БАҚ-ТАҒЫ СӨЙЛЕУ МЕН ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?
«Соңғы жылдары қазақ тілінде сөйлеу мен жазу мәдениеті бұзылды, бұған бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етіп отыр, әсіресе, телеарналардағы диалектілер мен варваризмдерден аяқ алып жүре алмайтын болдық». Астанада өткен «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбындағы дөңгелек үстелде жоғарыдағыдай пікір айтылды. Әрине, бұл пікірмен келіспегендер де табылды. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған отырыста осы қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалай көтереміз деген сұрақтың жауабы берілгендей болды. Біз бүгін аталған басқосуда сөз алған белгілі ғалымдар мен қаламгерлердің пікірлерін ұсынуды жөн көрдік. Сұлтан ОРАЗАЛИН, жазушы, қоғам қайраткері: – Қазақ тілі қажеттілік болса ғана өмір сүреді. Сондықтан бұған әр қазақ үлес қосуы керек. Мысалы, менің қолымнан келетіні, баламды…

