымыздың келесі жаңа кезеңіне кіруіміз керек. Неке жалқау адамдар үшін ойлап табылған. Оларға ары қарай жылжығанша, жарты жолда қалып қалу оңайырақ.***Інім, егер өткенің жібермей жатса, ол яғни әлі бітпеді (өтпе…

2
0
588

Жүрекке абай болыңдар 2

Мейрамбек үйленіп, оған ғашық қыздар да үміттерін үзіп, тағдыр жазды, мен көндіге салып, тиесілі байларына тиіп, ел іші тынышталып қалғанда, Қайрат шықты. Жүрегін ұстап, жылай сүйіп, құлай сүйіп, сахнаға шыға келгенде, кімге ғашық боларын білмей жүрген қыздардың Құдайы берді. Бар екенсің-ау, батырым. Мұншама кешіккенің не, айбозым. Ел іші қайта дүрлікті. Шу-шу еткен қыздар. Стадиондарда шыңғырған дауыстары жер жарады. Соншама қызды алаңға алып шығып, соншалықты шыңғыртқан не деген сезім, не деген махаббат?! Потанин тіріліп келіп, осы жағдайымызды бір көрсе: «маған қазақ даласы шыңғырып тұрғандай көрінеді»,-дер ме еді, демес пе еді?. Бұл енді жауабы жоқ сұрақ. Бір өлгесін, Потанин де, басқа да тірілмес. Негізгі әңгімеге оралайық. Мейрамбектен соң тыншыңқырап қалған заманда Қайрат шығып, қа…

0
0
863

Жүрекке абай болыңдар

Дейтін еді: қыз көрсем сайтаным бар, Бет-жүзіне қарамай айтарым бар. Ей, байғұстар, оқуды қайтесіңдер, Онанда жақсы-жақсы бай табыңдар... Мұқағалидың «Еркекшора» атты өлеңінен Қыздың жолы жіңішке, қыздың қырық жаны бар деп кете береді. Санап жатқан ешкім жоқ, санайтын адам болса, осы қазақта қыз туралы қырық мақал бар шығар-ау, ең кемі. Жолы жіңішке бола тұра, қырық жанының арқасында ыстыққа да, суыққа да шыдайтын сол қыздардың сезімге келгенде шыдамсыз болатынына таң қаласың. Және соның барлығы үмітсіз дүние, баянсыз сезім болса ше? Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында Мейрамбектің суретін төсегінің басына жапсырып, әнімен сырласып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған қыздардың саны он мыңнан, тіпті, жүз мыңнан асты десе, сенер едім. Осыған дейінгі ешбір дерегін қисынға келт…

0
0
798

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Жамалдың бала күнінен келе жатқан кітап оқитын әдеті қалмаған. Бұл күнде ол осы үйден кішігірім кітапхана жасап алған. Бүгін де бар жұмысын бітіріп қойып, кішкентай бөпесі жатқан бесікті тербеп, кітап оқып отыр. Кейде бұрынғы оқыған кітаптарын қайталап оқитын. Бұл жолы да сөйтті. Сырласына, мұңдасына айналып кеткен Мұқағалидың өлеңдерін қолына алған. Кезекті өлеңінің мына бір жолы оны тағы да ойландырып тастады."Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе?.Жастықта жалын атып сүйсем егер,Түспес ем осындай күйге мүлде". Рас-ау, Жамал кімді сүйіп еді?. Нұрболға деген сезімі жылт етпе балаң сезім сияқты. Шердің адамдық болмысын сыйлағаны болмаса, арыға барған емес. Жәнібекті жақсы көрді. Бірақ оны да махаббат дей қою қиын. Туа бітті момындығының арқасында еріп кете б…

0
1
2061

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Айтпақшы, бұл уақыт аралығында Жәнібек те үйленген. Бір ұл туып берген әйелі сол үйдің толық қожасына айналыпты. Қит етсе, кетем деп қорқытатын көрінеді. Оның жәйсіз мінезіне Жәнібек те көндігіп кетсе керек. Жәнібек былай тұрсын, Қайшының да екі аяғын қайшылатқан күйі бір етікке тығып жіберетін сәттері жоқ емес екен.

Ақпарат көзі

0
0
940