Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАРНАМАЛАЙ ЖАР САЛУ ЖЕТКІЗЕР МЕ МҰРАТҚА?

1 130513231113508 ЖАРНАМАЛАЙ ЖАР САЛУ ЖЕТКІЗЕР МЕ МҰРАТҚА?

БИЫЛҒЫ ЖАЗ ОРТАСЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРТУАР ПЕРЗЕНТІ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛҒАН «ӘНІМ СЕН ЕДІҢ» КОНЦЕРТІ ӨТКЕН ЕДІ. ОҒАН БЕЛГІЛІ ӘНШІЛЕРМЕН ҚАТАР КОМПОЗИТОРДЫҢ ҰЛЫ МҰХТАР ДА ҚАТЫСЫП, ӘКЕСІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ КӨҢІЛІНЕ ТҮЙГЕНДЕРІН АҚТАРЫП САЛДЫ. АЛАЙДА, КЕЙБІР ОЙЛАРЫ ҚИСЫНСЫЗДЫҒЫМЕН БІЗДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ. ШӘМШІ ӨЗ ӘНДЕРІНЕ БИІК ТАЛҒАММЕН ҚАРАП, СӨЗ БЕН САЗ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН НАЗАРЫНДА ҰСТАДЫ. СОЛ МАҚСАТПЕН ӘН МӘТІНДЕРІН КІМГЕ БОЛСА СОҒАН ЖАЗДЫРМАЙ, МЫҚТЫ АҚЫНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕДІ. ЖӘНЕ ҚАЙ ӘНГЕ ҚАЙ АҚЫН СӨЗ ЖАЗУ КЕРЕКТІГІН ҚАПЫСЫЗ ТАНЫП ОТЫРДЫ. СӨЙТІП, ХАЛҚЫ, ҮЛКЕН-КІШІСІНЕ ҚАРАМАЙ СҮЙІП ТЫҢДАЙТЫН ӨМІРШЕҢ ТУЫНДЫЛАРДЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ.


ШӘМШІ «ПИАРДЫ» ОЙЛАДЫ МА?

Ал, оның баласы Мұхтар мүлде жаңа көзқарас ұсынады. «Әкем ақындарды шығармашылығына тартқанда тудырған музыкасын насихаттасын деген мақсатты көздеді. Себебі, музыканттардың арасында да бәсеке бар. Мәселен, музыкант партияда болмаса, жарты күн партиялық жиналыстарда отырмаса,  оның адымы ашылмай қалатын. Әкем радиода музыкалық редактор болып жұмыс істеді. Сондықтан, оны халыққа, негізінен, радио танытты. Пысықтар немесе телеарнада тамыр-таныстары бар адамдар ғана оған шығуға мүмкіндік алатын. Мен әкеме: «Әке, телеарна көбелектер мен неше түрлі қоңыздарға дейін түсіре бастады. Сені құрығанда суретке түсірмейді ме?» деп айтатынмын. Ал, әкем ақындарға сүйеніп, олар мені жүрген жерлерінде насихаттайды деп сенді». Бұл – Мұхтар Қалдаяқовтың өз сөзі. Осыған қарап, «Шәмші пиарды ойлады ма?» деген сұрақ туындайды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
518

Еще по теме

ЖАРНАМАЛАЙ ЖАР САЛУ ЖЕТКІЗЕР МЕ МҰРАТҚА? - Yvision.kz