Рухани кемелдену
Адам дүниеге келген уақыттан бері сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырайды екен. Оны біз ерте немесе кеш байқауымыз мүмкін. Ерте ме кеш пе маңызды емес, бастысы сол өзгерістерді байқау. Былтырдан бері өзімді іздеу үстіндемін. Қай кезде, қай уақытта өзімді жоғалтып үлгергенімді білмеймін. Бәлкім бала күнімде болар, мүмкін мектеп табалдырығын аттаған соң ба, әлде жоғары білім ордасында ма? Бұл сұрақтың жауабын санамнан талай рет іздеуге әрекеттенсем де, ойға қонымды жауапты тапқан жоқпын. Кейін сұрақты бір жаққа ысырып қойып, жоғалған өзімді іздеуге кірістім. Алғашқы қадамдардың бірі - өзімді сырт көзбен зерттеу болды. Талдадым, зерттедім, бағаладым. Жасап жатқан істерімді, мінез-құлқымды, айналамдағы адамдарға деген қарым-қатынасымды, өмірге деген көзқарасымды терең сарала…