Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕНШІСІН АЛҒАН ЕРКІН ЕЛ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 СЕРИЯЛЫ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛМЕК

ЕНШІСІН АЛҒАН ЕРКІН ЕЛ

Биыл қазақ мемлекеттілігінің бастауы – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Астана қаласы активімен 22 қазандағы кездесуінде осы айтулы мерейтойдың республика деңгейінде тойланатынын мәлімдегенде, күллі қазақ қуанған болатын.Өйткені кеңестік қыспақ кезінде Керей мен Жәнібек хандар іргесін қалаған Қазақ хандығының 500 жылдығын тойлау туралы бастама көтере алмадық. Тәуелсіздік таңы атқан соң тарихымыздың асығы түгенделіп, Қазақ елінің өткенін сан-саққа жүгіртіп жүргендер сабасына түсті.Елбасымыз Қазақ хандығының 550 жылдығын жоғары дәрежеде атап өтуге айрықша көңіл бөліп, Мәдениет және спорт министрлігіне тиісті тапсырмалар берген бола­тын. Үкімет отырысының қо­ры­­тындысы бойынша ҚР През­и­ден­ті жанындағы Орталық комму­ни­кациялар қызметінде өткен брифингте ведомоство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ өкілдерін мерейтой аясында ұйым­дастырылатын шаралар кешенімен таныстырды.

Қазақ хандығының 550 жыл­дығын тойлау – атүсті қабылданған ше­шім емес, биліктің ұзақ жылдар бойы жүргізілген жоспарлы да тиянақты жұмысының нәтижесі. Бұған Елбасының 2010 жылдың маусымында Астанадағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші ашыларда сөйлеген сөзі дәлел. Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз елордамыздың төрінде ұлысымызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткішін ашып отырмыз. Бұл тұғырлы тарихымызға, біздің елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекетімізге арналған мәңгілік белгі. Баршаңыз білесіздер, Керей мен Жәнібек хандар қасиетті Қозыбасы жерінде Қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қағады. Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың арасында бой көтерген қазақ ордасы уақыт өте келе ұлан-ғайыр далаға иелік етті. Түптеп келгенде Керей мен Жәнібек тұсында тарих сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағынаны береді. Бабаларымыздың ұлыстың атына таңған азаттық аңсарын ақиқатқа айналдыру біздің ұрпақтың маңдайына жазылыпты», – деген болатын. Яғни, бұл мерейтой – тарихи сананы жаңғырту, елдік дәстүрдің терең екендігін бұқараға сезіндіру мақсатында жасалған кешенді жоспардың бір бөлшегі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
1129

Еще по теме