Перейти к содержимому
Путешествия
Путешествия

Путешествия

3 593 постов467 подписчиков

Первый казахстанский специализированный проект про путешествия, отдых и туризм

Адам атаның туған жері

Иә, Қарақалпақстанға барған кезімізде осындай әңгіме естідік. Енді, толықтыра кетсем. Ел астанасы Нүкістен Көне Үргеніш бағытында, шамамен 10 шақырым қашықтықта Ходжейли (Қожа елі) қаласының маңында Миздакхан кешені (қала жұрты) орналасқан. Үлкен және ескі екені көрініп тұр. Аумағы 200 гектарды алып жатыр.


Бұл ежелі қала біздің заманымызға дейінгі IV–III ғассырларда пайда болған. Шаһар Гәуір қала (Кәпір қала) деген атаумен белгілі, яғни, заманында мұсылмандардың түсінігі бойынша кәпірлер тұрған. Ал, бұл кәпірлер кім дейтін болсақ, араб шапқыншылығына дейін, яғни VIII ғасырға дейін мұнда зорастризм дінін ұстанғандар тұрған. Яғни, отқа табынушылар.


Заманында Ұлы Жібек жолының бір тармағы осы өлке арқылы өткен және мұнда ірі сауда-қолөнер орталығы орналасқаны анықталған.


Кушан дәуірінде (I–IV ғасырлар) қала төңіректің батыс жағына орналасты. IX-XI ғасырлар аралығында қала гүленду кезеңін бастан кешірді, күшейтілген қамал салынады. Дегенмен, ғалымдар жерлеу дәстүрінің өзгергенін байқаған, яғни, аталған аймақ тұрғындары ислам дінін қабылдаған. Кейінгі аласапырандар кезеңінде қала тіршілігін тоқтата бастайды. XV ғасырда жаңадан бекініс салынады. Жұма мешіт пен ханака осы кезеңге тән.


Кешеннің батыс тарабын алатын болсақ мұнда бірқатар сәулет ескерткіштері орналасқан, олар: Мазлұмхан-сұлу, Халифа-Ережеп, Шамун-наби мавзолейлері, Жомарт қасапшы төбесі және т.б.


Халифа-Ережеп мавзолейінің қалдықтары Мазмлұмхан-сұлу мавзолейінен оңтүстікке 120-130 м жерде орналасқан, шамамен Х–ХI ғасырларға жатады. Мавзолей бүлінген, құлаған, дұрысы, алдыңғы порталы жоқ, астыңғы қабырғаларында қамыс төселген, дұрысы, ол қамыс жер сілкінісі кезінде амортизация рөлін атқаратын болған. Ғалымдар ғимаратты сопыларға қатысты деседі.


Миздакхан кешенінің келесі ескерткіші Шамун-нәби мавзолейі, ол манағы айтқан Жомарт қасап төбесінің жанында орналасқан. Оның ерекшелігі жеті күмбезбен көмкерілген. Ішіндегі, жерленген адамның (әлде адамдардың) зираты (немесе тасы дейміз бе) едәуір ұзақ, бір 20-30 метр бар-ау?!


Бұл ғимарат XIII–XIV ғасырларға жатады деседі, дегенмен, сыртқы жағы жөндеу көрген.
Шамун нәби өзі емші әрі балуан болған деседі. Кісі емдеп, дін таратқан.
Жомарт қасапшы туралы айтатын болсақ, өзі бай болған деседі. Жұт кезінде төңіректегі елді етпен қамтамасыз етіпті.


Дегенмен, бұл аңыз-әфсаналардың түбі бар. Мәселен, Жомарт мысалы қазақтың Атымтай Жомарт деген түсінігімен ұқсас, ал, арғы жағы бағанағы айтқан зорастризм дініндегі Дайтиа (яғни, Әмудария) өзені бойындағы Аирйанэм-Ваэджа (яғни, Хорезм өлкесі) аймағында тұрған жартылай адам, жартылай бұқа кейпіндегі мифтік Гаумардпен байланысты екен.


Иә, өлкенің тарихы тереңде, ал, Миздакханның өзі XIV ғасырға дейін өмір сүрген. Қазақтың "маздақтап жану" деген түсінігі де осы ұғымдардан келген болар.
Айтқандай, Адам ата туралы, ол осы өңірде туды деген әфсана зорастризм діні бойынша алғашқы адамға қатысты болса керек.


Ал, мен Миздакханды аралап болған соң, Гәуір қаланың жұртына шығып, төңірекке қарадым. Расында, бұл өлкенің тарихы тереңде және тура мағынасында топырақ астында тереңде жатыр екен!


Қарақалпақстан, 2024 жылғы 31 қазан, фотолар 1939 жылы түсірілген, фотоларды ұсынған Мұрат Калменов

0
0
1813

Өзбекстан туризмі туралы бірер сөз!

Өзбекстан туризмі туралы айтқанда, керісінше мына жайтты ескеруіміз керек, Өзбекстан азаматтары Қазақстанға келіп қаражат жұмсаған шетелдік туристердің үштігіне кірген, олар - Ресей, Өзбекстан және Түркия туристері. Қызық ә?

Ал, біз Ташкентте қазақ туристерін жиі жолықтырдық. Хиуада бір-екеуін ғана көрдік. Батыс қазақтары болмаса, өзге қазақтар көп білмейтін сияқты.

Ал, Өзбекстан меніңше өз туризм саласына диверсификация (әртараптандыру) жасап жатқан секілді. Яғни, кіріс қай саладан түседі, соның бәрін дамытады.

Бірінші, Орталық Азиядағы ең үлкен мегаполис Ташкент. Әсіресе, біздің Түркістан облысының саяхатшыл халқына жақсы таныс деп ойлаймын. Әуежайда қазақ (Қазақстан азаматын) көрсе, такси жүргізушілері "Черняевка, Черняевка" деп айналшықтайды.

Ташкент шаһарының танымал бес-алты локациясын айтсам жететін шығар, ол - Төле бидің кесенесі, Мэджик Сити (бірақ, мені таң қалдыра алмады), Чорсу базары (Шығыстың колоритін сезінемін демесеңіз, оның орнына жақсы сауда орталығына барған дұрыс сияқты, алайда орысша айтқанда "о вкусах не спорят"), Ташкент метросы, Көкілдаш медресесі, Шымған таулары (Ташкент облысының Бостандық ауданы аумағында керемет кешендері бар). Мен осы жолы Ташкенттегі Орал Таңсықбаевтың музейі-үйіне бармақшы болып едім, уақыт тығыз болды. Жалпы, Ташкент тарихы қазақ тарихымен бұрыннан тығыз байланысты ғой.

Екінші, Самарқанд. Оның туристік әлеуетінің жақсы дамып кеткені сондай, "Афросияб" поездымен жетіп, екі сағатта Самарқандта отырасыз. Заманындағы Әмір Темір астанасын Өзбекстанның екінші бас қаласы деп айта аламыз. Бір кемшілігі, нысандар шашыраңқы орналасқан. Регистан алаңы, Гүр-Әмір мавзолейі, Бибі ханым мешіті, Сиаб базары, Шахи-Зинда, Ұлықбектің обсерваториясы. Айтқандай, қала іргесінде Әл-Бухаридің кешені бар. Қазір Самарқандтан тікелей рейстер ашып қойған, оны айтасыз-ау, Hertz, SIXT және Europca сияқты халықаралық компаниялар көліктерін жалға беретін болған. Бір барғанда көру керек екен.

Үшінші, Бұқара. Жалпы, Бұқара ұнады, оның кешендері тіпті Самарқандтан да ескі көрінді. Ләби Хауызының өзі неге тұрады?! Калян мұнарасы, Саманидтер мавзолейі, Арк бекінісі, ескі сауда пассаждары және шаруа базары.

Төртінші, Хиуа әрине. Хиуаның маған ұнаған жері жинақы, қамал ішінде адамдар әлі де тұрады. Тіпті, 400 жылдық ескі үйлерін қымбат бағаға отбасылық мейманхана жасап жіберген. Сатушылар ағылшынша біраз біліп қалыпты. Біз тізім бойынша 15 нысан араладық, негізгілері - Шерғазы мешіті, Кальта-Минор мұнарасы, Ислам Қожа мұнарасы, Жұма мешіт, Ишан қала бекінісінің қабырғалары, Таш-Хаули сарайы.

