АДАМНАН АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР
Алаңқайдан әрі тағы да орман танабы басталды, олар алдыңғыдай иттерді бұрын жіберіп ап, сүрлеумен жүріп отырды. Кенет орман ішінен иттердің шабалана кеп үрген үні шықты. Мылтығын оңтайлап жетіп келген жиһанкездер, шамасы, шөлдеп көлге беттеген жерінен иттер тоқтатқан бір үйір жылқыны көрді. Иттер құйрығын қысып ап ызыға үреді кеп, ал жылқылар жолын бөгеген құйтақандай батыл немелерге таңырқап шекеден қарайды. Тұяғымен жер тарпып осқырғанымен де олардың ілгері жылжуға батылы бармайды. – Енді не істейміз? Жол жабық, – деп күйгелектенді Костяков. – Атуға тура келеді, – деп дік етті Горохов. – Оқпен атпаңдар тек! – деп жалынды Горюнов. Ет әзір жетеді. Мыналардың тұрған тұрысы жаман, жараланса-ақ, айғыры бізге тұра ұмтылып, қалған табын таптап кетеді. Үйрекке деген бытырамен бер жағындағыларын…
