Перейти к содержимому
Путешествия
Путешествия

Путешествия

3 589 постов467 подписчиков

Первый казахстанский специализированный проект про путешествия, отдых и туризм

ВЫСАДКА в НОРМАНДИИ

Летом этого года прошли торжества по случаю 80-летия операции «Оверлорд» – высадки десанта Союзников по антигитлеровской коалиции в Нормандии в 1944-м. В трёхдневных торжествах на побережье департамента Кальвадос приняли участие 20 глав правительств западных стран, в том числе Зеленский. Путин приглашён не был. Пресс-секретарь президента Песков высказался в духе «не очень-то и хотелось».А нам тогда очень хотелось, и мне вспомнился наш день «D» высадки в Нормандии. К последнему морюВ Париже был август. Поездка во Францию с сыном и дочерью подходила к концу. В арендованной «лекорбюзьевке» на рю Седан – аналоге советской «хрущёвки», только меньше в 2 раза, было душно и жарко. Идея рвануть на море возникла из ничего. Дочь Ажар захлопала в ладоши.– Море, море! Хочу на море.– Pas de probleme, –…

0
0
3455

Хиуаға саяхат

Өзбекстанның батысына саяхат барысында жол түскен келесі нүктеміз - ол Хиуа. Иә, исі қазаққа әуелден таныс шаһар. Біз де көптен армандап, ақыры Хиуаға ат басын тіреген едік. Хиуаға Қазақстанның қос тарапынан баруға болады. Бірінші, әрине еліміздің батыс бөлігінен жету, Маңғыстаудан Нөкіске поезд жүреді. Бірақ, бір жарым тәулік тым ұзақ деп санаймын. Бір уақытта Ақтау мен Ақтөбеден Нөкіске тіке әуе байланысы жоспарланған еді, соңы сиырқұйымшақтанып кетті. Яғни, Нөкістен ары 170 шақырым қашықтықтағы Үргенішке жетесіз. Ал, Хиуа Үргенішке тиіп тұр. Қызық көріп, қос қаланы жалғайтын троллейбуспен жеткен едік.Екінші, Ташкент тарабы арқылы жету. Ташкенттен Үргенішке Өзбекстанның ішкі рейстері ұшады. Бір сағат жиырма минутта топ ете қаласыз да, таксиге отырып, Хиуаға жетесіз. Біз Нөкіс арқылы жет…

0
0
1956

Үргеніш шаһарына сапар немесе Хорезм - "ислам ренессансы" ошақтарының бірі

Сапарымыздың үшінші күні біз Нөкіс-Үргеніш жолымен бағыт алғанымызды алдыңғы посттарымның бірінде жазған едім. Әуелгі жоспар бойынша Ташкенттен Самарқандқа, Самарқандтан Бұхараға, Бұқарадан Үргенішке поезбен шығуымыз керек болған, бірақ, бәрі сол уақытқа байланысты ғой, сондықтан, керісінше, Ташкенттен Нөкіске, Нөкістен Үргенішке бағыт алған бетіміз бар еді. Әлішер атты бауырымыз такси жүргізушіне апарып, табыстап кеткен. Бір байқағаным, Қарақалпақстанда Қазақстанды өте жақсы біледі, жүргізуші бауырымыз тіпті Атырауда тұрыпты. Оны айтасыз-ау, Нөкіс көшесінде ролик киген бала велосипедке мініп жатыр екен: "Құлап қаласың ғой?" десем, ол бала: "Қазақстаннан келдіңіздер ме? Қазақстанда тұрғанмын" дейді. Жалпы, қызық әсер.Әрине, Нөкістен Үршенішке дейін поезбен де жетуге болады. Бірақ, 170 шақ…

0
0
1831

Қарақалпақстанға саяхат

Жалпы, менің жоспарларымның бірі - түркі елдерінің бәріне саяхат жасап, олардың өмір-салтымен, тұрмысымен, асханасымен, тілі мен тарихымен танысу. Осы уақытқа дейін Түркияда екі рет, Әзербайжанда екі рет, Солтүстік Кипрде, Қырғызстанда, Өзбекстанда болдым. Өзбекстанға екінші сапарымды Ташкенттен соң елдің батыс бөлігіне (Қарақалпақстан, Хиуа, Үргеніш) арнау себебім де сол еді. Яғни, Қарақалпақстанды әрине 1-2 күнде тану мүмкін емес, дегенмен, кітаптан оқыған бір бөлек те көзбен көрген тіпті басқа ғой.Әуелі қарақалпақтар туралы. Өзбекстандағы қарақалпақтардың саны 2021 жылғы дерек бойынша 752,7 мың, яғни, саны бойынша Өзбекстан халқының төртінші ірі жұрты, мысалы, сол 2021 жылғы статистикалық деректер бойынша Өзбекстанда өзбектердің саны — 29,2 миллиона адам, тәжіктердің саны — 1,7 миллион…