Енді, туристерді тарту үшін не керек, әрине дәмді ас керек, ол жағынан өзағаңдар мықты, бірақ, шынын айтайын, кейбір жергілікті халық баратын дәмханадарда (мысалы, Хиуада) сервис әлі де әлсіз. Шетелдіктер кіретін мейрамханалардың бағасы қымбат, қызмет көрсету әрине өте жоғары. Шетелдік туристер көп, бірақ, өзбек туризмінің басты қозғаушы күшті - өз халқы деп ойлаймын. Мысалы, Хиуада қонақ үйлер көп, босы жоқ, соған қарағанда, өз азаматтарын ынталандырудың қандай да бір механизмін ойлап тауып отыр. Оның үстіне, климаты жылы, мысалы, біз кәдімгідей күнге қарайыппыз, былай қарасаң қазан айының соңы мен қараша айының басы!

Бұдан өзге, Қарақалпақстан да жақсы туристік бағытқа айналған. Оның және Хорезмнің ежелгі өркениет іздері - қала жұрттары да туристердің қызығушылығын туғызады. Нүкістен Мойнаққа (яғни, Арал теңізі жағасына) ұшақ ұшады. Ал, көлікпен барған жағдайда барып-қайтуға екі күн керек. Жалпы, өз басым, Қарақалпақстан бағытын қазақтар үшін өте қызықты және мазмұнды бағыт деп санаймын. Мен мысалы, Астана көшелерінде 100 процент естімейтін қазақшамды (дұрысы қазақалпақ тілін) сонда естідім. Жасы да кәрісі де өз тілінде сөйлейді, құлаққа сондай жағымды.

Одан басқа біздің азаматтар үшін Өзбекстанның гастрономиялық, зиярат, медициналық турлары да қызықты болар деп ойлаймын. Медициналық турлар туралы айта алмаймын, өйткені ол менің тақырыбым емес, екінші жағынан, Қазақстандағы медициналық сервис Өзбекстаннан артық болмаса, кем емес.

Енді, аталған бағыттардан өзге, мысалы, биік таудағы тұрғындардың өмірімен танысуға болар еді, мен үшін мысалы Ферғана аңғары қызық, жол түссе Сухандария-Қашқадария жағына да барар едім. Әрине, Тамды, Бостандық, Мырзашөлдегі қазақ ауылдарының тұрмыстарымен танысар едім, мүмкіндік болса мысалы, Қыпшақ ауылына барар едім. Әрине, бәрі жоспар ғой, бірақ, Өзбекстан туризмі жаман емес, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары үшін "Тәшкен көрген" деген сөз тіркесі бекерден шықпаса керек?!

Материал асығыстау болды, аяқ астынан жаздым. Бастысы, көргенім мен білгенімді бөліссем деген ой!

Суретте: Хиуа қаласындағы Ишан қала!

0
0
3044

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы

Аяқ астынан сапарға шықтым..

Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да Ұлытау облысына талай рет жол түскен еді. Соңғы рет былтыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған экспедиция құрамына болған едім. Дегенмен, әлі де аяғым тимеген нысандар болған соң саяхатқа бірден келістім. Көп ақпарат алдым, бастысы әріптестермен бірге негізгі деген барлық нысандарға жеттік. Әрине, өңірдің туризм бойынша өз проблемалары бар, бірақ, алдағы уақытта аймақта туризм қатты дамитынына сенімдімін! Сөйтіп, екі күн жолымыз, үш күн сапарымыз сәтті өтті!

3 күнде 600 шақырым жүріп, Ұлытау облысын аралауға арналған саяхатымыз аяқталды. Әрине, Жезқазған, Сатпаев, Жезді, Ұлытауға бұрыннан келіп жүрмін ғой, дегенмен осы жолы Алаша хан, Домбауыл, Жошы хан кешендерінен, Әулиетау, Хан Ордасынан бастап табиғатын, тарихи кешендері мен музейлерін араладық. Ерекше сапар болды.

Ұлытау өңіріне қалай жетеміз және не көреміз?

Қазақстанның орталығындағы Ұлытау облысының Ұлытау ауданы еліміздің алты облысының аумағынан үлкен. Әрбірінің әрине, дегенмен, осы жайттың өзінен Ұлытау облысының әйдік екенін білуге болады. Географиялық орталық болғанына қарамастан мысалы, облыс орталығы - Жезқазған қаласына көлікпен тек 3 бағыттан жетуге болады. Бірі - Қарағанды арқылы Астана тарабы, екіншісі, Ұлытау кенті арқылы Арқалық жағы және үшіншісі Қызылорда тарабынан. Соңғысы нашар, Арқалық жолы да онша емес. Дегенмен, Үкімет бұл жолдарға көңіл бөліп отыр.

Ал, Жезқазғанға ұшақтар тек мына қалалардан жетеді: Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматы. Темір жол көлігі Жарық, одан әрі Қарағанды арқылы солтүстікке не Жарықтан оңтүстікке немесе Балқашқа шығуға болады. Арқалық жағындағы жүк тасымалы поездын жолаушылар тасымалына айналдыру керек деп санаймын. Айтқандай, таңертең Қызылорда-Павлодар бағытында жүретін поездан түстім, аталған поезд Қызылордадан шығып, Жезқазғанға жеткен соң Қарағанды мен Астананы басып өтіп Павлодарға жетеді. Керемет емес пе?!

Дегенмен, Ұлытау облысының туристік әлеуетін дамытамыз десек, Жезқазғанды Қазақстанның басқа қалаларымен жалғайтын тіке әуе байланыстарын орнату қажет. Мәселен, батыс өңірлерден, мысалы, Ақтау шаһарынан тікелей рейс ұйымдастырып қойса нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, Астанадан шыққан поезд Жезқазғанға дейін 12-13 сағат жүреді. Бұл туристер үшін қолайсыз деп ойлаймын және мысалы, Ұлытау облысына келсеңіз аумағын, дұрысы негізгі локацияларын аралау үшін кем дегенде үш күн керек.

Енді, үш күнде бару қажет нысандардың тізімін айтайын.

Олар - Жезқазған, Сәтпаев қалалары, Ұлытау, Жезді, Қарсақпай кенттері, үлгеріп жатсаңыз, Қаражал қаласы мен Атасу кентіне (Жаңарқа ауданы) де барыңыз.

Табиғи нысандары - Ұлытау таулары, Ақжар таулары, Ақмешіт шыңы, Едіге шыңы. Айтқандай, облыс аумағында емдік табиғи көздер де баршылық екен.

Тарихи көрікті нысандар - Жошы хан кесенесі, Домбауыл кесенесі, Алаша хан кесенесі, Мақат саханасы, Дулығалы мешіті, Қойлыбай бақсы моласы, Кейкі батыр үңгірі, Байқоңырдағы жартасты суреттері.

Ортағасырлық сәулет ескерткіштері - Хан Ордасы қалашығы, Басқамыр қалашығы, Жұбан ана кесенесі және т.б.

Ұлытау облысы туралы бірер сөз

Ұлытау сапарында бірнеше елді мекендерде болдық, ол Жезқазған, Сәтпаев, Ұлытау, Жезді, Қарсақбай, Талдысай. Жалпы, Ұлытау облысы Қазақстандағы аумағы бойынша бесінші орын алатын өңір, ал, халқы бойынша республикадағы ең кіші аймақ деп саналады. Мысалы, 2023 жылғы дерек бойынша халқының саны 231 774 адамды құраған. Облыс үш қаладан - Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, екі ауданнан - Ұлытау және Жаңарқа ауданынан тұрады. Халқы негізінен қалаларда тұрады, мысалы, Жезқазанның халқы қала маңына бағынышты аумағымен қоса алғанда 2021 жылы 91 942 адамды құраған. Ал, 1991 жылы Жезқазған қаласында 111 000 адам тұрған еді. Сол сияқты, Сәтпаев қаласы тұрғындары саны 2021 жылы 70 100 адамды құраған. Ал, Қаражал қаласы тұрғындары саны Жәйрем кентімен қоса алғанда 2019 жылы 18 435 адамды құраған.

Жалпы, менің байқағаным өңір бай болғанмен, Қарағанды облысы құрамы кезінде инфрақұрылымға қаражат салынбағаны көрініп тұр. Мысалы, ескі құрылыс нысандары көп, жаңадан салынған құрылыстар жоққа тән. Жаңылмасам соңғы рет Жезқазғанда құрылыс 1997 жылы жүргізілді. Құрылыс, жаңа нысандар салынып жатыр, қайта облыс болуының арқасында облыс орталығының екі артықшылығы бар, бірінші, теміржол тұйығынан құтылуы, екінші, әуежайдың жұмыс істеп тұруы. Өнеркәсіппен қоса болашақта туризм өңір дамуының басты серпініне айналады деп сенгім келеді! Облыс орталығына айналған сәттен бастап Жезқазғандағы пәтер бағасы екі есе өсті деседі, анығын білмедім. Жалпы, болашақта Жезқазған қаласын Түркістан шаһары кейпінде көремін!

Үш жүздің басы қосылған Ұлытау!

