МЕНІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН МЕКТЕПТЕР
Шіркін-ай, әрбір адамның көңілінде бір асқақ қиял жатады емес пе керіліп! Баяғы бала күнімде мен де осы Астана сияқты зәулім шаһардағы дарынды балаларға арналған үлке-е-н мектепте оқысам ғой деп армандаушы едім. Кейде тіпті, қиялымдағы сол бір ғажап мектеп түсіме енетін. Үстімде су жаңа ақ көйлек, қара костюм, қолымда портфель, биік баспалдақпен жүгіре басып, жоғары қарай өрлеп бара жатамын. Қарсы алдымдағы үш қабатты мектеп маған есігін айқара ашып, қуана қарсы алады… Қазір ойлаймын, адам баласының көңілінде бүр жарып, гүлдейтін әрбір арман-қиялдың да әу баста пайда болатын, нәр алатын өзіндік бір себептері болады емес пе. Иә-ә!.. Мен шетсіз, шексіз шөлейт даланың қойнауында жатқан алыс ауылдардағы мектептерде оқыдым. Араға жыл салып, кейде тіпті, ай салып басқа мектепке ауысып кете бере…
