Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Журналистердің этика кодексі жай ғана дабыра ма?

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жаңадан қабылданған журналистердің кодексінің талқылауын ең бірінші болып дөңгелек үстелге шығарды. Оның алдында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матай, қазақстандағы ЮНЕСКО бюросынан Сергей Карпов, президенттің пресс қызметінен Валерий Жандаулетов пен тағы басқалар өз пікірлерімен бөлісіп, сонымен қатар журналистика мамандығының студенттерімен әңгімелесті. Кездесуді университет ректоры Дамир Абдухалиұлы қызықты да мағыналы келіссөз жүргізуді тілеумен бастады. Нұр Отан халықтық-демократиялық партияның Бостандық ауданының филиалынан Станислав Владимирович журналистік этиканы сақтаудың маңызын меңзіді. Валерий Жандаулетов кодекстің адами моральдік құндылықтардың маңызды бөлігі екендігін атап өтті. "Қазақ энциклопедиясының" б…

2
2
1256

Қара археология немесе далада шашылып жатқан сүйектер

Құрметті оқырмандарым!!! Алдын ала ескертіп кетейін постымда келтірілген суреттер жақында түсірілген және сіздерді біраз шошытуы мүмкін.

Соңғы уақытта Сарайшық қаласы жайлы көп сөз қозғалып жүр. Алайда көптеген кісілер қаланың қазіргі орнында (дәлірек айтқанда қалдықтарында) не болып жатқанын біле бермейді. Осы бір өте қасіретті мәселені қозғау мақсатымен, осы постымды ұсынамын.

Бүкіл жері ғасырлар бойы қазылған, тоналған.

Аларын алып, орнында жан жаққа шашылған адам сүйектері жатыр.

Жерде шашылып жатырған сүйектердің үстінен адамдар да, балалар да өтіп жүр. Тіпті малдар да жайылып жүре береді. Қорымды біржолата көміп тастау үшін ой-санадан басқа дым керек емес деп ойлаймыз...

Толығырақ  http://aikap.kz - тен қараңыз.

P. S. Кезінде Мәскеу Сарайшық қаласы жобасы негізінде салынған.

2
6
1641

Skyfall: Аспан құлаған кез

Бонд, Джеймс Бонд күңгірт кеңсе, күйбең тірліктен сұрқай тартқан көрерменге қымбат көлік, сұлу қыз, деміңді алар қым-қуыт шпиондық өмірден ләззат алатын, қарапайым пенде көзбен көріп, қолмен ұстамаған соңғы технологиялармен жабдықталған еркектің сырттаны бейнесін елу жыл бойы сыйлап келеді. Ресми түрде 23-ші бондиана болған «Скайфолл» «Американдық сұлулық», «Өзгерістер жолы» секілді адам жанының ұңғыл-шұңғылына үңілуге тырысқан күрделі драмалардың «иесі» Сэм Мендестің құзырына берілді. Бұл фильмнің бағы да, соры да болған секілді. Төтесіне салсақ, «бондиалаған» топ туындының тура осындай тым «адами» шығарын күтпеген сияқты. Содан болар ноландық «Қара батырдың оралуымен», өзге де өліп, қайта тірілген қаһармандармен параллель жүргізіп, сынап-мінегендер көп болды. Ырс-ырс төбелес пен гүрс-гү…

5
2
869

Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!

Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға "көн шалбары көтіне қатқан" бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады. Біз әлимсақтан бері көріп келе жатқан мультфильм атаулы осындай болатын. Жағымды кейіпкеріміз нар тұлғалы, бура санды, бұқа мойынды, көрікті де келісті болса, қарғыс атқыр қара ниетті неме бет-ауызы бүріскен, көрген адамның көзін де, көңілін де құсаға қалдыратын кейіпте еді. Дженнди Тартаковски (тумысында мәскеулік Геннадий Тартаковский) бұл мәселеге басқа жағынан кіруге бел шешіпті.…

5
3
1958

Түрлі-түстер музыкасы

Алматыдағы Қастеев атындағы өнер мұражайында бірінші қараша күні салтанатты ашылған үлкен сурет көрмесіне қатысып қайттым. Бұл - мен өте силайтын және құрметтейтін ағамның, үлкен дарын иесінің жетпіс жылдық юбилейіне орай ұйымдастырылған шуақты да шарапатты өнер мерекесі. http://www.khabar.kz/rus/world/Jubilejnaja_vistavka_Kenzhebaja_Dujsenbaeva_prohodit_v_Almati.html Сурет өнерінің саңлақтары жылы лебіздерін білдіріп, өнер тұлғасына өз құрметтерін көрсетті. Көрме қонақтарына ағаның соңғы жылдарда жасаған туындыларының түрлі-түсті де өте сәнді альбомы сиға тартылды. Сол альбомда ағаны мынадай қысқа сөздермен таныстырады: "КЕНЖЕБАЙ ДҮЙСЕНБАЕВ Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1942 жылы Шымкент облысы, Абай ауылында дүниеге келген.1972 жылы А.Н.Островский атындағы ТКИ (Ташкент) б…

2
0
1108

"IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!