Ұлытау таулары Қазақстанның дәл ортасында орналасқан. Сарысу, Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендері осы жерден бастау алады. Аталған өзен бойларын адамдар атам заманнан бері қоныстанған.

Ежелгі грек тарихшысы Геродот Ұлытауды сақтардың тауы деп атаса, Қаныш Сәтбаев өзі жазып алған аңыздарға сәйкес топан судан кейін үш жер қыртысы шыққан, оның бірі Ұлытау шыңдары дейді.

Дәл осы Ұлытауда қазақ билеушілерін ақ киізге көтеріп хан сайлайтын дәстүрі болған. Меніңше, ол дәстүр жұртымыздың оған дейінгі бабаларынан қалған болар. Маған ол ой әсіресе Алаша хан кесенесіне барған кезде туындады. Өйткені, аталған кешен қарапайым адамға салынбағаны көрініп тұр. Монументальдық десем болар, екіншіден, терезелері жаудан қорғану үшін салынған секілді. Екіншіден, Алтын Орданың бастауында тұрған Жошы хан Ұлытау жерінде жерленген ғой.

Ал, Ұлытаудың ең биік нүктесі - Ақмешіт әулие тауы деп аталады, ауызекі тілде Әулие тау не Жеті әулие делінеді. Ал, негізінде бұл жерде 7 әулие жерленген қорымдар (тастар үйілген) бар. Басында мешіт болған деп те айтылады, оны байқамадым. Есесіне алыста үңгірді байқадық. Біз оған жете алмадық әрі уақытымыз аз болды.

Және, қазақтың басқа өңірлері сияқты Ұлытау өңірінде де Асан Қайғыға қатысты аңыз-әфсаналар жетерлік. Кейбіреулер Ақмешіт тауының басында 15 ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы жерленген деседі. Біз шың басына, яғни, Ұлытаудың ең биік нүктесіне, Ақмешіт әулие тауына шықтық. Оның биіктігі 1133 метр.

Биікке шығу үшін ыңғайлы аяқ киім, жауын-шашыннан қорғанатын киім және 0,5 литр су мен тіске басатын шоколад жетеді. Биікке шығу үшін Ұлытау кентінің шетіндегі Сапар орталығынан жаяу жүресіз, одан әрі Ұлытау қорығы аумағы басталады. Онда келушілерге тоқтап, тынығып алып, әрі жүру үшін демалыс орындықтары (төбесі жабық, бірінің құрылысы аяқталған, екіншісін енді бастап жатыр) қойылған. Негізі ыңғайлы (треккинг) таяқ болса құба-құб. Тауға шығу үшін аздаған дайындық керек, ауру-сырқау адамдарға қиындау, қанша дегенмен таудың ата тау.

Тауға жетер жерлерде қайың шоқ тоғайлары бар. Қайыңның суы таза жерлерде өсетіні белгілі. Ал, менің ойыма "Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?" деген жолдар орала берді. Заманында Ұлытауда арқар да өмір сүріпті, оның мүйізін Жезқазған қаласындағы музейден көрдік. Жалпы, Ұлытаудың өзіндік аурасы ұнады. Өзгелер оны мистицизммен байланыстырады, маған, бабаларымыздың рухы тақырыбы ұнайды!

Торғай мен Ұлытау

Шәміл Мұхамеджанов ағамыз былай депті:

"Сен көрсең ғой...

Көрсең егер Торғайдың кең даласын,

Ашылмаған өзің бір кен боласың.

Көкірегің сайрайды бұлбұл болып,

Қыран болып биікке сен қонасың.

Ел алады аялап құшағына,

Кездескендей боласың нұр шағыңа,

Бір көрген жан өзіңнің ұлың болып,

Разы болар еді туса мұнда". Расында алып қосарым жоқ.

Ал, баяғыда ағылшын алпауыттары В.Лениннен Кеңес Одағы национализациялап алған төрт зауытын қайтарып алуға тырысып: "Сіздер бәрібір 99 жыл ол жерлерде ештеңе істемейсіздер, бізге беріңіздер?" депті. Дегенмен, заман бәрін басқаша көрсетті.

Оны неге айтып отырмын. Осы сапарымда Сағадат деген бауырым: "Біз Сіздердің Ақжар сияқты жерлеріңізді (Қостанау облысы аумағында) жарнамалаймыз, кісілер барады. Сіздер бәрібір онымен айналыспайсыздар ғой" дегені бар. Расында, Қостанай өз туризмін дамыта алмай отырғанда (дұрысы, дамытуға не құлқы жоқ не білімдері жетпейді) Торғай туризмін қайтсін? Сондықтан, Торғайдың Ұлытау облысымен іргелес жерлеріндегі Қостанай облысының осындай көрікті жерлерін танымалды қалуын өз басым қолдаймын. Ал, былай қарасаңыз, Ұлытау мен Торғайдың іргелес жерлерінде қаншама табиғи нысандар да әсем сәулет ескерткіштері де жетерлік. Мысалы, Ақжардан өзге, Байқоңыр петрогифтері, Құлмұхамед ишан мешіті, Дулығалы ишан мешіті, Алтыншоқы, Мақат сағанасы, Дәбей Бегенұлы мазары, Арғанаты таулары, Қорғасын руднигі, атақты Сарлық ауылы, Барақкөл, Тамдыдағы тас суреттер, Жәкуда ишан мешіті, Кейкі батыр үңгірі, Қойлыбай әулие кесенесі. Айта берсе әлі де жалғастыруға болар. Дегенмен, бұл нысандардың бәрінің Ұлытау тарихына ғана емес, Торғай тарихына да және жалпы алғанда, қазақ тарихына қатысты екенін айтқым келген.

Ал, жалпы, екі жұрттың әуелден ауылы аралас, қойы қоралас. Бала кезден басын Ұлытаудан алатын Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің бойында өстік, суын іштік. Жеріміз де бірдей, табиғаты да ұқсайды, адамдарының мінездері мен тұрмыс-салты да бірдей. Жалпы алғанда, Ұлытауды ұл ұясы десек, Торғайды Алаштың ордасының бірі, Ахаң мен Жахаң (Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы) елі деп мақтанамыз.

Басты айтпақ ойым, Торғай жерінің туризмінің ауылы алыс сияқты, ал, үш жүздің басын қосқан Ұлытау ел назарында. Бір жағынан ол билік басындағыларға да қатысты деп ойлаймын. Ұлытау облысын басқаруға келген Дастан Адайұлы Рыспековті туризм саласында жұмыс істеген кәсіби маман деп білемін, өңірдің ішкі туризмі бойынша таяу уақытты бір нәтиже шығады деп үміттенемін!

Бағзы замандағы Басқамыр қалашығы

Ұлытау облысына саяхатымыз барысында Басқамыр қалашығына жеткен едік. Тик-токқа видеосын салған едім, дегенмен тағы қайталауды жөн көрдім.

"Ұлытау" туристік жол көрсеткішінің деректеріне сәйкес

Басқамыр қалашығы Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Ғалымдар қалашықты араб географы Мұхаммед әл-Идрисидің жазбалары арқылы біледі. 8-9 ғасырлардағы Қиян қаласына жатқызады. Оғыздың Қиян және Жадшан қалалары туралы деректерде "екеуі де бекінісі өте берік шағын қалалар" делінген.

Ежелгі шаһардың қалдықтары шеңбер қалпында сақталған. Оның ортасына трапеция түріндегі цитадель қайта қалпына келтіріліп, тұрғызылған. Цитадель аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде 7 бөлме, ошақтар мен пештер табылған. Бұрыштардың бірінде екі метрден сәл-пәл биік мұнара, ішкі солтүстік бұрышта суға арналған шұңқыр болғаны анықталды. Таза су қамалға арық арқылы жеткізілген.

Қалашықтың сыртқы сипатына назар салса, дуал деңгейінде сақталып қалған 2 қорғаныс шебін анық байқауға болады (менің байқағаным бірі топырақ, екіншісі тас). Сыртқы дуалдың кеңдігі орта есеппен 6 метр, биіктігі 1,5 метр.

Ғалымдардың пайымдауынша қала-бекіністі сумен қамтамасыз еткен су айдыны болған.

Қалашық бекінісінен бөлек Басқамырдың маңында қорым, күзет мұнарасы, үңгір-шахта сияқты бірегей нысандар бар.

Басқамыр қорымы бекіністен оңтүстікке қарай, күзет мұнарасының қирандылары қалашықтан бір шақырым жерде, Керегетас төбесінде орналасқан. Тас пен балшықтан қаланған мұнараның бүгінгі жұрнағының биіктігі 3 метрді құрайды.

Жанында ескі қорымдар бар, біз найман тайпасының ескі зираттарын (бәлкім қазақтың басқа руларының қорымдары бар болар, анықтап қарап, зерттеуге уақытымыз болмады) байқадық. Жалпы, қалашық пен оның жанындағы Талдысай ауылы арасында бұрыннан байланыс бар болар, яғни, бұл жер жұрты әуелден осындай ыңғайлы аймақты мекендеген болар деп ойлаймын.