0
0
732

Өзбекстанға саяхат бойынша лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз.Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтуге болады. Бірақ, мен әу бастан бұл нұсқаны қарастырғаным жоқ. Себебі уақыт жоқ, оның үстіне 1-1,5 күнді жоғалтқым келмеді. Әрине, поезбен арзандау түсер, осы жерде қандай лайфхак қолдандым? Әуе билетін ерте алсаңыз, соғұрлым арзан түседі. Айтқандай, билетті алар кезде, деректеріңізді екі р…

0
0
929

Өзбекстанның ішкі әуе компаниялары мен шетелдік лоукастерлер туралы

Өзбекстанның ішкі әуе компаниялары мен шетелдік лоукастерлер туралы айтпасақ болмас?Астанадан Ташкентке және кері ұшатын екі компанияның ұшақтары бар екен, біріншісі - өзіміздің FlyArystan және Air Astana, екіншісі Өзбекстанның Uzbekistan Airways компаниясы. Бағасы қалтаға қарай, шамалы айырмашылық болар. Сондықтан, Ташкентке барып-қайту кезінде отандық FlyArystan компаниясын таңдадық. Өз лоукостеріміздің жалпы, басында бағасы арзандау еді, кейінгі кезде біраз қымбаттап кетті.Ал, Өзбекстан аумағында олардың Uzbekistan Airways компаниясын таңдадық, ыңғайлы, бағасы да аса қымбат емес. Мысалы, Ташкенттен Нөкіске дейін бір сағат жиырма минут ұшсақ, Үргеніштен Ташкентке де бір сағат жиырма минутта жеттік. Айтқандай, билетті көп агрегаторлардан қарадым да, аталған компанияның өз сайтынан алдым.…

0
0
2595

Адам атаның туған жері

Иә, Қарақалпақстанға барған кезімізде осындай әңгіме естідік. Енді, толықтыра кетсем. Ел астанасы Нүкістен Көне Үргеніш бағытында, шамамен 10 шақырым қашықтықта Ходжейли (Қожа елі) қаласының маңында Миздакхан кешені (қала жұрты) орналасқан. Үлкен және ескі екені көрініп тұр. Аумағы 200 гектарды алып жатыр.Бұл ежелі қала біздің заманымызға дейінгі IV–III ғассырларда пайда болған. Шаһар Гәуір қала (Кәпір қала) деген атаумен белгілі, яғни, заманында мұсылмандардың түсінігі бойынша кәпірлер тұрған. Ал, бұл кәпірлер кім дейтін болсақ, араб шапқыншылығына дейін, яғни VIII ғасырға дейін мұнда зорастризм дінін ұстанғандар тұрған. Яғни, отқа табынушылар.Заманында Ұлы Жібек жолының бір тармағы осы өлке арқылы өткен және мұнда ірі сауда-қолөнер орталығы орналасқаны анықталған.Кушан дәуірінде (I–IV ғ…

0
0
1673

Өзбекстан туризмі туралы бірер сөз!

Өзбекстан туризмі туралы айтқанда, керісінше мына жайтты ескеруіміз керек, Өзбекстан азаматтары Қазақстанға келіп қаражат жұмсаған шетелдік туристердің үштігіне кірген, олар - Ресей, Өзбекстан және Түркия туристері. Қызық ә? Ал, біз Ташкентте қазақ туристерін жиі жолықтырдық. Хиуада бір-екеуін ғана көрдік. Батыс қазақтары болмаса, өзге қазақтар көп білмейтін сияқты.Ал, Өзбекстан меніңше өз туризм саласына диверсификация (әртараптандыру) жасап жатқан секілді. Яғни, кіріс қай саладан түседі, соның бәрін дамытады. Бірінші, Орталық Азиядағы ең үлкен мегаполис Ташкент. Әсіресе, біздің Түркістан облысының саяхатшыл халқына жақсы таныс деп ойлаймын. Әуежайда қазақ (Қазақстан азаматын) көрсе, такси жүргізушілері "Черняевка, Черняевка" деп айналшықтайды. Ташкент шаһарының танымал бес-алты локацияс…

0
0
2943

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралыАяқ астынан сапарға шықтым..Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да Ұлытау облысына талай рет жол түскен еді. Соңғы рет былтыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған экспедиция құрамына болған едім. Дегенмен, әлі де аяғым тимеген нысандар болған соң саяхатқа бірден келістім. Көп ақпарат алдым, бастысы әріптестермен бірге негізгі деген барлық нысандарға жеттік. Әрине, өңірдің туризм бойынша өз проблемалары бар, бірақ, алдағы уа…

0
0
3997

Тбилиси за 48 Часов Что Посмотреть?

В этом видео мы посетили много интересных мест в Тбилиси. На фуникулере поднялись на гору, чтобы посмотреть древнюю крепость Нарикала, а обратно пешком дошли до города, по пути заходили в церкви, а также посетили музей советской оккупации. Были в развлекательном пространстве модном в Тбилиси. Нашли мороженое со вкусом вина и еще много чего встретилось на нашем пути.

1
0
7028