Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДҮЙIМ ҚАЗАҚ ПАРИЖДІ ТАМСАНДЫРДЫ


ӨТКЕН ЖЕКСЕНБІДЕ АСТАНАНЫҢ ПАРИЖДЕГІ КҮНДЕРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ. БҰЛ, ШЫН МӘНІНДЕ, ЕКІ ЕЛ, ҚОС АСТАНА АРАСЫН ЕТЕНЕ ЖАҚЫНДАСТЫРҒАН, МӘДЕНИ ҺӘМ РУХАНИ ТІРШІЛІК-ТЫНЫСЫНА ТЫҢ СЕРПІН БІТІРІП, АЙШЫҚТЫ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН УАҚИҒАҒА АЙНАЛҒАНЫ СӨЗСІЗ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФРАНЦИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ НҰРЛАН ДӘНЕНОВ АЙТҚАНДАЙ, ПАРИЖ ТӨРІНДЕ БІЗДІҢ МӘДЕНИЕТІМІЗ, РУХАНИ ҚАЙНАРЛАРЫМЫЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМІЗ ТҰҢҒЫШ РЕТ КЕҢ АУҚЫМДА ӘРІ БАРША СӘН-САЛТАНАТЫМЕН КӨРСЕТІЛДІ, ОСЫНЫҢ ӨЗІ-АҚ ЕКІ ЖАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ТАРИХЫНДАҒЫ АЛТЫН ПАРАҚ, ЖАРҚЫН БЕТТЕРІНІҢ БІРІ БОЛЫП ҚАЛАРЫ КӘМІЛ.

Көне Париждің қақ ортасында, атақты Луврдың дәл алдында орналасқан «Қазақ ауылы» экспозициясының тап осы күндері даңқы көше аралап кетті. Ынтызар жұртшылық – қисапсыз париждіктер мен әлемнің әр түпкірінен жиылған туристер ауыл шетіне аяқ басқаннан ауыздарын ашып, көздерін жұмумен болды. Пале Рояль алаңына жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер, толқындай тербетіп, көңілді көкке шапшытқан алтыбақан, тұрмыстық мүкәмалдар мен қолөнер бұйымдары артылған арбалар, көрерменнің көз алдында сірге шекіп, бұрау салған зергерлер, масатыдай құлпырған кілем-текеметтер, қазақтың меймандос пейілінің айғағындай аста-төк ұлттық тағам түрлері, аңқылдаған ән мен былқылдаған билер, беліне шоқпар байлап, қолына жалаң қылыш ұстаған еңселі жігіттер, қыр гүліндей үлбіреп, қырмызыдай жайқала ұлттық киім киген арулар, міне, осы көріністердің бәрі париж жұртшылығын тым шалғай түкпірдегі жұмбақ та сырбаз көшпелілер еліне алып барғандай ғаламат әсерге бөледі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
367

Еще по теме