Басқамыр қалашығы Ұлытау облысы орталығы Жезқазған қаласынан 83 шақырым қашықтықтағы Талдысай ауылынан солтүстікке қарай 300 шақырымдағы Жезді өзенінің бойында орналасқан.

Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы бірер сөз

Ұлытау десе әдетте "қазақтың үш жүзінің басы қосылған жер" немесе "Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?" деген тәмсіл есімізге түседі.

Дегемен, мен бұл тезистерді одан сайын тереңдеткім келеді. Бірінші, жалпы, Ұлытау өлкесі есте жоқ ескі заманнан кен орталығы болған. Ол жөнінде Әлкей Хақанұлы Марғұлан былай дейді: "Ұлытау қол дәуірінің ірі металлургия орталығы болған". Екіншіден, Алтын Орданың құрылуы һәм пайда болуы Ұлытау өңірімен байланысты. Ұлы Жошы ханның Ұлытауда жатуы бекер емес болар. Айтқандай, Алаша хан мазарын кейбіреулер Шыңғыс хан кесенесі десе, өзгелері Хақназар ханмен байланыстырады. Өз басым мұндай еңселі кешеннің жай адамға салынбағанын түсіндім.

Ұлытау жеріміздің ортасы ғана емес, табиғаты да өзгеше. Мысалы, Сарыарқамыз жазықты дала болатын болса, Ұлытау тау-қыратты, шоқ тоғайлы болып келеді. Және оның флорасы мен фаунасын сақтау да маңызды. Әрине, тарихи ескерткіштерінің жөні бір бөлек.

Десе де Ұлытау таулы-далалы аймағының экожүйлері мен табиғи кешендерін сақтау, сонымен бірге, өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында 2021 жылғы 7 желтоқсанда "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған болатын.

Өңірдің сәулет нысандары мен тарихи ескерткіштерінмен қатар қорықтың флорасы мен фаунасына тоқтала кетуді жөн көрдім.

Сонымен, әуелі көзге түсетіні қыналар. Ал, тау беткейлерінің төменгі бөліктеріндегі тау шатқалдарында қызыл қаулы дала шөптесіндері кездеседі. Терең шатқалдардың кей беткейлерінде қайың, қайыңды-көктерек ормандары, кей жерлерде мойыл мен долана және қалың бұталар кезеседі, аршаны да көзіміз шалып қалды. Бірақ, арша жатаған екен. Таудың шеткі аласа бөліктерін шөлейтті жусанды-бетегелі және тобылғы мен садақбоз қау өскен далалар алып жатыр. Бұл бөлікте тек Ұлытау ​​облысында кездесетін ерекше қорғауға алынған мынадай өсімдіктер өседі: қылшықты мыңжапырақ, ұсақ гүлді күреңот, ұлытаулық түймешетен, олармен қатар сирек кездесетін шегіргүл Селькирка, қазақ күреңі, жалтыршөп, қала шыршайы, қияқөлең, жоңғар талы. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қызыл қайың, сартүтік, Шренк қызғалдағы, ұлытаулық түймешетен де кездеседі. Кеңес дәуірінде Ұлытау шөптерінен дәрілік заттар даярланған деп естідік. Маған әсіресе қатты ұнағаны қайың шоқ тоғайлары болды.

Ұлытау қорығының фаунасына қатысты айтатын болсақ қорықта арқар мен елік бар деседі, бірақ, арқардың Жезқазған музейінде тек түйізін кездестірдік, соған қарағанда жойылуға айналған. Құстардан – құр мен шіл түрлері, жыртқыштардан – түлкі, қасқыр, ақкіс, аққалақ, қарсақ, күзен және т.б. жануарлар кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген фауна түрлері: қара дегелек, бүркіт, ителгі, Қазақстан арқары, қарақұйрық, қылқұйрық бұлдырық, үкі, сабаншы. Жалпы, Ұлытау қорығы фаунасы әлсіз зерттелген деседі.

Қысқаша айтқанда, көп естігеннен бір көрген артық!

Ұлытау және Қаныш!

Ұлытау өңіріне қатысты екі тұлға туралы айтпасам болмас. Біріншісі, Әлкей Хақанұлы Марғұлан, ол Ұлытау өңірі қола дәуірінің ірі металлургия ошағы болған дейді. Оның айғағы Арғанатыдан, Алтынқазғаннан, Жартастан, Қарашоқыдан табылған ертедегі тұрақтар. Және бір айта кетерлігі Ұлытау тарихындағы ерекшелік – Кіші Жібек жолы бойымен Орталық Азияны Сібірмен жалғастырған үлкен керуен жолының өтуі. Орталық Қазақстандағы жаңа зерттеулердің нәтижесінде Ұлытау төңірегінде мыңдаған жылдар бұрын мәдениеттің дамуы мен алмасуында күрделі өсу кезеңінің болғаны анықталды. Дегенмен, шынымды айтайын Әлкей атамыз туралы жазуға тісім батпай жүр әрі ұзақ дайындық керек. Оның үстіне, оның менің туған өлкем - Торғайға қатысты да зерттеулерін әлі ой таразысынан өткізуім керек. Қысқаша айтқанда Әлкей Хақанұлы туралы кейінірек жеке материал жазу ойымда бар.

Ал, әзірге Қаныш Имантайұлы туралы айтсам. Қаныш Имантайұлының мұрасымен, дұрысы оның балалық шағы өскен Баянауыл өңірімен таныстығым 1991 жылғы археологиялық экспедиция кезінде басталды. Ұлы тұлға тыныстаған ауамен тыныстау, оның отырған шоқысын көру, оның жүріп өткен жолдарымен жүрудің өзі бір ғанибет. Алғаш рет оның Баянауылдағы музейін де көрдім. Қаншама құнды дүниелер бар, әрине, Қаныш Имантайұлы туралы мектеп кезінен білемін, оқыдым, бірақ, оның тұтынған заттарын қолмен ұстап көру басқаша әсерде болатыны сөзсіз.

Тиісінше, былтырғы, биылғы жылғы сапарларымда Үлкен Жезқазған (қазіргі Ұлытау облысы) мен Қаныш Сәтпаев тұлғасы тығыз байланыста екенін түсіндім, тіпті өңірдің дамуын Қаныш Имантайұлысыз елестетудің өзі мүмкін емес!

Тұлғаларымыз туралы айтқанда әрине Алаш арыстары, олардың арттарына қалдарған іздері еске түседі. Сол уақыттағы Қаныш Имантайұлы ниеттес тұлғаларды қараңызшы, нағыз ұлтқа қызмет етушілер, мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың төл әліп­би жасауды қолға алуы, Әлихан Бөкейхановтың «География», Xалел Досмұхамедовтің «Медицина», Мағжан Жұма­баевтың «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытовың «Психология», Әлімхан Ермековтің «Математика», Мұхтар Әуезовтің «Құрылыс материалдары», Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқу­лығын жазуға кірісуі көп жайттан хабар берер. Қаныш Имантайұлы аталған кітапты 1924 жылы араб қарпімен жазып, 1929 жылы латын қарпіне көшіреді. Ол жөнінде "Академиктің рухани әлемі" атты мақаласында Әлібек Әбдіреш ағамыз жазды.

"Мысты өңір" газетіндегі мақаласында аталған ағамыз: "Қаныш Имантайұлы Семейде Абай кешін ұйымдастыруға белсене қатысуы, А.Затаевичке қазақтың 25 әнін өзі айтып, нотаға түсіртуі, Баянауыл бөктерінде «Еңлік-Кебекті» қойып, спектакльде өзінің де ойнауы, Москвада «Ер Едіге» дастанын кітап етіп бастыруы, қазақтың тұңғыш театры туралы мазмұнды мақала жазуы – атақ-даңқ қуғаннан емес, халқына пайдасын тигізу ниетінен туған талпыныс еді" дейді. Расында, осы жайттардың өзі оның сан қырларын аша түседі.

Сондықтан, әуелі Жезді кентіндегі музейден, оған дейін Қарсақпайдағы музей үйінен, кейін Жезқазған қаласындағы тарихи-археологиялық музейден әбден сусындаған маған Қаныш Имантайұлы тұлғасы тереңірек таныс бола түсті. Айтқандай, Ұлытау облысында кіруге сәті түспеген екі музейді айта кетсем, бірі Ұлытау кентіндегі «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи ұлттық қорық-музейі және Жезқазған қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы тарихи-өндірістік музейі. Құдай қаласа кейін тағы келермін.

