Мазмұнға өту
Алматы қаласы
47 жазбалар3 тіркелуші

Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. 1929 жылдан 1997 жылдың аяғына дейін еліміздің астанасы болды. Қазір ол – республикалық маңызы бар қала.

«Өтелмеген парыз»: Ауғанстан ақиқатын ашқан әсерлі туынды

15 мамыр күні Алматы қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратында Sayahat Time командасы түсірген «Өтелмеген парыз» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм авторлары – режиссер әрі фотограф Ернар Алмабек пен журналист Жазира Байдалы. Кездесу барысында спикерлер фильмнің түсірілу барысы, Қазақстанның Ауғанстандағы гуманитарлық миссиясы және сапардан алған әсерлері туралы кеңінен әңгімеледі.

0
0
174

«Музей түні – 2026» тарих пен мәдениетті тоғыстырған ерекше кеш

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясын өткізді. Биылғы іс-шара «Әрқилы әлемді бір арнаға тоғыстырған музейлер» тақырыбымен ұйымдастырылып, келушілерге тарих пен мәдениетті жаңа форматта таныстырды.

1
0
133

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Алматыдағы Абай алаңы дәм мен дәстүр тоғысқан ерекше кеңістікке айналды. Ашық аспан астында өткен ауқымды гастрономиялық жәрмеңке ондаған қоғамдық тамақтану орны мен этномәдени бірлестіктердің басын қосып, аспаздық өнердің халықтарды жақындастырып, олардың бірегей мұрасын таныта алатынын айқын аңғартты.Іс-шараның өзегі — әр этностың асханалық байлығын паш ететін кең де берекелі дастархан болды. Ұсынылған тағамдар арқылы әр халықтың ұлттық ерекшелігі мен рухани болмысы көрініс тапты. Түрік этномәдени бірлестігінің ұсынған тағамдар көпшілік назарын айрықша баурады. Оның өкілі Наргиз Мурадова ұлттық тағамдардың қыр-сырын бөлісті.— Біздің ұлттық нанымыз фурун этмеги үлкен пештерде пісіріледі. Синор жұқа лаваштан әзірленіп, үстіне айран немесе йогурт құйылады. Долма жүзім жапырағына түрлі салм…

0
0
164

Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен студент бір мезетте таңғы жаттығу жасады

Алматыда «Чемпиондық Рух» атты қалалық спорттық жоба өтті. Акция аясында 225 білім беру ұйымының 50 мыңнан астам оқушысы мен студенті мектептері мен колледждерінің спорт алаңдарында бір уақытта жаппай таңғы жаттығу жасады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

0
0
185

Алматыда жүлде қоры 3 млн теңге болатын «Youth Nomads» бірегей жобасы басталды

Қала базарларында және сауда орындарында жұмыс істейтін жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған бұл жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтіп жатыр. Жоба 18 бен 35 жас аралығындағы қатысушыларды қазақ күресі, ләңгі тебу, асық ату, қой көтеру, арқан тартыс және армрестлинг сынды 6 дәстүрлі спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3 000 000 теңге.

0
0
198

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Туризм Алматы экономикасындағы үлесін арттырып, негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді.

2025 жылы көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 15,2%-ға артып, 110,9 млрд теңгеге жетті.

0
0
234

Алматылық бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Алматыда бизнес қауымдастығының өкілдері тұрғындарды алдағы бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақырды. Олардың айтуынша, мұндай маңызды іс-шараға қатысу әр азаматқа елдің болашағына үлес қосуға мүмкіндік береді.

0
0
371

Алматылық зиялы қауым өкілдері референдумға қатысуға шақырды

Алматыда белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, білім және спорт саласының көрнекті өкілдері алдағы референдумға қатысты өз ұстанымын білдіріп, оны ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи оқиға деп бағалады. Олардың пікірінше, бұл – жай ғана саяси рәсім емес, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең.

0
0
208

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев жалдамалы тұрғын үйлерге бақылау күшейгенін және кезектің өскенін мәлімдеді

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев 2025 жылғы тұрғын үй саясатының қорытындысын ұсынды.

Алматыда 2025 жылғы тұрғын үй саясатыніске асыру қорытындысы жарияланды. Брифинг барысында баспана бөлу тетіктеріндегі өзгеріс, жастарды қолдау бағдарламаларын кеңейту, кезектің өсуі және жалдамалы пәтерлерге бақылауды күшейту жайы айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

0
0
403