Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘДЕБИЕТТІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ

Алматыда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық торқалы тойы болып өтті. Алқалы басқосу салтанатты түрде Әнұранмен ашылды.

Алғашқы сөзді ҚР Президент Әкім­шілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев алып, 80 жылдық мерей­тойдың ашылуымен құттықтады және Елбасы Н.Назарбаевтың той қонақ­тарына құттықтау хатын оқып берді. «Жазушылар одағы – еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық ұйым» деген Елбасы өз құттықтауында тәуелсіздікті түбегейлі етуде қалам­герлерге артылатын талап пен міндеттің зор екенін атап өткен.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаламгерлерді мерейлі мере­кесімен құттықтап, одақ жұмысына сәт-сапар тілей келе, жазушылардың қара шаңырағы орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге қалалық әкімшілік тарапынан биыл 40 миллион теңге бөлінгенін, алда да шығарма­шылық ұйымға мүмкіндігінше қамқор қолын созатынын жеткізді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
292

Еще по теме

ӘДЕБИЕТТІ САҚТАУ – ҰЛТТЫ САҚТАУ - Yvision.kz