Сонымен, Қаныш тұлғасы несімен қызық? Қазақстан ғылымының, оның ішінде, кен саласындағы оның көшбасшылығы айналып келгенде еліміздің тұтастай бір өңірінің дамуының алғышарты болды. Бірақ, оның "елім-жерім" дегенін заяға кеткізгісі келгендер де болған. Өзі басқарған ұлттық Академия басшылығынан алынуы, оған дейін Мұхтар Әуезов, Ахмет Жұбанов сынды ұлт жанашырларының қатарында Қанышқа да «ұлтшыл» деген жала жабылуы соның дәлелі.

Әлібек Әбдіреш ағамыз мақаласында жазғандай: "1955 жылы ақталған Қ. Сәтбаев Академияның жұмысын жандандыру жолында тынымсыз тер төкті. Бірқатар салалық ғылыми-зерттеу институтын ашты. Физика-математика ғылымдарының, әсіресе, ядролық физиканың дамуына жете мән берді, ядролық физика институтының кешенді құрылысын бастап кетті. Биология, медицина, зоология, паразитология, адам физиологиясы, микробиология, вирусология, ботаника, археология, этнография, тіл, әдебиет, өнер, экономика, құқық, философия саласында ғылыми-зерттеуді жетілдіру үшін ғылыми институттар ашуды ұйымдастыруға ұйтқы болды. Ғылымды өндіріспен байланыстыру мақсатында ірі өндірістік орталықтар – Өскемен, Қарағанды, Атырауда салалық ғылыми-зерттеу институтын ашты."

Әсіресе, менің көкейімде мына екі жайт қатты қалып қойыпты. Бірінші, Ашаршылық жылдары Баянауылдан тірі қалған 15-20 баланы көлікке тиеп алып келіп, оларды құтқарып қалады. Оқытты, тоқытты, қарасты, кейін олардың арасынан талай академик шықты. Соның бірі белгілі археолог Кемал Ақышев еді, Кемал ағамыз алғашқы Алтын адамды тапқан кісі, Қаныш болмаса Кемал болмас еді, Кемал болмаса тарихымыдың жауһары Алтын адам табылмас еді. Айтқандай Қаныш Имантайұлы «Амангелдінің батыр бабалары» атты мақаласында Амангелді Үдербайұлы Имановтың ата-бабасына тоқталып, оған арнайы мақала арнаған. Тағы бір қызығы Жездідегі музейде Амангелдінің ағасы Бектепбергеннің көрігін көрдік. Азаттықтың ақ туын көтерген Амангелдіні қолдаған жұрты қазіргі Ұлытау облысы жеріндегі Дулығалы мешітінде ақсарбас берген еді. Бұл енді, тарихтан тәрәрік дейміз.

Екіншісі, Москваның тапсырмасымен Қазақстанның жерасты қазба байлығы картасын жасағанда Қаныш Имантайұлы 4-5 ірі кенішті жасырып қалады. «Бұл қалай?» дегендерге: «Қаржыны, теxниканы көп қажет етеді. Оларды картаға кіргізуге әлі ерте» дейді. Ал, сыртқа сыр шашпайтын достары Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұланға: «Әдейі жасырып алып қалдым. Кейінгі ұрпаққа да байлық керек шығар?!» депті.

Расында, не деген зор тұлға, тіпті болашақты да болжап тұр ғой?! Ал, біз Қаныш тұлғасын толық таныдық па?

Иә, биыл Қаныш Имантайұлының 125 жылдық мерейтойы, аталған шара барысында оның қызмет еткен Ұлытау өңіріне аяғымыз тиіп, жақсының шарапаты қаншама жұртты асырап отырғанына куә болдық!

Сапар аясындаҚаныш Имантайұлының Қарсақпай кентіндегі музей-үйіне бардық. Жалпы, Ұлытау (Жезқазған) өңіріне оның сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екенін жоғарыда айттым. Музей жақсы екен, танымды. Өзі, оның отбасының тұтынған заттары бар. Ашаршылық жылдары Баянауылдан алып келген балалар Жездіде тәрбиеленген еді.

Дала мұнарасы

Қарсақпайдағы ағылшындардың мұрасы. Бұл көрініске мән бергенім, параллель жүргіздім. Бұқара, Хиуа және Самарқандағы діни мұнаралар қандай әсем көрінсе, біздің даламыздағы мына құрылыс өндірістің ескерткіші ретінде ой салды. Айтқандай, әлі жұмыс істеп тұр. Ал, жалпы, Әлемдегі кен өндірісінің алғашқы орталығы қазақ даласы. Ол бір бөлек тарих!

Байқоңыр ғарыш айлағы емес, петроглифтер ордасы

Қазақстандағы петроглифтердің ең үлкен коллекциясын Түркістан облысының Созақ ауданына саяхат барысында көрген едім. Ол петроглифтер Арпаөзен бойында орналасқан. Өте мол коллекция, ал, Ұлытау облысы жерін алатын болсақ, олардың екі-үш аумағын білемін. Бәлкім одан да көп болар, өйткені бұл өлке ежелгі өркениет ордаларының бірі.

Ал, петроглифтерге қатысты айтатын болсақ, біріншісі Байқоңыр петроглифтері деп аталады, яғни, бұл таңбалы тастар Ұлытау облысының Ұлытау ауданындағы Байқоңыр өзенінің қос жағалауын бойлай 25 км жерді алып жатыр. Ол жөніндегі толық мағұлматты Жезқазған тарихи-археологиялық музейінен алдым. Екінші, Тамды аңғарындағы петроглифтер. Үшіншісі, Теректі Әулие. Әрине, қай-қайсының орны ерекше, бірақ, болашақта әуелі Байқоңыр петроглифтерін көрер едім. Айтқандай, Байқоңыр атауымен Байқоңыр қаласы байланысты екенін көзі қарақты оқырмандар білетін болар.

Енді, Байқоңыр петрогифтері туралы archaeology.kz былай дейді.

Жартас өнерінің ескерткіші Байқоңыр өзенінің қос жағалауын бойлай 25 км жерді алып жатыр (Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы). Петроглифтер биіктігі 10 м жекелеген жартастардан табылған, олар негізгі жар- тастардан алшақ өзара телімдермен бөлініп орналасқан. Суреттер салынған тақталар, әдетте, жерден 2-4 м. биіктікке орналасқан, оңтүстік-шығысқа, кейде солтүстікке бағытталған, тік немесе көлбеу, кейде көлденең экспозицияны құрайды.

Байқоңыр петроглифтері жайлы алғашқы мәліметтер Н.С. Воронецтің жұмысында кездеседі. Зерттеулердің жалғасы ретінде В.А. Городцовтың 1926 ж. шыққан мақаласын айтуға болады. Соғысқа дейінгі жылдары петроглифтерді Қ.И. Сәтпаев қарап шыққан. 1947 ж. мұнда Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Ә.Х. Марғұлан басшылығымен зерттеулер жүргізеді. 1983–1989 ж.ж. аралығында Байқоңыр петроглифтерін Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы В.А. Новоженовтің басшылығымен зерттейді. Сол кезде барлық сақталған суреттерді жүйелеу жүзеге асырылады. Петроглифтердің төрт негізгі жинақталған орны табылған: Байқоңыр ауылының маңы (орналасқан жері Байқоңыр А–И); Лақбай қыстағы жанында (орналасқан жері Байқоңыр I–III); сонымен қоса Сарысай қыстауының маңы (Байқоңыр IV).

Байқоңыр ауылынан өзенді бойлай 1,5 км жерде орналасқан Балқымбай қыстағының маңында 9 тармақтан құралған петроглифтер жиынтығы орналасқан. Петроглифтер нүктелі тәсілмен орындалған, өңделгендері сирек кездеседі. Петроглифтері бар жартастар қатты қирап, бетін қына басып кеткен. Адамдар мен жануарлардың жеке суреттері көптеп кездеседі. Ерлердің суреттері айқын ерекшелікпен бейнеленген, жануарлар арасында жылқы, түйе, бұқа, киік суреттері көп кездеседі. Сонымен қоса ежелгі суреттердің үстінен уақыты жағынан кейінгі суреттер басылып салынған жерлер де тіркелген. Байқоңыр Б, Д, жартасында «сүлде» және скиф-сақ аң стилінде салынған суреттер ерекшеленеді.

