Мазмұнға өту
Алматы қаласы
65 жазбалар3 тіркелуші

Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. 1929 жылдан 1997 жылдың аяғына дейін еліміздің астанасы болды. Қазір ол – республикалық маңызы бар қала.

Жолдау, Конституция, Абай және болашақ алдындағы жауапкершілік: Алматыда студент жастармен кездесу өтті

Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, ұлттық құндылықтар мен әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі өзара қалай байланысты? Сондай-ақ жаңа Жолдауда көтерілген негізгі міндеттердің мәні неде? Бұл мәселелер Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастырған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерімен өткен кездесудің негізгі тақырыбына айналды.

Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атсалысты

Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атсалыстыӨңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттер» атты жолдауына арналған сараптамалық талқылау өтті. Кездесуге қатысқандар онда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын, білім мен ғылымды дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселесін талқылады.

Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды

Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында Республика күніне орай отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.Аумағы 1 гектарды құрайтын сквер қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналды. Шұғыла шағын ауданы – Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы. Мұнда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, әлеуметтік нысандар да орналасқан. Алайда бұған дейін тұрғындардың серуендеп, демалуына арналған мұндай ауқымды абаттандырылған аумақ болмаған.

0
0
111

Медеу ауданы көшкін қаупі бар 18 жерді қорғауды қолға алды

Өңірлік коммунгикациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин тау бөктеріндегі көшкіннің алдын алу мен көшкіннен келетін оқыс жағдайды азайту мақсатында қолға алынған осы жұмыс жөнінде айтып берді.

0
0
131

Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттанып, Qadam саябағы салынып жатыр

Әуезов ауданында қазан айының соңына дейін 11 көп қабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеп, 10 аулаға күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа Qadam саябағын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауданда тұрғын үй қорын жаңарту жұмысы да жалғасын тауып, Жұбанов көшесінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Абзал Егембердиев осы жұмыстың аяқ алысы туралы айтып берді.Ауданда 1 917 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 797-сі 1960–1970 жылы салынған. Аудан басшысының айтуынша, қазір Абай даңғылының бойындағы 11 үйдің қасбеті қоса жөнделіп жатыр екен.«2023–2029 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында 2026 жылға 40 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен инженерлік желісіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі пысықталды. Тағы…

0
0
119

Алатау ауданы көгалдандыру жұмысына қатты көңіл бөліп отыр

Алатау ауданы санитарлық тазалап, жасыл аумақтарды күтіп ұстауға көңіл бөліп, қоғамдық кеңістікті абаттандырып жатыр. Ауданда 730 көше бар. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шағын аудандарды тазалау, ағаштарды қырқу, балалар алаңын сырлау мен қоғамдық аумақтарды қалпына келтіру жұмысы күшейтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі қалалық ортаны күтіп ұстау бойынша атқарылып жатқан жұмыс пен алға қойған міндет туралы айтты.

0
0
158

Алматыда «Алматының қызыл алмасы – мықты және бақытты отбасының символы» инклюзивті қайырымдылық фестивалі өтті

2026 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстанның Отбасы күні Алматы қ. Білім басқармасы ұсынған Алматы қ. оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында «Алматының қызыл алмасы – мықты және бақытты отбасының символы» инклюзивті  қайырымдылық фестивалі өтті. Фестивальді Қазақстан мен Орталық Азия отбасы институты Қазақстандық гемофилия қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

0
0
161