… неден бастарымды білмеймін… Қысқасы, Атырауда, кешегі жұма 12-інен, бүгін 14-қазан аралығында «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы ұйымдастырып, еліміздегі ірі компаниялар демеушілік көрсеткен startupweekend болып өтті. Соған мен де өзімнің арысы бір жыл, берісі жарты жылдан бері ит болып жүгіріп жүрген "ІТ-тірлік" атты онлайн журналымды ұсынған едім. Аллаһ қолдап, жүлделі бірінші орынды алдым. Алғаным 500 000 теңге. 10 пайыз салығын төлеймін)Обшым, осы уақытқа дейін менімен бірге болған, маған сенген, көмектескен, ат салысқандардың баршасына шын-жүректен алғысымды білдіремін. Айтпақшы, "ІТ-тірлік" журналымды көріп «сайты быт-шыт, журналдың өзі анау. Бұның қай жеріне бас жүлде?» демеңіздер. Олар осы тұрысына емес болашағының жарқындығына сеніп табыстады. Менің ендігі мақсатым, сол се…

5
6
849

Стереотип сынған күн

Соңғы жылдары шыққан саны аз, сапасы да қуанта қоймайтын селдір-селдір болып сирек біткен қазақ фильмдерінің әсері болар, алғаш рет Саяси шешімдер институтына «Шалды» көруге барғанда екіұшты ой болды. Тұрсынов таң қалдырмаса да тұқырта қоймас деген үміт отандық актерлар ойынына, дыбыстық монтаждалуына, әуен-өлеңіне, сценарий-қойылымына деген қалған көңілге жол беріп, тасада қалып бара жатқан-ды. Бірақ бізге бұл қазақ киносының басына біткен негіздісі бар, негізсізі бар сынның сағы сынған күнді көру бақыты бұйырыпты. Алғашқы кадрлар мен ә деп басталғанда-ақ айтылған сөздер алдымызда төрт аяғын тең басқан (аздап ақсаңдауы бар, ол туралы кейінірек) туындының жүріп жатқанынан хабар берді. Өзгені білмедім, өзім «Тұрсыновтың «Шалы» деген тіркестің көптің көкейінде қатталып, жатталып қалатынына…

8
1
825

Қайта тірілген күшік, жарғанат-мысық және кішкентай ғалым-пысық

Әлі есімде бастауыштан «босап» шығып, мектептің бел буынына қосылған тұста кішкентай қара-ала күшікке қолым жеткен-ді. Шыр айналып, зырылдауықша жүгіріп жүрген сол күшік аяқ асты ауырып, өледі-ау деп жатқан кезінде әжептеуір қиналғаным бар. Кино саласында тентектеу, елден еректеу стилімен көзге түсіп жүретін Тим Бертонның «Франкенвини» анимациялық туындысын көріп отырып сол Тарзанды (бағанағы күшік қой) есіме түсірдім. Мектеп оқушысы мен иесіне берілген Спарки туралы фильм залдағы біраз елдің де ойына оу заманда қалып кеткен ит-мысықтарын оралтса керек, «The end-пен» қатарласа тұрған жұрт дабырласа күліп, көздері жылтырап залдан шығып бара жатты. Әйткенмен, алыс Америка құрлығының прокатына бізден бұрын шығып, көптің көңіліне жақпай қалған «Франкенвини» жалпы әлемде табыс табудан титықтап…

6
0
1026

Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов — бұған дейін жалпы көпшілікке аса таныс емес тұлға. Алайда «Келін», «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «Қызғылт қоян туралы аңыз» секілді бірқатар туындыларда қосымша, эпизодтық рөлдерді сомдаған актер ұзақ жылдар бойы кино саласының отымен кіріп, күлімен шығып келеді. Киностан порталы Ерболат Тоғызақовтың «Шал» фильмінен алған әсерлерін, ойларын сіздерге ұсынып отыр. * * * Фильмнің финалында қасқырмен бетпе-бет келіп, тағының мені кешірген сыңайда қарап, кері бұрылып кететін жері бар. Бұл — режиссердің, монтаждаушылардың, оператордың үлкен еңбегі. * * * Түсірілім барысында мен сол қасқырға деген үлкен алғысты сезіндім. Әбден шаршаған болатынмын. Ә…

4
7
996

Әлем тоқтаған кезде

"Реал" мен "Барселона" бір-бірімен ойнаған кезде әлем бір сәтке тоқтайды Жозе Моуриньо Эль-Классико! Футбол тарихындағы ең қызықты кездесу. Қазан айының 7-сі күні ЛаЛиганың 7-турында кезекті "Эль-Классико" өтпек. Қызуқанды кездесуге барын салып дайындалып жүрсе де, қос клуб та оны мойындайтын емес. Бапкерлер де, ойыншылар да ЛаЛиганың кезекті тур ойындары деп, жұртты сендіріп бағуда. Дегенмен, әлемдегі ең мықты қос клубтың ойынына дайындалмау мүмкін бе?! Барса мен Реал бүкіл турнирді санағанда 252 рет кездесіпті. Демек, 7 қазанда 253-ойын болмақ. Кім жеңуі мүмкін? Ол - уақыт еншісінде. Осы орайда, командалардың құрамына сараптама жасап көрсек. Чемпионат басталғанда "Реал"-дың ойыны жүрмеді. Болмайтын жерден ұпай жоғалтып, басты қарсыласы "Барсадан" 8 ұпайға қалып кетті. Әрі корольдік клуб…