Лақбай қыстағының маңындағы, Байқоңыр ауылынан оңтүстік оңтүстік-шығысқа қарай 18 м жерде орналасқан петроглифтер жиынтығы ерекше қызығушылық туғызады. Ол жерден көп бейнелі тас беті анықталады, онда «құйрықты» және «күн басты» аңшы- садақшылардың бұқалар мен түйелерге аңшылық құру көрінісі; эротикалық сипаттағы көріністер; жануарлардың қарсыластығы мен шайқасының көрінісі; азаптау көріністері берілген. Байқоңыр III жартасында екі, төрт дөңгелекті ат пен түйе жегілген арба бейнеленген. Ең танымал бейнелер ол – жылқы мен түйе, ал тау ешкілер, бұқалар, иттер, жылан, ал киік суреттері сирек кездеседі. Байқоңыр III, 16-шы жартаста жыртқыштардың бұқаға шабуылы бейнеленген, бұл скиф-сақ аң стиліне тән көрініс, сонымен қоса ол жерде көне дәуірге жататын түйе, жылқы суреттері өзге стиль мен тәсілде орындалған.

Байқоңыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, өзенінің оң жағалауында, Байқоңыр IV жартасы орналасқан, ол қатты қираған және бетін қына басқан. Негізгі бейнелер: жылқы, түйе, таутеке, салт аттылар.

Байқоңыр өзенінің бойындағы петроглифтер негізгі екі кезеңге бөлінеді: қола– кейінгі қола дәуірі мен ерте көшпенділер дәуірі, сонымен қоса әр түрлі хронологиялық кезеңдерге жататын бейнелеу стильдері де кездеседі.

Өзіндік үлкен деңгейлі шынайылықпен салынған Байқоңыр жылқыларына ұқсас суреттер сейминск-турбинск қола дәуірі мәдениетінде кездеседі. Байқоңыр өзенін бойлай орналасқан петроглифтер Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық және рухани мәдениеті бойынша құнды дерек болып табылады. Бұл жер аймақтың ежелгі тұрғындары ғұрыптық шаралар өткізген храм, ғибадатхана, киелі орын болуы мүмкін.

Ескерткіш материалдары Қарағанды мемлекеттік университетінің археология және этнография музейі қорында сақтаулы.

Туризм нысаны.

Деректер

Воронец Н.С. Изображения на скалах, найденные на границе Тургайской и Сырдарьинской областей, на реке Лак-пай // Русский антропологический журнал. – 1916 (1917). – Кн. 39–40, №№ 3–4. – С. 57–60.

Городцов В.А. Скальные рисунки Тургайской области // ТГИМ. – 1926. – Вып. 1. – С. 37–69.

Маргулан А.Х., Агеева Е.И. Археологические работы и находки на территории Казахской ССР // Известия АН КазССР. Сер. археол. – 1948. – Вып. 1. –С. 126–135.

Новоженов В.А. Отчет о полевых исследованиях археологической экспедиции Карагандинского госуниверситета на территории Джезказганской области летом 1984 г. Караганда, 1984. См.: Отчет за 1987, 1988, 1989 гг. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана.

Новоженов В.А. Петроглифы долины реки Байконур // Маргулановские чтения-1989. – Алма-Ата, 1989. – С. 100–105.

Новоженов В.А. Колесный транспорт эпохи бронзы урало-казахских степей // Вопросы археологии Центрального и Северного Казахстана. – Караганда, 1989. – С. 110–122.

Новоженов В.А. Петроглифы Сары-арки. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2002. – 125 с., ил.

Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском регионе // Народное хозяйство Казахстана. – 1941. – № 1. – С. 69–72.

Кәдесыйлар қайда?

Ұлытау облысында туризмге қатысты мына жайтты байқадым. Жезқазғанда кәдесыйлар жоқ екен, әлде мен байқамадым ба? Мысалы, Бурабайда ағаштан жасалған магниткалар бар, бағасы арзан және жергілікті өндіріс өнімі. Ал, енді басқа өңірден келген кезде сол аймақты еске түсіретін бір нәрсе сатып алғың келеді. Жолсызба сияқты нәрсені көрмедім, қонақ үйде бар екен әйтеуір, сосын оны алып алдым. Басты айтпақ ойым, туризмнің табысты бір саласы кәдесыйларды да ескеру керек!

Домбауыл кешені және діңдер

Домбауыл кешенінің ішкі жағы, құрылысы 8-9 ғасырларға жатады деседі. Бірінші, діңдерге ұқсастықтарын байқадым. Торғай діңдері қарауыл ретінде болса, Домбауыл маңында қорымдар көп екен. Торғай діңдері маңында да қорымдар бар. Домбауылдың пішімі киіз үй тәріздес. Ұлытау облысындағы Үйтас та осыған ұқсас деп санаймын. Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кесенесі де осы тектес деседі. Екінші, Торғайдағы Текенің діңі басқаша болса керек.

Әңгіме Ұлытау діңдері болғандықтан Үйтас діңі туралы толықтыра кетсем. Үйтас діңі Бұланты мемориалдық кешені жанында Лақбай қыстауынан 3,1 шақырым, Байқоңыр ауылынан 16,2 шақырым қашықтықта орналаcқан.

Бұл үйтастар түркі дәуірінен қалған болуы мүмкін (яғни, 5-8 ғасырлар), өйткені Ә.Марғұлан Орхон жазбаларында діңдер туралы кездеседі деседі!

Торғай діңдері туралы айтатын болсақ, есімізге «Екідің» еске түседі.

Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс тастан киіз үй тәріздес салынған.

Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, бұл ескерткіш қазақ мәдениетіндегі алғашқы үй құрылысы өнерінің дамуын бейнелейді. Екідің І Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан, Екідің ІІ – биігіректе, алыстан жақсы байқалады. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым. Біріншісі (Дің-1) Екідің ауылынан шығар жол жиегінде, өзеннің сол жағында, ал екіншісі (Дің-2) өзеннің оң жағындағы төбешіктің басына тұрғызылған.

Жергілікті аңыз бойынша, XVII-XVIII ғғ. Екідің тұрған төбелер арасындағы алқапта қантөгіс соғыс болған. Бір-бірімен жауласқан рулардың әскери басшыларының ордасы осы жерде орналасқан. Тастардан құралған сфералық пішіндегі ежелгі екі құрылыс діңдер исламға дейінгі кезеңге жатады, сондықтан ауыл да Екідің деп аталады.

Ал, менің айтпағым Торғай жерінің екінші бір пұшпағындағы «Теке діңі» туралы болмақ.

Сырыбай Мәуленов 1947 жылы:

«Көрінген бір қиырдан Теке діңі,

Шаншылған бұлтқа бойлап асқар шыңы.

Айналған ұшар басын шаңқай түсте,

Қалықтап дүниенің алтын күні.

Жүзі ыстық ерте кезден таныс жандай,

Далада шөгіп жатқан арыстандай.

Қалмайды қапталыннан қатарласып,

Сенімен бәске түсіп жарысқандай.

Аспанға биік екен бойлаған шың,

Бір жүріп осылай деп ойлаған кім.

Қызығып келбетіне қарай бердім,

Басында бала кезде ойнағансын.» — деп жазыпты.

Текенің діңі ғалымдардың жазуынша сонау ғұн, оғыз тайпаларына тән екен. Кейбір ғалымдар екі кешенді де — Екідіңді және Текенің діңін де зороастризмен байланыстырады.

Ал, енді, осы маңға тақау жерде, яғни, Текенің діңіне жақын орналасқан Қызбел-Бидайық жерінде інім Жәнібек осыдан 20-25 шақты жыл бұрын қола дәуірінің құмырасын тауып алған болатын.

Қызбел жерінің бергі тарихы да таң қаларлық, жер бедеріне қарасаң Торғай жерінің өзге аймақтарына ұқсамайтын таулы-тасты, ойлы-қырлы болып келеді.

Айтқандай, бір қызығы Әулие Текенің діңі деген мұнара Шығыс Қазақстан жерінде орналасқан болса, Торғайдағы Текенің діңі Теке өзені (Қызбел таулары) маңында орналасқан. Арғы-бергі тарихты қазбалай берсе, әрине, Тобыл-Торғай жерінен талай қызықты дүниені кездестіруге болады. Мысалы, атауының өзі айтып тұрғандай «Мықтың үйі» мен «Едіге қала» біраз жайттан хабардар берер. Ал, менің, басты мақсатым, Теке діңі туралы кішкене болса да мағұлматты жеткізу. Айтқандай, Орал қаласы кезінде Теке қаласы деп аталып еді!

Сонымен бірге, тағы мына жайтты айта кетейін, біздің Торғай-Ұлытау өңірі қатар қонған жұрт, Торғай, Ұлы Жыланшық өзендері бастауларын Ұлытаудан алады, былайша айтқанда, бір(неше) өзеннің суын бірге ішіп отырмыз. Әуелден ауылымыз аралас, қойымыз қоралас елміз.

Бектепбергеннің көрігі

Жезді кентіндегі музейде Амангелді Имановтың ағасы Бектепберген Үдербайұлының көрігін көрдік, ұстаханасы деседі.

Ал, менің айтпақ ойым 1916 жылғы Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісін еске алған кезде, олардың қару-жарақтарды өздері құйғанын білеміз. Арнайы қару-жарақ соғатын ұсталары болған. Екінші жағынан аталған көтеріліске өзге өңірдің азаматтары да қатысқаны белгілі. Ал, кенді Қарсақпай, Жезді аймақтары көтерілісшілердің қару-жарақтарының бір бөлігін қамтамасыз еткен, бұның ар жағында жұртымызың бағзы заманнан металл өңдеу, металл құю дәстүрі тұр.

Тілеулі батыр туралы

Жезқазған көшелерімен жаяу жүріп келе жатып, бірінші шеткі базарына жеттім, сосын, автобусқа отырып, "Кооператив" деп аталатын орталық жақтағы базар маңына барып, араладым. Қала өзгеріп қалыпты. Арасында таксиге де отырдым, арзан көрінді, бір қызығы "Яндекс"-тен гөрі "Индрайвер" танымал екен.

Сөйтіп, шаһар көшелерімен келе жатып, Тілеулі батыр көшесі дегенді оқып қалдым. Құлағым елең ете қалды. Себебі биыл Қараторғай-Сарыторғай сапары барысында 1916 жылғы Торғай қазақтары көтерілісі басшысының бірі (ханы) Әбдіғапар әмір Жанбосынұлының кесенесіне соғып, бұрынғы деректерімді толықтыра түскен едім. Әбдіғапардың бабасы Нияз Тілеуліұлының зираты Астана іргесінде екенін де білемін. Аталған тұлғалар көпшілікке таныс деп ойлаймын, Нияз бидің Абылайдың бас билерінің бірі болғанын айтсақ те жеткілікті. Айтқандай Ақмола атауы Нияз бидің кесенесімен байланысты деседі. Әкелі-балалы Тілеулі батыр мен Нияз би Ресеймен байланыс туралы құжатқа қолдарын қойғанын көреміз.

Ал, енді, Тілеулі батыр кім дейтін болсақ, атақты Тама Есет батыр мен Шақшақ Жәнібек батырдың жорықтас жолдасы, өмір сүрген кезеңі шамамен 1695-1760 жылдар арасы. Орта жүздің Ұзын қыпшағы. Әйелі Жапалақ - Тама Есет батырдың қарындасы.

Үш жүздің 1710 жылы Қарақұмдағы өткен халық құрылтайына, 1723 жылы Талас өзені бойында жоңғарлармен болған шайқасқа, сондай-ақ Бұланты - Білеуті шайқастарына қатысып, қыпшақ қолын бастаған. Бұланты шайқасында Тілеулі батыр жоңғар батырымен жекпе-жекке шығып, оны найзамен түйреп өлтіреді. Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Тілеулі батыр Әбдірахманұлы Ор өзенінің бойында жорықта жүргенінде қайтыс болады. Өзінің қайтыс болар алдындағы өсиеті бойынша сүйегі қандыкөйлек досы Тама Есет батырдың жанына жерленеді. Ол қазіргі Ақтөбе қаласынан 18 шақырым қашықтықтағы Бестамақ елді мекені маңында екен.

Қазіргі күні Тілеулі батыр ұрпақтары 22 ру болып, 10 мың адамға жеткен деседі. Келіншегім сол кісілердің ұрпағы, сондықтан да жоғарыда айтқандай құлағым елең етіп, балаларымның ұлы нағашылары туралы білмекке ынтам да артқан еді!

Мақала авторы – Амандық Әмірхамзин, фотоға түсірген Чингис Лепсибаев

0
0
4262

Тбилиси за 48 Часов Что Посмотреть?

В этом видео мы посетили много интересных мест в Тбилиси. На фуникулере поднялись на гору, чтобы посмотреть древнюю крепость Нарикала, а обратно пешком дошли до города, по пути заходили в церкви, а также посетили музей советской оккупации. Были в развлекательном пространстве модном в Тбилиси. Нашли мороженое со вкусом вина и еще много чего встретилось на нашем пути.

1
0
7105

ПУТЕШЕСТВИЕ за 3 МОРЯ

Самолёт набрал высоту и взял курс на запад. Под крылом проплыли 3 моря: Аральское (то, что от него осталось), Каспийское и Чёрное. В XV веке Афанасий Никитин своё «Хожение за 3 моря» (Каспийское, Индийское и Черное) совершил за 6 лет, а в XXI веке летание за 3 моря совершается за 6 часов. Итак, воздушный airbus приземлился в Подгорице (бывший Титоград) – столице страны на восточном берегу четвёртого – Адриатического моря, а наземный autobus доставил до побережья. Горные серпантины Ядранского пути (Адриатического тракта) привели в Будву – маленький городок, утопающий в красных и белых олеандрах, место пляжного отдыха и центр окрестной Будванской ривьеры.

Во времена Афанасия Никитина венецианцы – тогдашние грозные владыки Средиземноморья, плавая по Адриатике и видя на восточном берегу чернеющие вдали горы, назвали эту землю «montagne nero» - Montenegro. Местные жители, переведя с итальянского на славянский, называют Crne Gore. А казахи на месте венецианцев назвали бы Каратау. Венецианское название господствовало в регионе с XII века, обозначалось на всех картах и стало, между прочим, международным (на автомобильных номерах аббревиатура страны – MNE).

Как оказалось, страна проводит политику «открытых дверей», и уже несколько лет в Подгорицу летают прямые рейсы из Алматы и Астаны. Безвизовый режим, изумрудное Адриатическое море, почти европейская зона «евро» привлекает туристов из всего СНГ. Будванская ривьера стала вполне обжитым морским курортом для казахов, россиян, украинцев, белорусов, азербайджанцев, армян, также, как нефритовый Сиамский залив и тайская Паттайа – для китайцев и сибиряков.

День приезда 13 июля оказался государственным праздником – Днём Державности Crne Gore, и мы попали с воздушного корабля на земной бал. Форма одежды – парадная – шорты и майка. На 3 праздничных дня сами монтенегры со всей страны заполонили Будву. На набережной толпы народа; мимо проходят длинноногие, грудастые монтенегритянки, блестя золотистым загаром; все магазины закрыты, все пляжи забиты. А вечером на площади перед Старым городом на построенной сцене играет инструментальный оркестр моряков.

Ах, как любят местные жители различные интригующие надписи. В горном массиве Дурмитор к толстой высыхающей сосне прибили табличку «Izdavanie sanasa/Древнейшая сосна». В кафе «Stella» – надписи на этикетках чайных пакетиков на инглише, например, в переводе: «чай для тела, как музыка для души». При выходе на пляж, на стене ночного клуба написано: «Life is one big party, enjoy in every minute of it». Убедительно для недолгого пляжного отдыха!

И вот, вечером 14 июля началась big party финала Евро 24 по футболу. Все кафе и бары с телеэкранами забиты туристами. Еле нашёлся столик в кафе «Тате». С трёх сторон – три огромных ТV-экрана, бегают парни-официанты в тельняшках; за столами – основной состав команды туристов Будванской ривьеры: Россия – Казахстан – Азербайджан – Монтенегро (Украина – в запасе). Впереди сидят три девушки и спикают на инглише (но явно не англичанки), слева – русская пара, справа – азербайджанская, вокруг ходят мужики и громко комментируют на черногорском. И все болеют за испанскую «la Furia roja» против английской «Three lions».

«Белые» отчаянно, но безнадежно сопротивлялись, и «Красные», как всегда, победили. Недаром же в песне поётся:

Ведь от тайги до британских морей

«Красная фурия» всех сильней!

Следующие party были экскурсионные. Вообще, страна – микроскопическая, размером 200х200 км, и её можно объехать за один световой день. Экскурсия «Гранд-тур по Черногории» так и рассчитана – через города Подгорица, Никшич и Жабляк в Национальный парк Дурмитор, в горную православную церковь, на Черное озеро, на реку Тара. Молодой водитель миниавтобуса Мирко и пожилой гид Зоран повезли нас по горным серпантинам, по долинам и по взгорьям. Оказывается, Черное озеро – тёмно-зелёного цвета; Тара – самая чистая река Европы, текущая в самом глубоком каньоне (вторым в мире по глубине после американского Гранд каньона). Возле красивого моста Джурджевича через реку перекинута канатка «Zip Line», и за 30€ можно съехать по ней на другой берег, что я и сделал. Но честно признаться, ни восторга, ни страха не ощутил – как будто проехался на трамвае одну остановку.

Гид Зоран, рассказывая про страну, уверяет, что это местные славяне назвали страну Черногорией по горам, покрытым соснами и елями. Хотя в окружающей природе не видно ни намёка на черный цвет. Обычные вершины, покрытые широколиственным и хвойным лесом, скалы, сложенные из светло-серого камня, домики, крытые оранжевой черепицей, зелёные долины и серебристые озера. Такие же горы, покрытые такими же лесами, есть в Северном Казахстане и в Северной Америке. Казахи называют их Кокшетау, а американцы – Blue mountain (ничего чёрного, кроме чёрного аппалачского медведя там нет); а по-русски это Синегорье. Хотя в Казахстане есть хребет Каратау, но там другое; там вершины без растительности, а сами горы не кажутся, а являются чёрными, потому что сложены в основном из натурально-чёрного камня.

Название страны венецианцами Зоран назвал красивой легендой. Скорее наоборот. Горные вершины, покрытые лесами, издалека, с моря кажутся как раз чёрными (по законам оптики, потому что зелёная листва поглощает солнечный свет). А вот утверждения о самоназвании – это патриотическая легенда, утешающая самолюбие народа, бывшего то под византийским, то под венецианским, то под турецким, то под австрийским, то под сербским господством. Недаром в стране два национальных праздника Независимости. Первый – День Державности (независимость от Османской империи с 1878-го); второй – День Независимости (независимость от Сербии с 2006-го). А "Сerne gore" - это калька с итальянского «montagne nero».

Кроме географических достопримечательностей нельзя не упомянуть о кулинарных. Конечно, на морском побережье главная съедобная достопримечательность – морепродукты. Хотя я предпочитаю казы и стейки, приятно удивила рыба сибас – sea bass – морской окунь. Мясо без костей, нежное и сочное; ни сазан, ни судак, ни даже форель рядом не стояли. Другим деликатесом Адриатики считаются устрицы, Недаром Казанова на закате карьеры в Большом Сексе съедал их по несколько дюжин. А сейчас туристы-гурманы специально ездят на устричные фермы в Хорватию или Черногорию, чтобы поесть свежих камениц – oysters, запивая

шампанским.

Я хоть и не Казанова, но на склоне лет поневоле задумаешься, что неплохо бы проверить этот природный афродизиак. Но в Будве даже в ресторанах деликатес почему-то не предлагают. Устричная party случилась благодаря теннису.

Подруга, увидев расположенные вдоль Ядранского Пути теннисные корты, а также награждение победителей Уимблдона по телевизору, вознамерилась стать теннисисткой, два дня по утрам водила махать ракетками, и даже арендовала русскоязычного тренера. И вот, после тренировки, слово за слово, в пылу расспросов и шуток оказалось, что тренер Роман через пару дней сам едет на устричную ферму. Я облизнулся и посмотрел на него, как собака на хозяина. Роман рассмеялся и любезно предложил взять с собой за компанию.

В назначенный день он посадил нас и своего друга Илью в красную «киа-picanto», и мы рванули к Которскому заливу. Это недалеко – около 30 км от Будвы.

Роман из Москвы, Илья из Петербурга. Несколько лет назад (ещё до войны) их родители купили каждому по квартире в Будве. С тех пор они живут и не тужат вдали от российских реалий. Роман – теннисист и чемпион Будванской ривьеры. Каждый день по утрам и вечерам, когда нет жары, за 20€/час даёт уроки правильного махания ракеткой. Илья ­– ITшник и работает из дома на удалёнке. Нормальные парни-релоканты, приятно было пообщаться (чей Крым спрашивать не стал – мы все-таки в гостях).

А вот и устричная ферма. Сидим под деревянным навесом, на деревянной лавке, за деревянным столом с видом на Которский залив и наслаждаемся every minute of it, как было сказано выше. А к тому же и свежими устрицами – 3€ за штуку. Подруга подначивает:

– Ал, давай, давай.

Илья осаживает:

– Я съедал десяток, но ничего не почувствовал.

Анекдот в тему: Мать советует дочери перед брачной ночью:
– Если ты хочешь запомнить эту ночь на всю жизнь, угости своего мужа накануне десятью устрицами.
На следующий день она застает дочь в слезах.
– Что случилось? Он не стал есть устриц?
– Съел все десять!

– Так в чём же дело?

– Из десяти сработали только четыре...

Как известно, эксперимент – критерий истины. Выдавливаю на ещё живого моллюска дольку лимона, он/она съеживается и пищит, но я безжалостно запихиваю в рот и глотаю... Уфф, хорошо, что жемчужины не было! И шампанского не было. Проглотил 5 штук, запивая местным пивом «Никшич». Интересно, сколько из них сработает?..

На обратном пути заехали в город Котор. Старый город за высокими крепостными стенами полон итальянского шарма. По словам Ильи, старые Котор и Будва – маленькие Венеции. Действительно, узкие мощённые камнем улочки (в Будве шириной в один метр, в Которе чуть пошире), бельевые веревки между окнами, площадь с колокольней XII века (в Будве VII века), толпы туристов, итальянское кафе с итальянским десертом. Парни взяли кофе латте, а я по привычке взял чай и опять был приятно удивлён. Принесли высокий стеклянный бокал с двойными стенками, с ситечком внутри и крышкой; и сам чай – настоящий, листовой, красный, терпкий, «как музыка для души». Не чай, а напиток богов!

А вечером чувствую – началось. Начался процесс синтеза тестостерона из устричного белка. Сработала первая... потом вторая... Ну, подруга, погоди…

0
0
1895

Топовый ресторан морепродуктов в Нячанге. Вьетнам

ЛУЧШИЙ ресторан морепродуктов в Нячанге. Вьетнам. В этом видео мы рассказали о лучшем ресторане в Нячанге, где мы впервые попробовали - крокодила, питона, лягушку и многое другое. В ресторане хорошее обслуживание и приветливый персонал, а цены в ресторане не могут не радовать, практически даром

2
0
2164

Остров обезьян в Нячанге. Обезьяны нападают на людей. часть 2

В этом видео мы показали остров обезьян. На этом острове можно не только погулять среди макак, но и покупаться в чистой воде, хорошо провести время на лежаках. Остров обезьян небольшой, но очень красивый.

вот

1
0
2107

Одна из лучших экскурсий часть 2

В этом видео мы посетили музей жертв войны во Вьетнаме в городе Хошимин. Музей представляет много фотографии и дает много информации. Наш гид рассказал интересные факты о войне. Эта экскурсия для тех, кто интересуется и любит узнавать что-то новое.


0
0
1397

Қорғалжын қорығына саяхат

undefined

Астанадан 130 шақырым қашықтықтағы Қорғалжын қорығына барып, оның бірегей фаунасы мен флорасын көргіңіз келсе, онда біздің топқа қосылуыңызға болады.
Қысқаша айтқанда, 2024 жылғы 20 шілде күні Қорғалжынға бір күндік тур ұйымдастырамыз.
1968 жылы негізі қаланған Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО Әлемдік Табиғи Мұра тізіміне енгізілген. Қорғалжын - Қазақстандағы жарты миллионнан астам гектарды алып жатқан қорық аймағы. Мұнда үш жүз елуден астам жабайы жануарлар мен құстар өмір сүреді.
Қорық аумағынан талай жабайы аң-құстарды кездестіретінімізге сенімдімін. Қысқаша айтқанда, көп естігеннен бір көрген артық!
Тур бағдарламасы:
• 8:00 "Каскад" БО жанында жиналу
• 8:30 Экскурсияға шығу
• 10:30 Сапар орталығына бару
• 12:00 Қорық аумағы бойынша көлікте экскурсия жасау
• 13:00 Табиғат аясында өзіңізбен бірге түскі ас
• 17:00 Қалаға оралу
• 20:00 "Каскад" БО қайтып келу.
Тур туралы ақпарат:
Турдың ұзақтығы: 8:00 - 20:00 сағат аралығы
Топ мөлшері: 4 - 6 турист + 1 жүргізуші + 1 ұйымдастырушы + 1 жергілікті гид (қорық қызметкері)
Маршруттың ұзақтығы: 340-380 км
Өзіңізбен бірге ыңғайлы киім мен аяқ киім, бас киім, күннен қорғанатын көзілдірік, жеңіл күртеше және күн сәулесі мен жәндіктерден қорғанатын крем алу керек.
Тур бағасы: келісім бойынша.
Тур бағасына мыналар кіреді:
• көлік – 10 орындық ыңғайлы машина;
• гид қызметі;
• бинокль (1 дана);
• қорықтың сапар орталығына экскурсия;
• жеңіл түскі ас;
• қорық аумағына кіру.
Бағдарламада аздаған өзгерістер болуы мүмкін.
Тел/ватцапп: +77016273081


0
0
1024

Самый полный обзор торговых центров в Нячанге. Вьетнам

В этом видео мы показали бренды, которые представлены в городе Нячанг во Вьетнаме. Сориентировали по ценам на разные товары и услуги. Рассказали о хороших заведениях в Нячанге, где можно вкусно поесть и провести время. Показали каким может быть досуг у детей на отдыхе в Нячанге.


1
0
760